Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сәске әлетінде Сәбит звондады. Сөздері естіліп тұр



бет97/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Сәске әлетінде Сәбит звондады. Сөздері естіліп тұр.

Әй, Мұхтар сәлеметсің бе? Әлгі Қайым сенің үйіңде ме? Берші трубканы,– деді. Алдым. Бірден дүрсе қоя берді – Менің үйім тұрғанда онда нең бар. Сен маған туыс емессің бе. Нақ ат басын тірейтін отауың. Керей-уақ қашан бөлініп еді. Қалжың ғой. Тез жет. Ет асулы, дайын.



Мен Сәбиттің саңқылдаған дауысын естіп тұрған Мұхтардан ұялдым.

Қонаққа шақырды ма? Бар. Ұят болады. Бірақ түскен, жатқан үйіңді ұмытпа. Қай уақытта, түн ортасы болса да кел. Қонып жүр,– деді.



Шындығына көшкенде, екі сыйлы адамның қас-қабақтары маған онша ұнамады. Араздыққа, бақ-таластыққа қимадым. Қазақтың қарабайыр қалжыңына жатқыздым. Сәбең құшақ жайып қарсы алды. Арғы-бергі жайдан әңгіме-дүкен құрдық. Талай естеліктер шертілді. Мағжан ақынның өзін тәрбиелегенін, Орынборда шанаға ақ боз ат жегіп, көшірі болғанын, «Алтын мүйіз» ресторанының алдында ұзақ тұратынын, өзінің оған қарыздарлығын айтты. Абайдың тойына дайындыққа Мұхтармен бірлесе күш салғаны қозғалып, іле Мұхтардың өзіне ауысты. Жазушылығын асқақтата мақтап, өздерінің оған ілесе алмайтындығын мойындап: «Ол Абайдың тәлімінен нәр алған. Білім уызын жасынан қанып ішкен» дей келіп, күдікті бір жайды суыртпақтады. Екі алып та қазір жоқ. Алайда қалжыңға сүйесе де Сәбеңнің сол сөзі шындығында да, реніш тудырарлықтай еді. Жастығым – мастығым емес пе: «Сен Мұхтардың өзіне айтшы, ол қуанып қалады. Айта алмай жүр ұялып. Ол – Абайдың бел баласы»,– дегенін малданып, түнгі үште Мұхтардың үйінің есігін қақтым. Өзі ашты. Қуанып:

Е, бәсе, келер деп күтіп ем және мына тарауды үш рет жазып шығара алмап ем. Жаңа ғана сәті түсіп, қыбын таптым (Ол Абайдың жас өлім туралы күйінетін тұсы). Жүр. Кімге оқырымды білмей отыр едім,– деп кабинетіне бастады.



Сұрағымды таңға қалдырып, романның тарауын тыңдадым. Аяқ алысы кең, сөзі ірі, «Ақбілек» атты ертеде оқыған бір шығарманың жазылу мәнерін еске салады. Содан таңертең дастарқан жайылып, ортаға самауыр қойылды. Ептеп бой жылытып, тершіп алдым. Лекцияға кетуге ыңғайланғанда:

Мұха, сізде сүйіншіге лайық қуаныш бар екен. Бұрын білмеппін. Сіз Абайдың бел баласы екенсіз ғой,– деп салғаным.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет