Синоним – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: сабырлы, байсалды, төзімді, ұстамды, салмақты.
136-тапсырма. Төмендегі сөздерге синоним болатын сөздерді жазыңыздар.
Ұстаз, ақын, үй, құрметтеу.
137-тапсырма. Синонимнің омонимнен айырмашылығы неде?
138-тапсырма. Мәтіннен синоним сөздерді табыңыздар.
Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.
(В.А.Сухомлинский )
139-тапсырма. Синоним сөздерді топтап жазыңыздар.
Қашық, әдемі, әдепті, тәртіпті, үлкен, келбетті, өңді, тәрбиелі, дәу, тартымды, алыс, инабатты, алшақ, шалғай, көргенді.
140-тапсырма. Мәтіндегі синоним сөздерді тауып, оның мағынасын анықтаңыздар.
Сенің топырағыңда қаншама дүр-дүр батыр, дүлдүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің. (Б.Соқпақбаев)
141-тапсырма. Төмендегі тіркестерге синоним болатын тіркестер жазыңыздар.
Қырғи қабақ. Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.
Достарыңызбен бөлісу: |