Ұ
|
Н
|
Ы
|
Д
|
А
|
Й
|
А
|
Ұ
|
Т
|
Қ
|
Д
|
С
|
А
|
Ы
|
М
|
215-тапсырма. Сын есімдерді тауып мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Гранит – қатты, тығыз тау жынысы. Ол көбіне жер қыртысының терең қойнауында орналасады. Таулы аймақтарда жер бетіне шығып, кең көлемде таралады. Орталық Қазақстандағы Сарыарқаның көптеген таулары түгелдей граниттен тұрады. Гранит өте мықты судың, желдің, күннің әсеріне өте төзімді. Сондықтан оны үйлердің іргетасын қалауға, көпірлер, ескерткіштер тұрғызуға пайдаланады.
Гранит қазақша «түйіршікті» деген ұғымды білдіреді. Ол көптеген түйіршіктерден тұрады. Әшекейлік мақсатқа пайдаланғанда оның бетін тегістеп, жылтыратады. Құмтас құм түйіршіктерінің бірігіп, қатуынан пайда болған.
216-тапсырма. Мәтінді оқып, қатыстық сын есімдерді табыңыздар.
Мұнай – сұйық каустоболиттерге жататын табиғи шикізат. Ашық сары, жасыл және қышқыл қоңыр реңді, кейде қара түсті болып келетін, ультракүлгін сәулелерден жарық шығаратын сұйықтық. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді жыныстар қабатымен бірге көмілген. Көбіне көмірсутектің түрленіп терең өзгерістерге ұшырауынан жаралған органикалық заттың өз алдына оқшауланып шоғырлануынан жиылған табиғи концентрат болып саналады.
Мұнай – ең маңызды энергетикалық, химиялық, минералдық шикізат. Қазіргі заманғы іштен жанатын және реактивтік двигательдердің отындары түрлі жағар майлар мұнайдан алынады. Химия өндірісінің көптеген салалары мұнай өнімдері мен мұнай газдарын өңдеуге негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |