Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Осыларға қоса мен қазақ әдебиетінің тарихы туралы тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін



бет96/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Осыларға қоса мен қазақ әдебиетінің тарихы туралы тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін.

Жоғарыда көрсетілген өзімнің қоғамға пайдалы игі істерімді атап өте келе, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумынан – менің азаматтық арыма түскен қара дақ болған «Сотталған» деген айыпты алып тастауларыңызды өтінемін.

М.Әуезов. 1941 ж., 21 қаңтар.

Ескерту: менен сотталғаным туралы айыпты алып тастау туралы Жазушылар Одағының бірінші ұсынысы мен мінездемесі және 1932 жылы шартты түрде кесілген үкімнің анықтамасы ҚССР Жоғарғы Кеңесінің «Кешірім жасау» бөлімінде жатыр».

Алғашқы өтініштей емес, бұл жолғы арыздың астарында салмақ бар. Сөйлемдері де, дәлелдері де нық. Жоғарғы Кеңестің сұратуымен 1941 жылы 19-ақпан күні Жазушылар одағы президиумының атынан Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев, А.Тоқмағамбетов, Е.Хасанов қол қойған мінездеме жолданады. Мұнда М.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны сыни тұрғыдан жинақтала бағаланғандықтан да қысқаша үзінді келтіреміз. Онда:



« Жолд. Мұхтар Әуезов – жазушы драматург, 1933 жылдан Қазақстан Кеңестік Жазушылар Одағының мүшесі. Осы уақытқа дейін жолд. Әуезов қаламынан көптеген шығармалар жазылып шықты, соның ішінде ерекше көрінетіндері мыналар:

1. 1916 жылғы көтеріліс туралы жазылған «Түнгі сарын» пьесасы. Мұндай тарихи оқиғаны автор кеңес жазушысының көзқарасымен бейнелейді және оны кемелденген суреткер ретінде үлкен шеберлікпен суреттеген.

2. «Шекарада», пьеса, 1937 жылы шекаралық аудандардың колхоздарындағы қастандық әрекеттерді әшкерелеу тақырыбына арналған. Ол академиялық театрда қойылды, кезінде үлкен табысқа ие болды.

3. «Абай», пьеса, жолд. Соболевпен бірігіп жазылған. Пьеса тек Қазақстанда ғана емес сонымен қатар Москваның камерлік театрында қойылуға дайындалып жатыр. Бұл шығарманың көркемдік құндылығы туралы орталық газеттерде тамаша пікірлер білдірілді («Известия» және «Лит.газета»).

4. «Абай», роман. Бұл романның бірінші кітабі (25 баспа табақ) аяқталып, баспа қабылдап алды. Роман, сөзсіз қазақ әдебиетіндегі, тек қана қазақ әдебиетінің емес, (кеңес әдебиетіндегі) көрнекті құбылыс болып табылады. Қазақтың ұлы ақыны Абай өмір сүріп, шығармаларын жазған ХІХ ғасырдың күрделі оқиғалары романда барлық қайшылығымен терең ашылған. Автор аса мол тарихи материалдарды еркін меңгерген және оқырмандардың назарын аударарлықтай көкейкесті шығарма боп шыққан...»,– деп «Абай» романына тұңғыш рет ресми баға берілген.

Бұдан кейін жазушының аударма, драматургия, театр, ғылыми зерттеу, фольклор, абайтану саласындағы еңбектеріне баға беріле келіп:



«Жазушылар Одағының тапсырмасымен әр түрлі тақырыпта баяндама жасайды, жас авторларға, әсіресе, драматургтарға кеңес береді. Қазір жолд. Әуезов кеңес интеллигенциясы туралы опера театрына арнап либретто жазу үстінде, қазіргі тақырыпқа арнап пьеса жазу үшін 6 айға Балқашқа іссапар сұрап жүр»,– деп қорытындылайды.

Бәрі де дұрыс пайымдалған. Бірақ кешірім тағы да жасалмады. Бұл кезде тұлғалардың өз араларына да сызат түсті. Сол сызатты БК(б)П Орталық комитетінің 1940 жылы 26 қыркүйегінде «Әдебиеттік сын және библиография» туралы қаулысы жарықшаққа айналдыруға итермеледі. Өйткені қаулының қарары бойынша олар өзара сынды «өрістетуге» міндетті еді. Тек Ғабит Мүсірепов қашанғы әдетінше екі жаққа кезек бұрылып қойып, екеуіне де ішін бермеді. Ә.Тәжібаев пен С.Мұқановтың арасынан «қара мысық өткелі» де бір неше жыл болған. Әсіресе, жас ақынның отыз сегізінші жылы «кәдімгі Сәбит Мұқановтың» өзін одақтан да, партиядан да шығарып, жария түрде «орынын басып қалуы» Сәбитті қатты түңілдірген еді. Енді ол Мұхтар Әуезовке ықтап, жазушылар арасында кәдімгідей қақпақыл топ құрды. Тараудың басында айтылған «үштік» іске қосылды.

Өйткені тыныштық – идеологиялық тыныштық кеңес өкіметіне жат болатын. Мұны екі идеологияны ұстаған тұлғалардың арасындағы «пәленше мен түгеншелер» араласқан:

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Әуреге қалма езбеден, –

деп Абай айтқан кәдімгі «езбе әурешілік» әрекет еді.

Жайылып кетпеу үшін бұл мәселеге келесі тарауда тоқталамыз.
5.
Қырды қиратып, орманды отап, аспанның да астан-кестенін шығарған дүлей дауыл басылғаннан кейін табиғатта өлі тыныштық орнайды. Сол сияқты отыз жеті мен отыз сегіздің қырыпсалды қысымынан соң қоғам да, адамдардың санасы да уақытша мамыражай тарта қалды. Елдің есін жия бастағаны ежелгі мұраны еске алып, оған байсалды пайыммен қарауға бет алғанынан аңғарылды. Сол тұста қазақ зиялылары, оның ішінде Мұхтар Әуезов Абайдың туғанына жүз, қайтыс болғанына қырық жыл толуын мемлекеттік дәрежеде атап өту жөнінде ұсыныс жасады. 1939 жылы 20-желтоқсанда Қазақ ССР Халық Комиссарлары кеңесінің арнайы қаулысы шықты. Бұл мерекелік шараға арнайы қаражат бөлінді. Халқымыздың рухани тарихындағы тұңғыш әдеби-мемориальдық мұражай 1940 жылы Семей қаласында құрылды. Бұл бұрын-соңды творчество қайраткерлеріне көрсетілмеген құрмет еді. Абайдың немере бауыры Әрхам Ысқақов мұражайдың меңгерушісі болып бекітілді. Ал оның ғылыми ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу үшін Мұхатар Әуезов Қайым Мұхамедхановты Алматыға шақырып, өзінің үйіне орналастырды. Мұхтардың үйдегі, түздегі өміріне, жалпы әдеби ортаның тынысына қанық Қайымның естелігі арқылы жазушының творчестволық толғанысы мен тіршілігі туралы мағлұматтарды тақырыбымызға орайластыра ұсынамыз.

Қайым Мұхамедханов: «Әлі есімде, қырқыншы жылы Мұхтар мені Алматыға шақыртып алды. Обкомға сол кездегі СССР Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесінің президенті Қаныш Сәтбаевтың атынан телеграмма жолдапты. Бұдан ілгерідегі «құралайдың салқыны» тұсында пединституттың студенттері атынан хат жазып, Сәбит Мұқановтың лекция оқуын өтінгеміз. Ол кісі қашан жағдайы түзелгенше Семейде болды...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет