Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. (Білгенге маржан, білмеске арзан.)
Пысықтауыш
Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады. (Ол күлімсіреп қарады.)
Анықтауыш
Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. (Оқудың шегі жоқ.)
266-тапсырма. Берілген сөздерді әрі тұйық етістік ретінде, әрі зат есім ретінде қолданып, әрқайсысына сөйлем құрастырыңыздар. Жалғау. Көсеу. Құрсау. Оқу. Басу. Жабу.
267-тапсырма. Тұйық етістіктерді тауып, құрамын ажыратыңыздар, зат есім сияқты түрленуіне назар аударыңыздар.