Тұрсынова Г. Т



бет21/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

113-тапсырма. Мына сөздерге антоним және синоним болатын сөздер жазыңыздар. Өжет, бар, жарық, алыс, мол, бейнет, оңай.

114-тапсырма. Өлеңдегі антоним сөздерді тауып, осы сөздерді тақырып етіп, ойтолғау жазыңыздар. Аласаны атқа санама, Жақсыны жатқа санама. Бір сынаған жаманды Екіншілей сынама.

(Ақтайлақ шешен)

115-тапсырма. Мәтіндегі сөздерден синоним, омоним, антонимге мысал жазыңыздар.

Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған. Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілін білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.



(Б.Момышұлы)

116-тапсырма. Мақалдан антонимді табыңыздар. Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз,

Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз.



117-тапсырма. Төмендегі антонимдердің синонимін жазыңыздар. Озу-қалу, рақат-бейнет, шарапат-кесепат, алғыс-қарғыс.

118-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерден антоним бола алатын сыңарларын тауып жазыңыздар.

Батырларға тән ортақ қасиет: өжеттік, ерлік, адалдық, досы үшін отқа түсу, Отанға шексіз сүйіспеншілік және жеңімпаздық.



119-тапсырма. Құрамында антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдер мен жұмбақтар тауып жазыңыздар.

120-тапсырма. Биік, ашық, жаңа, сұлу, жас сөздеріне әр түрлі қолданыста бірнеше антоним сыңар тауып жазыңыздар.

121-тапсырма. Әсем, тез, шебер, зор сөздерінің антонимдерін тауып жазып, сөйлем құрастырыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет