Тұрсынова Г. Т



бет34/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   180

Қысқарған сөз




Қысқарған сөз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы:



ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

ҚазҰМУ

Қазақ Ұлттық медицина университеті

Ұжымшар

Ұжымдық шаруашылық

кг

Килограмм

ГАЗ-33

Машина, трактор, ұшақ маркалары


Тіркескен сөз




Тіркескен сөзекі немесе одан көп сөздер тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі. Мысалы:



Күрделі зат есім

Алматы қаласы, мәдениет сарайы

Күрделі сын есім

қара кер, бидай өңді, ұзын бойлы

Күрделі сан есім

он бес, екі жүз сексен

Күрделі етістік

оқып отыр, жығылып қала жаздады

Күрделі үстеу

күні бойы, ала жаздай



172-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар. Қарамен жазылған сөздер тіркесу жолымен жасалған туынды сөздерге жататын, жатпайтынын табыңыздар. Мәтіннен қандай көне елдік дәстүр танылады? Ойларыңызды айтыңыздар.

Аса киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу. Тұмар тағу ырымы – ислам дінінен ада, байырғы түркілік дәстүр. Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі түркілер, берісі көшпелі қазақ үшін – күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болатын. Тұмар сөзінің өзі байырғы түркі тілінде «тума иер», «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнығуына байланысты тұмардың ішіне дұға жазып салу дәстүрі қалыптасқан.



173-тапсырма. Мәтінді оқып, бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздерді тауып,туынды сөздерді құрамына талдаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет