Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Сонымен, осынша ұзақ хат жазғанда не дегім келіп отыр менім?



бет259/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   273
Байланысты:
Ұраным Алаш ТАЛҚЫ Т.Тұртбай 3 том

Сонымен, осынша ұзақ хат жазғанда не дегім келіп отыр менім?

Дегім келіп отырғаны: жеке беделге сиынбауымыз керек, кемшілігі бар шығарманы, кімдікі болса да сынауымыз керек. Әрине, «құлындағы сақау, құнандағы тісеуін» қазбай, әр шығармасының кемшілігін де, жетістігін де өз бойындағы материалға сүйеніп айту керек. Бұны істемей: «Анаған тимей-ақ қояйық, мынаны сынайық».– дегенге кім көнеді? Мұхтар жайында, басы сен болып, осыны істеп отырмыз. Әр төзімнің өлшеуі бар. Бұл төзімнің жарылар уақыты жетті. Мұхтарды алдағы трилогиялық романында бұл қаталықтарға жібермеу үшін, мына пьесаны қатты сынауымыз керек. Союз Мұхтарың жетегінде емес, Мұхтар союздың жетегіне еруге тиісті. Соңғы бірнеше жылда – наоборот. Сен, әрине, даяр «жағдайды» соңғы бір жылдың ішінде ғана көрдің. Бұл тамырын әлдеқайда бұрын жайып алған жағдайда еді. Енді осы «арбаны сындырмай, өгізді өлтірмей» дегендей, кәдімгі партиялық обьективтік, жолдастық сынмен түзеп алуың қажет.

Осы пьесаны талдайық десең, мен, мысалы, қандай жиналысыңа болса да, тек өз материалдарына ғана сүйеніп, пьесаның бақайшығына дейін шағып бере алам.

Бұл өзіңе ғана жазған хатым. Басқаға оқуыңа рұқсат жоқ. Өзгесін бара кеңесерміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет