12. Диалектикалық-материалистік философияның негізін қалаушылар? 1) К. Маркс мен Ф. Энгельс;
2) Левкипп пен Демокрит;
3) Ф. Бэкон мен Р. Декарт;
4) Г.В. Плеханов пен В.И. Ленин;
5) П. Гольбах пен К. Гельвецкий.
13. З. Фрейд философиядағы қай ағымның өкілі? 1) Психоанализдың;
2) Экзистенциализмнің;
3) Позитивизмнің;
4) Неотомизмнің;
5) Герменевтиканың.
14. XIX ғ. Қазақ ағартушылығы философиясының өкілі: 1) Ы. Алтынсарин;
2) Махамбет;
3) Құрманғазы;
4) Бұхар Жырау;
5) С. Торайғыров.
15. XIX ғ. Ұлы қазақ ағартушысы, саяхатшы, этнограф, шығыстанушы: 1) Ш. Уәлихан ұлы;
2) А. Байтұрсын ұлы;
3) Ы. Алтынсарин;
4) М. Шоқай;
5) Ә. Бөкейхан ұлы.
16. XIX ғ. қазақ ағартушыларының қайсысы «О мусульманстве в степи», «Записки о судебной реформе», «Предания и легенды киргиз-кайсакской орды» және т.б. шығармалардың авторы әрі қырғыздың «Манас» эпосын алғаш болып орыс тіліне аударған? 1) Ш. Уәлихан ұлы
2) Ы. Алтынсарин
3) Абай
4) Дулат Бабатайұлы
5) Мұстафа Шорманов.
17. Қазақтың Ұлы ақыны, XIX ғ. соңы –XX ғ. басы кезіндегі философ ағартушы, «Қара сөздердің» авторы: 1) Абай;
2) Шәкәрім Құдайберді ұлы;
3) С. Торайғыров;
4) М.Дулатов;
5) М. Жұмабаев.
18. Диалектика – философиялық ілім: 1) Дамудың жалпы заңдары туралы;
2) Күн жүйесінің шығу тегі туралы;
3) Әлемнің өзгермейтіндігі туралы;
4) Болмысты танып-білу туралы;
5) Кеңістік пен уақыт.
19. Даму туралы философиялық ілім: 1) Диалектика;
2) Метафизика;
3) Релятивизм;
4) Догматизм;
5) Эклектика.
20. Құдайшылдық идеясын, жаратылыстан тысқары әлдененің, Құдайлардың (бір немесе бірнеше) бар екеніне сенімді білдіретін қоғамдық сананың формасы: 1) Дін;
2) Ғылым;
3) Философия;
4) Өнер;
5) Құқық.