Тұрсынова Г. Т



бет81/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе...

Құрамында антиоксиданы бар тағамдар – жасарудың бірден-бір кепілі. Антиоксидан жүрек ауруына, қатерлі ісікке, ерте қартаюға жол ашатын химиялық элементтердің әсерін жояды. Мамандардың айтуынша, ол дене формасын сақтауға да көмектеседі. Жеміс-жидектер, көкөністер, сарымсақ, көк шай, соя антиоксиданды тағамдардың бірнешеуі ғана.

Денсаулығыңыз үшін күніне екі-үш рет жеміс пен көкөніс жегеніңіз пайдалы.

Жеткілікті мөлшерде су ішу тыныс алуды жақсартады. Буындар мен бұлшық еттер жұмысын арттырып, күш береді. Күнде 8 стакан су ішкеніңіз пайдалы. Дене жаттығуларын жасағанда, ұшаққа мінгенде және диета сақтап жүргенде одан да көп су ішу керек. Су токсиндерді және ағзаға жиналған майды ерітеді. Артық салмақтан арылудың да тиімді жолы.

Қан құрамы да тазарады.

Әрдайым тік отыруды, дұрыс жүріп-тұруды әдетке айналдырыңыз. Қисайып, жантайып отыру тыныс алуға, қан айналымына кедергі жасайды, күшіңіздің босқа жұмсалуына жол ашады.

Күн сайын жарты сағат дене қимылын жасауға машықтаныңыз. Ал дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысу – жүрек ауру, қатерлі ісік, артық салмақтың алдын алады.

Жүйелі, дұрыс тамақтанып, көп мөлшерде су ішіп, дұрыс ұйықтап, темекі мен алкогольді ішімдіктерден бойыңызда аулақ салыңыз... ұзақ та баянды өмір сүретініңізге күмәніңіз болмасын.



307-тапсырма. Бұл қандай мақал? Суреттегі әріп бөліктерін жүйелеп оқысаң, сөз туралы мақал шығады.
















































































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет