Тұрсынова Г. Т



бет32/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   180

Қос сөз




Қос сөз – сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөз. Қос сөздің екі түрі бар: қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз.

Қайталама қос сөз – сыңарлары бір түбірден жасалатын қос сөз.

Мысалы: көре-көре, көзбе-көз, өз-өзінен, тау-тау.

Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:


  1. Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, үлкенүлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б.

  2. Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы, бара-бара, айтып-айтып, үйдей-үйдей, сөйлей-сөйлей, бір-біріне, көзбе-көз, келеркелмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап, т.б.

  3. Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады. Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-мас, тісміс, мәре-сәре, кемпір-семпір, нан-пан, сатыр - сұтыр, салдыр-гүлдір, қараңқұраң т.б.

  4. Бір сыңары ықшамдалып жасалады. Мысалы, теп-тегіс, жап-жасыл, апащы, сұп-сұр т.б.

Қосарлама қос сөз – сыңарлары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөз:

үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, көйлек-көншек.



169-тапсырма. Төмендегі қос сөздердің қайсысында жаңа лексикалық мағына бар екенін, қайсысында ондай мағына жоқ екенін анықтаңыздар.

Азды-көпті, қызыл-жасыл, құрт-құмырсқа, көре-көре, оқтын-оқтын, сөйлей-сөйлей, дүркін-дүркін, кәрі-жас, зәбір-жапа, азық-түлік, қазы-қарта, жетім-жесір, ауыл-аймақ, абысын-ажын, қайта-қайта, қора-қора.



170-тапсырма. Оқып шығыңыздар. Қосарлану арқылы жасалып тұрған сөздердің мағынасын ашып түсіндіріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет