Тұрсынова Г. Т


Таумен келеміз. Түрлі күй естіледі



бет60/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180

Таумен келеміз. Түрлі күй естіледі


Таудың сай-сайынан сумаңдап, сылдырап, ағаштардың ара-арасымен бұлақтар ағады. Ағаш араларынан құстардың әр түрлі дауыстары шығады. Кейбіреулері жасырынбақ ойнаған балалардай зырылдап, ұшып-қонып, ысқырып ойнайды. Бірін-бірі қуалайды. Кейбіреулері нәзік күйін түрлі құбылтып сайрайды. Ағаш арасындағы құстардың күйіне қырдағы бозторғайдың құйқылжыған жыры қосылады. Баянның тауы, тасы, сылдырап аққан бұлақтары, өрмелей шыққан ағаштары, қыры-ойы – бәрі де жырлайды. Бәрі де шаттық үнін қосады.



254-тапсырма. Өлеңді оқып, мақсатты келер шақта тұрған етістіктерді тауып, жағымды не жағымсыз мағынада айтылғанын айтыңыздар. Жас – қартаймақ, жоқ –тумақ, туған – өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалма, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. Ер сі ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек.

Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай, Еріншек өздігінен көпке көнбек.

Адамзат тірлікте дәулет білмек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.

Екеуінің бірі жоқ ауыл кезіп, Не қорлық құр қалжыңмен күн өткізбек.

(Абай)



255-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, Радловтың қазақ тілі үшін сіңірген еңбегін бағалап, жедел өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыздар.

Қазақ фольклорын зерттеген ориенталист-ғалымдардың ішіндегі екі есім ерекше айтылады. Оның бірі – Шоқанның досы Г.Н.Потанин, екіншісі – түрколог ғалым В.В. Радлов.

Василий Васильевич Радлов 1837 жылы 5 қаңтарда Берлинде офицер отбасында дүниеге келген. Ол Берлин университетінің философия факультетіне түсіп, бірақ ынтасы филология ғылымына ауып, еврей, араб, парсы, түркі тілдерін қатар үйренеді. Студент кезінде ол «Якут тілінің грамматикасы» атты еңбегімен өзіне таныс О.Бетлинг жұмыс істейтін Петербор университетінің Шығыс факультетіне жетуді алдына мақсат етті. Орыс тілін үйренді. 1858 жылы Петерборға келді. Тіл үйренудің тамаша мектебі – ел арасына бару екендігін жақсы түсініп, ол Барнауылға неміс тілі мен латын тілінің мұғалімі болып кетті. Онда екі жыл болып, 1862-1868 жылдары Қазақстанға келіп, тіл жөнінде көп материал жинастырды. Ғалым 4 томдық (8 кітап) «Түркі тілдер» сөздігін құрастырып, тұңғыш түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жазды, көне түркі жазбаларын зерттеп, басып шығарды.

256-тапсырма. Мәтінді оқып, Әлихан Бөкейхан жөнінде әңгімелесіп, бұрынғы өткен шақта тұрған етістіктерді табыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет