Есімше
Есімше – бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.
Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.
Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады. Есімшенің жұрнақтары:
|
-ған,-ген,-қан,-кен
|
ал-ған, кел-ген
|
|
-ар,-ер,-р болымсыз етістік + с жұрнағы
|
бар-ар, жүр-ер;
оқыма-с
|
|
-атын,-етін,-йтын,-йтін
|
жаз-тын, өр-етін
|
|
-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек
|
бар-мақ
|
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
|
Ереже
|
Анықтауыш
|
Есімше зат есіммен тіркесіп немесе ілік септігінде тұрып анықтауыш болады. (Болатын бала
бесігінде бұлқынар.)
|
Бастауыш
|
Есімше сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. (Көрмес –түйені де көрмес.)
|
Толықтауыш
|
Есімше атау мен ілік септіктерінен басқа септіктер тұлғасында заттанып қолданылса, толықтауыш болады. (Естігенді ұмытпасқа төрт түрлі)
|
Пысықтауыш
|
Есімше барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп немесе көмекші есіммен, септеулік шылаулармен тіркесіп пысықтауыш болады. (Оны көрген сайын баласы есіне түседі.)
|
Баяндауыш
|
Есімше жіктеліп келіп сөйлемде баяндауыш болады. (Адал кісі арылмас. Сыпайы сырын сақтар.)
|
239-тапсырма. Төмендегі есімшелерге лайықты зат есім тауып, тіркестіру арқылы «Кім жедел?» ойынын ойнаңыздар.
а) еңкейген ....
|
ә) сөйлер ...
|
еңбектеген ...
|
айтылар ...
|
жайнаған ...
|
келер ...
|
масайраған ... марқайған ...
|
бітер ...
|
қауқиған ...
|
б) алатын ...
|
ербиген ...
|
оқитын ...
|
селтеңдеген ...
|
істейтін ... көретін ...
|
240-тапсырма. Төмендегі тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңыздар.
Көргенім. Келетіні. Жазатының. Көмектескеніңіз. Бармайтыны. Тыңдағанымыз.
241- Мәтіннен есімшелерді тауып, тұлғасына қарай талдаңыздар.
Еліміз аумағындағы жұмыс істейтін электр стансыларын жоғары вольтты электр желісімен байланыстыратын біртұтас энергетикалық жүйе әлі жасалынбаған. Бұл ел экономикасының дамуына елеулі әсер етуде. Электр стансылар арасындағы технологиялық айырмашылық, оларды энергетикалық жүйеге біріктіреді. Энергетикалық жүйе – жоғары кернеулі электрді беретін желілерге (ЭБЖ) біріккен стансылар тобы. Республикада жергілікті Алтай, Алматы, Орталық Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе энергетикалық жүйелері бір-бірімен өзара байланыспаған. Солтүстік Қазақстан энергетикалық жүйесі Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан жүйелерімен байланыстырылған. Алматы энергетикалық жүйесі Бішкек қаласы арқылы Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары одан әрі Өзбекстанмен жалғасқан. Ақтөбе энергетикалық жүйесі Оралмен, ал Орал жүйесі Еділ бойы арқылы ТМД-ның Еуропалық бөлігінің бірыңғай энергетикалық жүйелерімен қосылған.
242-тапсырма. Мақалдардағы қарамен жазылған есімшелерді құрамына қарай талдап, қай сөз табының орнына қолданылғанын айтыңыздар.
Шоқпарды ұстай білмеген
|
|
Қарағайға қарап тал өсер,
|
Өзіне тигізер.
|
|
|
Құрбысына қарап бала өсер.
|
Инені ұстай білмеген
|
|
|
Қатты жерге егін шықпас,
|
Көзіне кіргізер.
|
|
|
Қаңғыған басқа білім жұқпас.
|
Ата-ананың қадірін
|
|
|
Ер айтса –ел айтқаны,
|
Балалы болғанда білерсің.
|
|
|
Ер айтса –ел айтқаны,
Елдің қамын жеп айтқаны.
|
Жайсаң жігіт болғаның – Жолдасыңның арқасы. Қайсар жігіт болғаның – Қолбасының арқасы.
243-тапсырма. Төмендегі етістіктерден әр түрлі есімшелер жасаңыздар да, түрлендіріп қолданыңыздар.
Жаз. Көмектес. Кел. Айт. Сөйле. Ізде. Көр. Түсін. Оқы. Үлгі: жаз-жазған, жазатын,жазар, жазбас.
244-тапсырма. Есімшелерге тұлғалық талдау жасап, олар сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыздар.
Жұмыскерлерге барақтар салынған. Бірнеше керекті бұрғылау машиналары орнатылған. Шатырлар тігілген. Отын тасып келе жатқан бір-екі жұмыскердің қосылып салған әні естіледі. Қасында тұрған Нияз еңкейіп, оның жазғанына қарап тұр. Күннің көктен құйылған алтын шұғыласы жасыл ала жібек жамылған сұлу жерді маужыратып нұрға шомған.
Үлгі: қайткен? – салынған – есімше, баяндауыш, сал – түбірі, -ын – ырықсыз етіс жұрнағы, -ған – есімшенің жұрнағы.
Достарыңызбен бөлісу: |