Тұрсынова Г. Т



бет59/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180

Газ және оның қасиеттері


Жанар газдардың құрамы көмірсутектерінен тұрады. Олардың ішінде метан, этан, пропан, бутан, пентан, т.б. газдар кездеседі. Таза газдан тұратын көлбеулердің құрамында метанның көлемі басымырақ келіп, аумағы 98 %-ке дейін жетеді.

Газ құрамында жеңіл газдар (метан мен этан) көп болған сайын оның салмағы болуымен қатар, тез қызу бөледі. Ал ауыр газдардың құрамында метан мен этан аз мөлшерде болады.

Атмосфералық жағдайда (осы температурада) метан мен этан газ күйінде кездеседі. Ал пропан мен бутан газ күйінде кездеседі де, шамалы қысым арқылы сұйық көмірсутегіне тез айналады.

Газ құрамында аздаған көмірқышқыл газы, азот, күкірт, сутегі, гелий, т.б. кездеседі.

Газдың физикалық қасиеттерінің қатарына оның тығыздығы жатады.



252-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, автордың айтпақ ойларын таратып түсіндіріңіздер. Мәтіндегі ауыспалы осы шақты білдіретін етістіктерді тауып, құрамына қарай талдаңыздар.

...Абайдың ұғымында: «Еңбек танымды арттырады. Еңбек естіген нәрсені бекіте түседі. Адам алған білімін ретке келтіреді, керектіні керексізден сұрыптап, ақылды болады». Сондықтан да ол еңбекті барша игіліктің негізі, оған деген сүйіспеншілікті адамдық өмірдің басты мәні мен мақсаты деп санайды. Ал жалқаулықты барша қырсықтың, одан туындайтын жарамсақтықты барша қиянаттың, мақтаншақтықты түзелуден үмітін үзген бейшаралықтың түп атасы деп түсіндіреді. Халықты «түзелмейтін қайыршыға» айналдырмайтын амал: «егін, сауда, кәсіп, ғылым» деп біледі. Ол тек ыждаһат пен ынта бар жерде ғана жүзеге асады. Абайдың: «Құдай саған еңбек етуге жеткілікті күш берді. Бірақ сен оқымайсың. Құдай саған сана берді, сен оны жоғалттың. Сен ерінбей еңбек етсең, шыдамдылықпен іздеп, пайдалы жұмыс жасасаң – бай болар едің», – деп жазғыратыны да сондықтан.



(Н.Назарбаев)

253-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ауыспалы осы шақты тауып, оны нақ осы шаққа айналдырып көріңіздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет