Мониторинг классификациясы
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-
шы
жылдарында
қоршаған
ортаға
байланысты
қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған.Экологиялық мониторинг -
антропогендік
факторлар әсерінен
қоршаған
орта
жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және
болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте,
және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми
оқулықтарға
бұл
ұғым
Стокгольмдегі БҰҰ-ның
ұйымдастыруымен
(маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан
кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан
тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
1.
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
2.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта
болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
3.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау
әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады,
Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су,
ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторингтің негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегі кестеде
көрсетілген.
Қоршаған орта жағдайы мониторингінің мақсаттары мен
міндеттері
Қоршаған орта жағдайы мониторингі
Міндеті
Мақсаты
Бақы
лау
Анық
тау
Баға
лау
Болж
ау
Шеші
м қабылдау
Жеті
лдіру
қорш
аған
орта
жағдайыны
ң өзгеруі
адам
іс-әрекеті
арқасында
қоршаған
орта
жағдайыны
ң өзгеруіне
алып
келетін
себептері
адам
іс-әрекеті
әсерін
анықтап,
өзгерісгер
ді бақылау
қорш
аған орта
жағдайынд
а болатын
өзгерісгер
адамн
ың теріс іс-
әрекеті
нәтижесінде
гі
зардаптарды
жою
қорш
аған орта
мен қоғам
арасындағ
ы
тиімді
қатынастар
стратегияс
ы
Сонымен, мониторингтің технология процестерін алгоритм түрінде
былай бейнелеуге болады:
Өлшеу
талдау
сипаттау
моделдеу
дұрыс жолын таңдау.
Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген
мониторингіне тән.
Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар:
Биологиялық мониторинг
- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи
және
антропогендік
процестерді
бақылау
(ауыр
металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің
қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды.
Базалық мониторинг
- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын
аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды
бақылау.
Биосфералық мониторинг
- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су
балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық
өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау.
Биоэкологиялық мониторинг
- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан
бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға
ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг
-
табиғи экожүйелердегі өзгерістерді
бақылау.
Географиялық
стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің
биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті
мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.
Дистанционды мониторинг
- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде
бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп
отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан
ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады.
Теңіздердің ластануы мониторингі
- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында
ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау
жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды
ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі
- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап
кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы
туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су
сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген
оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең
бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат
иондары жатады.
Ластаушы көздер мониторингі
- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға,
топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау,
бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар
және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін
бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық
және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста
болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни,
экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады.
Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі
организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі -
биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-
келген өзгерістерді есепке алып отыру.
Дәріс 5. Биологиялық әртүрлілікті сақтау.
Негізгі сұрақтары:
1.
Флораның биоәртүрлілігі
2.
Фаунаның биоәртүрлілігі
3.
Биологиялық әртүрліліктің геоэкологиялық жағдайы
Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып,
табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-
техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды
шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты
қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын
пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну
қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының
артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл
шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі
шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың
артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді.
Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі
өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының
тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына
қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның,
жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір
немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының
жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
Өзінің тегі мен қасиеттеріне қарай барша антропогендік ластағыштар
сан түрлі болып келеді. Өнеркәсіп қалдықтары соның ішіндегі анағұрлым кең
тарағандары.
Табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің үнемі артуы табиғи ортаның
өндіріс қалдықтарымен ластану проблемасын шиеленістіре түседі. Мысалы,
өнеркәсіптік-тұрмыстық ағындар арқылы ластанған судын, көлемі, қазірдің
өзінде өзен суының 16%.
Суармалы егіншілікті өркендету жедел көбейіп келе жатқан адамзатты
азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайларының бірі болып
табылады. Сондықтан да суармалы жерлердің аумағы барған сайын жедел
қарқынмен өсіп келеді. Қең көлемдегі суармалы егіншілікті, су қоймаларын
жасау, ылғалы мол аудандардан кұрғақшылық аудандарға су жеткізу —
осылардың барлығы да региондық, сондай-ақ орасан зор көлемде табиғи
процестердің барысында елеулі өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы, үнемі жылы климат жағдайларында жер суару адам мен малдың
бірқатар ауруларға шалдығуына қолайлы жағдай туғызады. Су
қоймаларының каналдар мен арықтардың жылып кеткен, баяу ағатын
суларына безгек таратқыш сансыз маса қоныстанады.
Ерте кезде безгек ауруы суармалы егіншіліктің тұрақты жол серігі
болып келді. Археологтар мен тарихшылар Жетісу мен Оңтүстік Шығыс
Азияда (цивилизацияның) өркендеп дамудың әлденеше рет жойылып кетуі
елеулі дәрежеде безгек эпидемиясына байланысты болды деп есептейді.
Үй малдарының эктопаразиті — масалардың көбеюі де ылғалы мол су
қоймаларына байланысты.
Су арқылы улы химикаттар аса үлкен аймақтарға тарайды. Егінді,
әсіресе күріш пен мақтаны суарған су өзенді ластап қана қоймайды, сонымен
бірге көлдерді де былғайды. Судың улы химикаттармен ластануының
бірнеше жолдары бар. Олар қар және жаңбыр суымен де ластанады. Судағы
пестицидтер балықтарға үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын өзендерге уланған
су қосылып отырады. Олардың ішінде жанармай қалдықтары, улы қосылыс
— фенолдар, тұздар, қышқылдар бар. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстігінде 1950
жылдары химиялық улы препараттарды жиі пайдаланған. Мақташылар
қоңызбен күресу үшін ең күшті улы препараттарды колданған. Мақтаға
шашылған у суарылған сумен қосылып кішкене бұлақтарға құйылған, олар
жинала-жинала өзен сияқты ағып көлдерге, теңіздерге кұйылған.
Нәтижесінде өзен-көлдердің балықтарына зиянын тигізген.
Ауасы мен суының ластануы жағынан Алматы облысы да қолайсыз
экологиялық жағдайға душар болған аймақтардың бірі. Ластау көздері
негізінен тұрмыстық және өндіріс қалдықтары, су көздеріне жақын
орналасқан мал шаруашылығы кешендері мен улы химикат-тыңайтқыштарды
сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы жылына 30 мың тонна ғана, ал
облыстық «Сельхозхимия» бірлестігіне жылына 100 мың тоннадан астам
тыңайтқыш
түседі.
Қоймалардың
жетіспеуінің
салдарынан
осы
тыңайтқыштардың дені, ашық аспан астында далада сақталады. Мұндай
жағдайлар Талғар, Балқаш, Іле аудандарының шаруашылықтарында орын
алған.
Тыңайтқыштарды
өлшеусіз
пайдалану,
топырақты
өндірістік
қалдықтармен ластау, жердің құрамындағы зат алмасуын қиындатып
бүлдіруде.
Осының бәрі адамды ойландырады, табиғатқа деген ерекше көзқарасты
қажет етеді. Нәтижесінде табиғатты корғау қажет деген орынды сұрақ туады.
Алматы облысының жерінде 124 үлкенді-кішілі өзен бар. Бұл
өзендердің бойында мал қораларымен қоса қойды карелинге тоғытатын
орындар орналасқан.
Осындай табиғат көрінісі сырттай қарағанда ешқандай зиянсыз көрінуі
мүмкін. Дегенмен оның әрекеті көрінбей көзден таса болып қала алмайды.
Жұрт бір сәтте өзендер мен көлдердің бетінде қисапсыз қалқьп жүрген
балықтарды көрген. Олар біраз күннен кейін шіріп, борси бастаған.
Табиғатта тірі организмдер арасында трофикалык байланыс болады,
демек тамақтық байланыс. Мысалы, адамзат масаларды улы химикаттар
шашып кырады. Маса-шіркейді құртуға шашылған пестицидтерді суда
тіршілік ететін жәндіктер денесіне сіңіреді екен. Оларды ірі жәндіктер қорек
етеді. Ал ірісімеи де, ұсағымен де балықтар коректенеді. Удың залалы
балықтармен
коректенетін
құстарға
да
тиеді.
Өлген
құстарды
лабораториялық зерттеулерден өткізгенде, олардың май қабаттарыда у болып
шықты.
Табиғатта кұстарға жем болатын ірілі-ұсақты тірі организмдер—
балдырлар, дафниялар, циклоптар, ұлулар, балықтар химиялық анализден
өткізілген. Балдырлар меи ұлулардың организміндегі токсофеннің мол жері
миллионның 0,3 бөлігіндей ғана болды. Ал дафнияда бұл пестицид
миллионның 0,2—0,7 ұсақ балықтарда 0,3 бөлігіндей болатыны анықталды.
Сайып келгенде, судағы қарапайым жәндіктер улы химикаттардың
«қоймасы» деуге болады.
Ауыл шаруашылығында пестицидтер кең қолданылғандықтан кейінгі
кезде сыртқы қоршаған ортаның мөлшерден тыс уланғаны байқалып отыр.
Бұлар адам баласына және жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне үлкен зиян
келтіруде. Улар ең алдымен ауаға қосылады, ауадан — суға, судан —
топыраққа, топырақтан — өсімдіктерге, өсімдіктерден — малдарға
малдардан — адамдарға тарайды. Сөйтіп көзге көрінбейтін биологиялық
тізбек жасайды. Сондықтан, жердің неше түрлі пестицидтермен мөлшерден
тыс уланбауын қадағалап отырған жөи.
Ауыл шаруашылық өндірісін интенсивтендіруде де тигізетін әсерлері
бар. Қазіргі заманғы ауыл шаруашық өндірісін машиналар мен құрал-
саймандар қолданбай жүргізу мүмкін емес. Алайда ауыл шаруашылық
өндірісінің негізгі құралы — жерге әсерін тигізетін атты техниканы абайлап
қолдануды қажет етеді.
Әсіресе егіс даласын әлденеше рет кайталап өңде-Внде ауыр
доңғалакты тракторлар мен басқа да ауыл •аруашылық машиналары
топырақты тереңдете нығыз-Ьп тастайтындығы соңғы жылдары дэлелденіп
отыр. Іұндай нығыздалған қабат топырақтың түрі мен оған Іасалған әрекетіне
қарай әр түрлі тереңдікте пайда Ірлады. Әдетте, нығыздалған қабатты казіргі
заманғы •рал-саймандармен ендеу қиын, ол тіпті терең жыртқан Іуннің өзінде
өңделмей сол күйінде қалады. Мұндай Іабат капиллярлық байланысын үзіп,
топырақтьщ су, ауа Іәне химиялық режимін бұзады, бұл сайып келгенде
Ііннің шығымдылығын төмендетеді. Ауыл шаруашылық вшиналарының
салмағы мен куатын есірудің белгіленген шегі бар, ол шек топырақ
қабатының ерекшеліктерін ескере отырып қойылуы керек. Бұдан басқа,
топырақтың терең нығыздалуына жол бермес үшін, егіс даласының
топырағына қысымы аз түсетін шынжыр табанды трак-торлармен өңдеген
дүрыс.
Ғылыми-техникалық прогресс өндіріс күшін дамыта-ды, адамдардын,
тұрмыс жағдайын жақсартады, оның .әл-ауқатын арттырады. Сонымен бірге
адамдардың қызметінің артуы, табиғатқа араласуы, кей уақытта қоршаған
ортаға экологиялық және биологиялық мағы-на жағынан ешуақытта айтып
қалпына келтіре алмай-тындай өзгеріс кіргізеді. Қоршаған ортаның ластануы,
бүлінуі, ресурстардың сарқылуы адамдардың тікелей әсерінің нәтижесі.
Егер бір жылда жер қойнауынан алынған минерал-дық ресурстарды
вагондарға артатын болсақ, ол поез-дын, ұзындығы жер шарын 16,5 есе орап
алған болар еді. ІІІьш мағынасында жаңары табиғаттан алынған барлық
шикізаттардың қоғамнық пайдасына қоршаран ортаға тек бір проценті ғана
пайдаланылады да, ал қалған барлық бөліктері экологиялық уланған күйінде
лақтырылып тасталынады.
Рас, біздің елімізде табиғат байлыры ұшан теніз. Әлі де талай миллиард
адамдарды миллиондаған жылдар бойы асыраура жетеді. Деседе пайдалы
қазба байлық-тары, көмірі, табиғи газы, мүнайы жетпей жаткан слдер де бар.
Адамдар мұнайды ертеден «қара алтын» деп атады. Ал, қазіргі кезде
мүнай алтыннан да қымбат. Тіпті мұнай өндіруді бір сәтке тоқтатқанның
өзінде — жылу электростанциясы, заводтар, транспорттың барлық түрі
тоқтайды. Қаладары тіршілік сөнеді. Егер мұнайды ка-зіргі жағдайға сәйкес
көп мөлшерде пайдаланатын болсак, онда оның қоры 37 жылға ғана жететін
кө-рінеді.
Сонғы он жыл ішінде биосфераға адам қолымен жасалған бұрын
белгісіз болып келген жаңа заттар барған сайын кәптеп түсуде. Олардың
көпшілігі өте тұрақты және биосфера заттарының табиғи айналысы-нан
келіп түседі. Мұндай заттардың жиналуы табири процестердің барысын
бұзады, экологиялық жағдайларды нашарлатып, бірқатар жағдайда
территориялык жэне аквальдық кешендердің бұзылуьша септігін тигізеД
.Мысалы, тұрмыста және өнеркәсіпте синтетикалык, *У ғыш қосындыларды
кеңінен пайдалану өзендер мен көлдердің ластануын күшейте түседі. Бұл
заттарды тазалағыш күрылыстарда толықтай ұстап калуға мүмкіндік зкок..
Сондықтан индустриялы аудандардары көптеген өзендердің бетін көбік
жауып кеткен. Ондай өзендерде тіршіліктің болуы мүмкін емес, ал өзен суы
ауыз сура пайдаланура жарамайды. Әр түрлі синтетикалық орағыш
пленкаларды пайдалану да күрделі проблемаға айналып отыр. Бұл пленкалар
іс жүзінде ездігінен табиғи жолмен бұзылмайды, ал оларды өртесе ауаны
ластайтын бірқатар зиянды химиялық косыпдылар пайда болады. Ортаны
осындай пленкалардың жинальш калуынан тазарту үлкен шығынды талап
етеді.
Жекелеген адамзат тіршілігінің дамуы (онтогенез) «жабулы» күйінде
адамзат тегінің тарихын қайталайды (филогенез). Тұлғаның адамгершіліктік
қалыптасуы процесінде табиғаттың басым күшінің рөлі адамдардың қол
жеткізген, тәрбиеленген, дамыған әлеуметтік қасиеттеріне байланысты
өзгеріп отырады.
Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюін ғылыми-
техникалық және ақпараттық революциямен байланыстыруға болады. Ол
табиғат ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның
қоқыстармен жан-жақты ластануынан көрінеді. Одан адамзат қоғамы үшін
болжанбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз
өзгерістердің қаупі туындайды.
«Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі
жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп
төндіріп отыр. Адам ментабиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі,
оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз
технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-
шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары
үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде.
Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние
жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал
жасауда.
Н.Ф.Реймерс адамның өмір сүру ортасын 4 компонентке бөліп
қарастырған. Оның үшеуі антропогенді факторлардың әсерінен белгілі бір
дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі-тек адамзат
қоғамына тән -әлеуметтік орта. 1. Табиғи орта-адамның әсерінен болмашы
өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-
өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар. 2. Квазитабиғи орта (квази-ұқсас)
адамның әсерінен өзгерген табиғи орта. Оған егістік танаптары, баулар,
жүзімдіктер, саябақтар т.б. жатады. Мұндай орта ұзақ уақыт барысында өзін-
өзі ұстап тұруға қабілетсіз. 3. Артетабиғи орта (арте -жасанды) адамның
қолымен жасалған орта. Оларға тұрғын және өндірістік ғимараттар,
өнеркәсіптік кешендер, қала және т.б. жатады. Индустриалды қоғамның
халқының көп бөлігі нақ осындай жасанды немесе техногенді ортада тұрады.
Адамның өзгерген және қолдан жасалған ортасы материалдық ортаны
құрайды. 4. Әлеуметтік орта –адамдар тартылған қоғамдық қарым-
қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік
етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық жағдайын қамтитын адамның
қоршаған әлеуметтік әлемі, яғни социум.
Қазіргі дәуірдің дағдарысты құбылыстарын жеңудің тағы бір
шарттары – ғылыми-техникалық прогресті экологияландыру. Осы
проблемаларды арнайы әзірлеумен адам, қоғам және қоршаған орта, табиғат
арасындағы байланысты зерделейтін экология және арнайы экология
шұғылданады. Бұл ғылымдарды экожүйелер мен биосфера эволюциясы
қызықтырады. Ғылымның мақсаты – адамның экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Қазіргі заманның, экологияландырудың, ғылыми-техникалық прогресті
ізгілендірудің глобальды проблемаларын ұғындыратын концепциялардың
ішінде А. Швейцердің жаңа этика концепциясы маңызды орын алады. Оның
негізі - өмірді оның кез-келген қасиетінде қастерлеу принципі. А.
Швейцердің көзқарастарына сәйкес мәдениеттің даму критерийі қоғам қол
жеткізген ізгілендіру деңгейі, ал дағдарыс мәдениеттің адамгершілік-
гуманитарлық мазмұнын жоғалтуы болып табылады.
Ғалымдар
К.
Циолковскийдің,
А.
Чижевскийдің,
В.
Вернадскийдің көзқарастары қызықты болып табылады, олар ХХ ғасыр
мәдениетінің бір белгісі – оның космизмділігін, қазіргі заман адамының өз
тұрмысының космизмділігін сезінуді суреттейді. Орыс ғалымдарының
босфералық концепциялары космостағы барлық тірі заттар мен өлі заттардың
байланысын көрсетеді, басқа дүние өкілдерімен байланыс жасау, Жерде
болып жатқан космостық процестер мен тарихи процестің өзара байланыс
проблемаларын қарастырады.
Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс
проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген
атауға ие болды. Оған мыналар жатады:
1.ҒТП-ның катастрофалық салдарымен байланысты экологиялық
дағдарысты жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды
қабатының азаюы, парникті әсер және т.б.);
2.жаппай зақымдау қаруын қолдана отырып, соғысты болдырмау;
3.қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты жеңу, жаңа шикізат
көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-
техникалық революцияның зиянды салдарын болдырмау.
Глобальды проблемалардың пайда болуының өз себептері бар.
Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз
етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз
пайдаланатын адамның экономикалық қуаты.
Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен
мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы.
Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен
оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың
30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған
бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың
болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология
(латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық
зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын
біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы – глобальды модельдеу. Рим
клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту,
адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-
техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын
анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.
Э. Тоффлердің «үшінші толқын» концепциясында болған
демассификациялы, дестандартизациялы және бекітілген инноваттылықпен
индустриалдыдан супериндустриалдыға ауысумен байланысты адамзаттың
даму жолы ескерілген.
|