«Философия» пәнінен тест сұрақтары 1 тест 1. Философия қай елде пайда болды ? 1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде;
2) Еуропада;
3) Ежелгі Үндістанда;
4) Ежелгі Грекияда;
5) Ежелгі Қытайда.
2.Философияның негізгі сұрағы: 1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы;
2) Әлем қалай құрылған ?
3) Өмірдің мәнісі неде ?
4) Жерден тысқары өркениет бар ма ?
5) Экологиялық мәселенің себептері неде ?
3.Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі: 1) Конфуцийшылдық;
2) Буддизм;
3) Суфизм;
4) Перипатетизм;
5) Жайнизм..
4. Көне Грек ойшылдарының қайсысы бәрі де сан деп жорыған ? 1) Пифагор;
2) Анаксагор;
3) Гераклит;
4) Сократ;
5) Аристотель.
5. Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ: 1) Аристотель;
2) Фалес;
3) Демокрит;
4) Сократ;
5) Платон.
6. Аристотель қай мектептің түлегі ? 1) Платон академиясының;
2) Милет мектебінің;
3) Элея мектебінің;
4) Атомистикалық;
5) Пифагоршылар мектебінің.
7. Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай? 1) «Метафизика»;
2) «Жан туралы»;
3) «Никомахтың этикасы»;
4) «Топика»;
5) «Физика».
8. «Мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп айтқан Көне Грек философы кім ? 1) Сократ;
2) Анаксагор;
3) Эмпедокл;
4) Парменид;
5) Демокрит.
9. Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды ? 1) Әл-Фарабиді;
2) Әл-Ғазалиді;
3) Ибн-Синаны;
4) Ибн-Рошты;
5) Әл-Киндиді.
10. Араб-мұсылман орта ғасырларының көрнекті философы әрі дәрігері, «Дәрігерлік ғылым тағылымының» авторы: 1) Ибн-Сина;
2) Әл-Бируни;
3) Ибн-Рошт;
4) Ибн-Туфайл;
5) Ибн-Баджжы.