Тұрсынова Г. Т



бет63/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180
Байланысты:
Қазақ тілі ережелері тапсырмакларымен

Бата




Бір үйдің баласы болма,



Қараны қара деп бағала!

Бүкіл елдің санасы бол!



Өзегің талса, елдің ішін арала,

Бір елдің баласы болма,



Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Бар елдің данасы бол!



Өзіңе-өзің кәміл бол,

Бір тонның жағасы болма,



Халқыңа әділ бол!

Көп қолдың ағасы бол!



Жауыңа қатал бол,

Ақты ақ деп бағала!





Досыңа адал бол!

260-тапсырма. Оқып шығып, шартты райлы етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын анықтаңыздар.

Мақал-мәтелдер




Қара көзден нұр тайса,



Атадан жақсы ұл туса,

Айналаң қара түн болар.



Жеткізеді мұратқа.

Екі аяқтан әл кетсе,



Атадан жаман ұл туса,

Қарға адым жер мұң болар.





Қалдырады ұятқа.

Ұрысқақ болса – ұлың жау,



Еңбек етсең, еленерсің,

Керіскек болса – келін жау.





Еңбегіңе келенерсің.

Инең болса – иінің бүтін.



Мезгіл жетсе, мұз ерір.



Үлгі: тайса –ІІІ жақ.

261-тапсырма. Берілген етістіктерден шартты рай жасап, әрқайсысына сөйлем құрастырыңыздар.

Сана. Жаз. Жүргіз. Тазарт. Санама.



262-тапсырма. Етістіктерді тауып, оларды рай түрлеріне қарай талдаңыздар.

Мақал-мәтелдер


Ат жақсысын мақта, Болар адам он бесінде бас болар, Адам жақсысын мақта. Болмас адам қырық бесінде жас болар. Армансыз адам алысқа бармас. Әркім қолда барын ұсынады.

Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер. Балапан ұяда не көрсе,

Ұлық болсаң, кішік бол. Ұшқанда соны іледі.



Үлгі: мақта- бұйрық рай, ІІ жақ, жекеше, анайы түрі.


Етіс




Етіс іс-қимылды орындауда орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:





Ереже

Жұрнақ

Өздік етіс

Іс-қимылды

адам өзі істейді



-ын,-ін,-н

(жу-ын-ды, ки-ін-ді)



Өзгелік етіс

Адам іс-

қимылды өзге біреуге орындатқызады.



-дыр,-дір,-тыр,-тір,ыр,-ір: (жаз-дыр)

-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз

(айт-қыз)

-т; (оқы-т)

-сет (көр-сет)


Ырықсыз етіс

Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді.

-ыл,-іл,-л; (аударыл-ды)

-ын,-ін,-н (түбірде «л» әрпі болса): (ал-ынды)



Ортақ етіс

Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді.

-ыс,-іс,-с (жаз-ысты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты)



263-тапсырма. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар.

Қи, көр, қыс, жаз, кер, жу, тара, қара, қос, бер, соз, сыла, ойла, қозға.



Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар.

Сал, қой, апар, ал, айт, қос, бекі, тарт, баста, ора, қала, жи, іл, әкел, аш, бөге, байқа.



Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.

Айт, қал, кел, жүр, отыр, ал, же, өрле, тыңда, сайла, шық, кет, таны, тоқта, есті, түс, көн, панала, дүрілде.



Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.

Сөйле, бөл, ал, айт, біл, сұра, байла, арала, ойла, сана, бақ, сүрт, сыбырла, біт, қой, қабатта, жібер, қалдыр.



264-тапсырма. Мәтіннен ырықсыз етістің жұрнақтарын табыңыздар.

Қаратау тауы етегінде ванадий кенін өндіру басталды. Соның алғашқы партиясы Ресейдің, Чусовской металлургиялық комбинатына жіберілуде.

Қазақстан алтын өндіруден ТМД елдерінде Ресей, Өзбекстаннан кейінгі үшінші орында, ал алтынның қорынан дүниежүзінде алдыңғы қатарлы он елдің бірі.

1991 жылы ТМД бойынша өндірілген алтынның 5%-ы, күмістің 50%-ы Қазақстанда шығарылды. Қазақстан қазір жылына 15 т алтын өнідіреді. Алтын өндірудің ірі кен орындарына: Ақбақай, Майқайың, Бақыршық жатады. Күміс Кенді Алтайда өндіріледі.



265-тапсырма. Мәтінді оқып, етістің түрлерін ажыратыңыздар.

Ақтөбе облысындағы Кемпірсай массивінде никель, хром кеніштері ашылғаннан кейін Ақтөбе қаласында Қазақстандағы ең алғашқы ферроқорытпа зауыты салынды. Оның шығаратын негізгі өнімі – феррохром.

Хромиттің қорынан Қазақстан ТМД-да бірінші (бүкіл қордың 97%), ал дүниежүзінде Оңтүстік Африка Рспубликасынан кейінгі екінші орынды алады.

Республикамызда сапалы болат өндіруге деген қажеттіліктің артуынан осындай ферроқорытпа зауыты Ақсу қаласында да іске қосылды. Бұл зауыт шикізат ретінде Орталық Қазақстанның марганец кенін және Оралдың кварцитін, Қарағанды кокс көмірін және Ақсу МАЭС-терінің электр энергиясын пайдаланып жұмыс істейді.

Келешекте Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты негізінде толық циклді қара металлургия комбинатын салу жоспарлануда.

Тараз қаласында еліміздегі үшінші Тараз металлургия зауыты жұмыс істейді. Онда ферромарганец, ферросиликомарганецпен қатар бірінші рет құрамындағы марганец – 30%, кремний 15–20 % болатын марганецті темір өнімдері шығарылуда.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет