Тұрсынова Г. Т



бет58/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Өткен шақ


Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:







Жедел өткен шақ

Іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді.

Етістік+(-ды,-ді,ты,-ті)+жіктік жалғауы



Бұрынғы өткен шақ

Іс-қимылдың

жалпы болғанын көрсетеді.



Етістік +(-ған,-

ген,-қан,-кен,-ып,-іп,п)+жіктік жалғауы





Ауыспалы өткен шақ

Сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған ісқимылды білдіреді.

Етістік+(-атын,етін,-йтын,-йтін)+жіктік жалғауы


Келер шақ




Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. Оның 3 түрі бар:





Болжалды келер шақ

Іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді.

Етістік+(-ар,-ер,-

р)+жіктік жалғауы





Мақсатты келер шақ

Іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді.

Етістік+(-мақ,мек,-пақ,-пек,-бақ,бек)+(шы,ші)+жіктік жалғауы

Ауыспалы келер шақ

Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.

Етістік+(-а,-е,-й) + жіктік жалғауы



249-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, етістіктерді қай шақты білдіріп тұрғанын көрсетіңіздер.

Жылу электр орталықтары қала үйлерін ыстық сумен, ал өндіріс орындарын бумен қамтамасыз етеді. Мұндай стансылар ірі қалаларда, өнеркәсіп орындары маңында салынады.

Бірақ жылу электр стансыларының жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болатын отын қалдықтары, күлі мен түтіні ауаны ластап, қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, осы аудандардағы экологиялық жағдайға мұқият назар аударуды қажет етуде. Мұндай жағдайда электр стансыларының мұржаларын өте биіктен шығару (300 м-ден астам) және улы газдарды ұстап қалатындай арнайы қондырғылар орнату ісі қолға алынуы тиіс.

250-тапсырма. Мәтінді аударып, етістіктің шақтарын ажыратыңыздар.

Мұнай өнімдері қалай тасымалданады?

Мұнай және мұнай өнімдерін қашық жерлерге жеткізу үшін теміржол, су көлігі, құбыр жолы және автокөлік қолданылады. Кейбір жағдайларда олар ұшақпен және тікұшақпен тасылады.

Су көлігімен (теңізбен, өзенмен) ішкі мұнайды және мұнай өнімдерін (бензин, керосин, дизель отынын, мазутты, т.б.) өздігінен жүретін (танкерлер) және өздігінен жүрмейтін(лихтерлер, баржалар) типтегі кемелермен тасиды.

Автокөлікпен мұнай өнімдері мұнай базаларынан ұсақ мұнай базаларына, әрі қарай тұтынушыларға жеткізіледі. Бұл ретте өнімдер автоцистернамен, сол сияқты ұсақ ыдыстармен тасылады.

Мұнай және мұнай өнімдерін құбырмен өте көп мөлшерде және кез келген қашықтыққа тасымалдауға болады.

251-тапсырма. Мәтінге сұрақтар құрастырып, етістіктердің қалай жасалып тұрғанын анықтаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет