Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Ж.Әуезов өзінің өткендегі кінәсін соңғы 7,5 жылдың ішіндегі кеңес жазушысы ретіндегі қоғамдық пайдалы қызметімен толық жойды



бет94/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   273
Ж.Әуезов өзінің өткендегі кінәсін соңғы 7,5 жылдың ішіндегі кеңес жазушысы ретіндегі қоғамдық пайдалы қызметімен толық жойды.

Жоғарыдағыны ескере келіп Қазақстан Жазушылар Одағының төралқасы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің президиумынан Мұхтар Әуезовтің «сотталғаны» туралы айыбын алып тастау туралы ұсыныс жасайды.

Қазақстан Жазушылар Одағының төралқасының хатшысы – Ә.Тәжібаев »,– деп М.Әуезовтің өтінішіне қоса ілеспе хат жолдады.

Сонымен қатар 1939 жылы 13 тамыз күні Ішкі істер комиссариатына:



«1938 жылы 3 тамыз күні №129 қатынаспен жолданған ... Мұхтар Әуезовтің өтінішіне орай беретін жауаптарыңызды тездетуді сұраймыз»,– деп сұрау салған.

Бұл жолы да бұл мәселе кейінге ысырылған. Осы жылдары Мұхтар Әуезов пен Әбділда Тәжібаевтің арасындағы түсіністік барынша қалыптанып, бір арнаға тоғысып, «Ақ қайың» атты пьесаны бірлесе жазуға алып келген. Араға төрт ай салып барып яғни, 1940 жылы 20-қаңтарда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы Т.Тәжібаев (мәтінде Ә.Тәжібаев деп қате кеткен. Сірә, Төлеген Тәжібаев шығар, өйткені ақын Ә.Тәжібаев ондай лауазымды қызметті атқармаған) Қаз ССР ішкі істер Халық Комиссариатының орынбасары жолд. Чирковқа:



«Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының президиумынынан жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтен «сотталған» деген айыпты алу туралы ұсыныстың келіп түсуіне байланысты біздің сіздерге қарата 3/ҮІІ-38 ж. жолдаған №129 және 13/ХІІ-39 ж. жолдаған №273 сұрауымызға әлі ешқандай жауап қайырылмағандықтан да, тездетіп жауап берулеріңізді өтінеміз»,– деген қатынас жіберген.

Мемлекеттік биліктің ынта көрсетуі орынды болатын. Өйткені «Абай» спектаклі аса жоғары деңгейде өтті. «Абай» романының бірінші кітабі жазылып бітті. Мұхтар Әуезовтің есімі бүкіл одақ деңгейінде танылып, беделі көтерілді. Ал оны «сотталған» жазушы ретінде таныстыруға ешкімнің батылы бармайтын. Сондай-ақ тиесілі атақ-абырой да бұйырмайтын, сайлау және сайлану құқы да жоқ, сол тұстағы бір қушыкеш тауып айтқандай, «мүсәпір жазушы» болатын. «Абай» спектаклінің абыройымен қанаттанған Мұхтар Әуезов енді бұрынғыдай тартыншақтамай, қаламын батыра қайыра өтініш жазды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет