Тұрсынова Г. Т



бет89/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   180

Сабақтас құрмалас сөйлем


Бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндауышы тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемді бағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемді басыңқы сөйлем дейді.



Түрі

Ереже

Сұрағы

Жасалу жолдары мен мысалдар



Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемнің шарты болып келеді

Қайтсе? Не етсе? Қайткенде? Не еткенде?

Қайтпейінше?



-са, -се,-май,- мей,-пай,пей, -бай,-бей, -ғанда,генде, қанда,-кенде. Сабақ оқығанда, бес алар едің.



Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама-қарсы болып келеді.

Қайтсе де? Қайткенмен? Не етпестен? Қайткенше? Не еткені болмаса?

-ғаны,-гені,-қаны,-кені,а,-е,-й,-ғанша,-генше,қанша,-кенше,- са да,-се де. Қыс келсе де, қар жаумады.



Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді.

Неліктен? Не үшін? Не себепті?

Не деп?


-ғандықтан,-гендіктен,қандықтан,-кендіктен,ғаны,-гені,қаны,-кені, ып-іп,-п, ма,-ме,-ба,-бе,па,-пе,-ған,-ген,-қан,-

кен. Күн жылы болған соң, біз серуенге шықтық.





Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің мезгілін білдіреді.

Қашан? Қай кезде? Қашаннан бері?

-ғанда,-генде,-қанда,кенде,-ған,-ген,-қан,кен,-ғалы,-гелі,-қалы,келі,-са,-се. Ол келсе, сабақ аяқталыпты.



Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған ісқимылдың қалай орындалғанын білдіреді.

Қайтіп? Не етіп? Қалай?

-а,-е,-й,-ып,-іп,-п, -ған,ген,-қан,-кен,-дай,-дей. Екі қолы дірілдегендей болып, Оспан ішке кірді.



Бағыныңқысы

басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.



Не мақсатпен? Не үшін? Не етпек болып?

-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,бек,-у+үшін,-қы,кі+тәу.ж. Оның оқығысы келіп, қалаға келді.



337-тапсырма. Мәтінді оқып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.

Ей, перзентім, тамақтан аш қалсаң да, ақыл-парасатқа тоқ бол. Адамдарға дөрекілік жасама. Ойпыл-тойпыл сөйлеуден сақтанып, тіліңді тыйып ұста. Сонда ғана сен әр қилы қырсықтардан аулақ боласың. Адамдар бойыңда жоқ және болып та көрмеген қасиеттерді сенде бар деп мақтаса, ондай мақтауға сеніп, мардымсыма.

Ей, перзентім, шынайы ілімге ынтық бол. Өз айтқаныңнан қайтпайтын бір мойын болмай, өзгелердің де айтқанына мән беріп, құлақ сал.

Ей, перзентім, сырын біліп алмай тұрып, бір көрген кісіге көңіліңді жайып салма. Өз қадір-қасиетін білмейтін кісілерден жақсылық күтпе. Күн шыққанша ұйықтап жатып алма. Орынсыз күле берме. Жасы үлкен және егде кісілердің алдына түсіп жүрме. Сөйлесіп отырғандардың сөзіне орта жолдан килігіп, сөзін бөлме. Қонақтың алдында бәзбіреуге кіжініп, ренішіңді айтпа. Басыңды салбыратып отырма.



338-тапсырма. Мәтінді құрайтын құрмалас сөйлемдердің ішінен шартты бағыныңқы сабақтастарды ажыратып, жасалу жолдарына көңіл бөліңіздер.

Ақындығы қандай күшті болғанмен, айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл болатынын ақындық сезіммен сезсе де, анық біліп жетпеген. Еуропа әдебиетімен танысқаннан кейін, қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын біле бастайды. Ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза, мінсіз шығарады.

Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей, өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. Бойдағы мін- бойында міні жоқ біреуді көргенде байқалады: үйдегі кемшілік – кемшілігі жоқ үйді көргеннен кейін көзге түседі; жұрттағы жаман әдет басқа жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет