Тұрсынова Г. Т



бет83/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Баяндауыш




Баяндауыш бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше.

Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрақтарына жауап береді Баяндауыш төмендегідей сөз таптарынан жасалады.





Сөз табы

Мысалы

Етістік

Күн жылынды. Досым келді.

Зат есім

Бұл үлкен үй. Оның алғаны кітап.

Сын есім

Дала тап-таза. Күн ыстық.

Сан есім

Екі жерде екі төрт. Оның жасырғаны бес.

Есімдік

Менің айтарым осы. Біздің ауыл әне.



Баяндауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:

Дара баяндауыш – бір сөзден тұратын баяндауыш.Мысалы, Олар алыс жерден келді.

Күрделі баяндауыш – кемінде екі сөзден тұратын баяндауыш. Мысалы, Ауыл мәдениеті өсіп келеді.

Үйірлі баяндауыш –үйірлі сөздерден тұратын баяндауыш. Оның ең үлкен кемшілігі – сабақ оқымау.

312-тапсырма. Мына сөздерді баяндауыш етіп, сөйлем құрастырыңыздар.

... – ынтымақ. ... – байлық. .... – оқу. ... – сәлем берді. ... – төрт. ... – бөлінбейді. ... – жетім. ... – білерсің. ... – жаман. ... – арсыз.



313-тапсырма. Мәтінге ат қойыңыздар. Баяндауыштарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң, тозаңдар ұшып шығады.

Орман өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газ заттары да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады.

Қазіргі кезде ауаның ластануы адамның іс-әрекеті салдарынан жиілеп отыр. Оны ластайтын жылу электр стансасынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден, т.б. шығатын қалдықтар.

Ірі қалалардағы ауаның ластануы қауіпті шегіне жетті. Қалаға сырттан қарағанда оның үстін түтінді тұман басып жатқанын көреміз. Ол тұман газ бен тозаңның араласуынан түзіледі. Содан келіп қаланың ауасы нашарлайды. Ауа температурасын біршама көтереді. Қала ауасының құрамында су буы көп болады да, ылғалды ауамен тыныс алу қиындайды.

314-тапсырма. Тұрлаулы мүшелерін тауып, астын сызып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу жағдайын түсіндіріңіздер.

Қайың – күй таңдамайтын ағаш. Ол түрлі жағдайларда ... өсе береді. Лупа

– үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шыққан жері –Индия. Оттегі – түссіз газ. Спорт – денсаулық күзетшісі. Адам үшін нағыз асыл қазына – еңбек ете білу. Азамат болу –парыз.

315-тапсырма. Мәтіннен баяндауышты тауып, қай сөз табынан екенін анықтаңыздар.

Мұнай қуатты және арзан отындардың қатарына жатады. Тас көмірмен салыстырғанда оның қызуы әлдеқайда артық.

Сондай-ақ, мұнай тектес газдың да қуаты күшті. Газ күлінен резина, машиналардың дөңгелектері, пластмасса, т.б. көптеген өмірге керек заттар шығарылады.

Мұнай тектес газдардан алынатын шайырлардан пластикалық масса, жасанды дәрі-дәрмектер, фотография пленкалары және қысымға шыдамды сынбайтын әйнектер, т.б. жасалады.

Медицинада аурулардың кейбір түрін емдейтін құнды әрі қымбат дәрідәрмектер осы мұнайдан бөлініп шығарылған «ақ майдан» жасалады.

Мұнай мен газдан алынатын сан түрлі химиялық, т.б. заттардың шегіне адам баласы әлі де болса жете қойды деп айтуға болмайды, оның шегі жоқ екені шындық. Ғылым мен техниканың бұдан былай да дами түсуіне байланысты мұнай мен газдан алынатын пайдалы заттардың саны да арта беретіні сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет