Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Бұл менiң сөздерiме жасалған «құрметтi айдау» есептi болуға керек»,–



бет28/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

«Бұл менiң сөздерiме жасалған «құрметтi айдау» есептi болуға керек»,– деп күдiктенуi орынды.

Оның бұл ойлағаны дәл келдi. «Қараш–Қараш оқиғасы» мен «Қилы заманның», «Хан Кененiң» қолжазбасы қолына түсiсiмен Ғаббас Тоғжанов оны жарыққа шығарудың орынына, керiсiнше, бесiгiнде тұншықтыруға ұмтылды. Қалайда Голощекиннiң көзiне түсу үшiн сол кезеңдегi «шала пiскен идеологтар» өзiнiң мақалаларын жаппай орыс тiлiнде жазып, «Советская степь» газетiне жариялауға құлшынды. Дәл осындай «сыбағаны» Ғаббас Тоғжанов сонау Ленинградта жатқан Мұхтарға да тартты. Ол Мұхтарды Қазақстанға келтiрмеу үшiн, қайтып саяси-мәдени сахнаға шығармай, жолын кесiп тастау үшiн алдын-ала байбалам салып, үкiмiн шығарып қойды. «Алаш iсiн» алдыға тарта отырып, Ғаббас Тоғжанов баспасөз арқылы Мұхтарды ресми түрде халық жауы деп жариялады. Ол:



«Осыдан бiраз ғана 3-4 жыл бұрын – бiздiң ұлтшылдарымыз: өнер, оның iшiнде әдебиет – саясатқа бағынбайды; олар: бізді саясат, таптық тар мүдде қызықтырмайды, қазақ әдебиетi өзiнiң алдына таптық мүддеден жоғары жалпы ұлттық мүдденi мiндет етiп қояды – деп даурыққан болатын. Қазақ ұлтшылдарының жас идеологтары – Әуезов, Т.Ысқақов, Аймауытов және олардың компаниялары осылай деп жазды. Ал, Сәдуақасов болса бiздiң кеңестiк әдебиетiмiздi ұлтшылдарсыз – Әуезовсiз, Аймауытовсыз және Кемеңгеровсiз көз алдына елестете алмайды. Оның ойынша, ұлтшыл-жазушылар ұлтаралық тақырыпта қазақ еңбекшiлерiнiң тiлегiн қанағаттандыратын пайдалы шығармалар жазуы әбден мүмкiн екен. Мұнымен де қанағаттанбай, ол бiздiң ұлтшыл идеологиядағы ақын Мағжан Жұмабаевтi – әйгiлi ұлтшылды, бiр кездегi контрреволюцияшылды әшкерелеуiмiзге де қарсы»,– деп жазды.

Әрине, бұл достықтан туған «игi тiлек» емес. Ал адамгершiлiк тұрғыдан алғанда сатқындық едi. Өзiне сенiп тапсырған қолжазбаны ешқандай ресмилiктi сақтамай құрбандыққа шалуы – заң бойынша қызмет бабын жеке басының мүддесi үшiн, кек алуға пайдаланды деген айып тағылуға тиiстi азаматтық қылмыс едi. Алайда, азаматтықтың өзiн «тап күрескерi», «жазалаушы» деп түсiнген ақ жүректерге ешқандай заң жүрмейтiн. Оның үстiне дәл осы кезде Жүсiпбек Аймауытовтың «Ақбiлек», Мұхтар Әуезовтiң «Қилы заман», «Хан Кене» iспеттi отарлау саясатын әшкерлеген әлемдiк көркем ой деңгейiнде жазылған шығармалары дүниеге келiп едi. Мұндай әсерi мол қуатты туындылар кеңесшiл, тапшыл идеологтардың төбе шашын тiк тұрғызды. Олар үшiн ең қауiптi «қылмыс» осы болатын.

Ұлттық мүдде – олар үшiн жат, ең жеккөрiнiштi ұғым едi. Ал, Мұхтар мен Смағұлды бұл кезде мүлдем басқа мәселе алаңдатып жүр едi. Смағұл оқу-ағарту халық комиссары қызметiнен босатылып, оның да тағдыры белгiсiз болып тұрған сәт едi. Алайда ашық күрестен тайсақтамайтын отты азамат қызмет уайымының бәрiн ысырып тастап, мақсатты жұмысын атқара бердi. Ол барлық жазушыларға, оның iшiнде Жүсiпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовке өмiрбаяндық, шығармашылық мәселелерге қатысты бiрнеше сұрақтар жiберiп, соған сүйене отырып алғы сөз жазып, олардың шығармаларын Мәскеуде орыс тiлiнде шығарды. Сол кезде жолдаған анкеталар қазiр М.Әуезовтің мұражайында сақтаулы. Ал Мұхтардың жоғарыдағы хатына мынадай жауап жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет