Дәріс 8. Антропогенез және Қазақстанның қоршаған ортасы.
Негізгі сұрақтары:
1.
Антропогенез экологиялық жайы
2.
Антропогендік әсерге қоршаған ортаның тұрақтылығы
3.
Бұзылған геожүйелерді экологиялық қалпына келтіру
Тіршілік етуінің бүкіл тарихында адам әрекеті нәтижесінде, әсіресе,
соңғы 50-100 жылда, Жерде тек табиғи емес,сондай ақ техногенді процестер
анықтаушы рольді атқарады. Бұл жүйелерді табиғи-техногенді деп атайды.
Оларға түрлі қалалық және ауыл мекендері, ауылшаруашылық жүйелер, жеке
өнеркәсіптік кәсіпорындар мен индустриалды зоналар, транспорт пен
транспорттық коммуникациялар, энергетикалық жүйелер, әсер ету
зоналарымен бірге тау кен кәсіпорындары, рекреациялық жүйелер және т.б.
жатады. Табиғи-техногенді жүйелер (ТТЖ) адам пайда болар алдында белең
алған табиғатты өзгертті. Ежелгі Римнің өзінде тау кен өнеркәсіптік
кәсіпорындар қоршаған ортаның жай күйіне белгілі бір әсерін тигізген
болатын. Табиғи техногенді жүйелер қазіргі уақытта да салыстырмалы түрде
аса көп емес аудыанды алып жатса да, олардың экосфера мен оның құрамдас
бөліктеріне тигізетін әсері баршылық деуге болады.
Табиғи техногенді жүйелер екі жақтылықпен ерекшеленеді. Біріншіден
олардың алғашқы табиғи ерекшеліктері көлемді түрде өзгерген, ТТЖ күйі
оларға келетін антропогендік күшпен анықталады. Екіншіден, олардың
қызметінің негізгі ерекшеліктері көбіне бұл жүйелер орналасатын, табиғи
жағдайларға тәуелді болып келеді. Рельеф, геологиялық құрылым, климат
және белгілі бір дәрежедегі табиғи сулар сияқты ландшафттың негізгі
компоненттері ТТЖ шегінде де өзінің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып,
табиғи техногенді жүйенің жай күйіне өзінің шешуші әсерін тигізеді. Ежелгі
үлкен қалалардың өзінде де (мысалы, Мәскеу қаласында), жалғасып келе
жатқан және интенсивті антропогендік күшке қарамастан, алғашқы табиғи
белгілер кейінгі кеш антропогенді әсерлер арасынан көрініп отыр.
Табиғи техногенді жүйелердің геоэкологиялық мәселелері сондай ақ екі
жақты болып табылады. Олар антропогендік те, табиғи да белгілерге ие.
Шын мәнісінде, тау кен өнеркәсіптік қалалардың геоэкологиялық мәселелері
бірдей, өйткені өндіріс типі, ортаның ластану сипаты мен деңгейлері ұқсас
болып келеді. Бірақ олар бір бірінен аса ерекшеленуі де мүмкін ,себебі
олардың табиғи жағдайлары (геолого-морфологиялық және гидроклиматтық)
тым бөлек болуы мүмкін.
Табиғи техногенді жүйелерге геоэкологиялық көзқарастың айрықша
ерекшелігі, бұл геоэкологияның басты объектісі болып техникалық жүйе мен
оын қоршаған табиғат арасындағы өзара байланыстарды зерттеу болып
табылады, ал кәсіпорындағы экологиялық процестер анализі (транспорт
жүйесі, елді мекенде, ауылшаруашылық алаңында және т.б.) инженерия,
агрономия, архитектура және білім аймағының тағы басқа салаларына
жатады. Геоэкологияның объектісі Арабия шөліндегі мұнай құбырлары мен
қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттесуі немесе Сібірдің орман
тундралы мәңгі тоңдары болуы мүмкін, мұнда бұл табиғи жағдайларда
механизмдер мен инженерлік жүйелердің қызметінің сұрақтары инженерлі
экология категориясына жатады. Алайда инженерлі экология мен табиғи
техногенді жүйелер геоэкологиясы арасынан нақты шекара қою күрделі
болып табылады. Практикалық қажеттілік арқасында қолданбалы экология
көптеген қолданбалы ғылымдар салаларында интенсивті түрде дамып келеді.
Көбінесе оны «инженерлі экология» терминімен атайды.
Өнеркәсіптің түрлі қызмет әрекеттері мен оның геоэкологиялық
барысы экологиялық пирамидаға ұқсас, өндірістік экологиялық пирамида
түрінде жүйеленуі мүмкін.
Пирамида негізінде көбіне минералды шикізат барлау жатады. Бұл
кезеңде барланатын шикізаттың 98% жуық бос жыныстар ретінде, төмен
концентрациялы руда, грунт, стандартты емес ағаш және т.б.сияқты
қалдықтар болып бөлінеді. Шикізаттың тек 2% ғана шикізатты өңдеу деңгейі
деп аталатын келесі деңгейге дейін жетеді. Нәтижесінде, темір, болат, түрлі
прокат сияқты аралық өнімдер алынады.
Өнеркәсіптік өндірістің жоғары сатысында электроника мен машина
жасау аппараттары, композитті материалдар, биотехнология өнімдері және
«жоғары технология» (high-tech) атаулы тауарларын шағаратын жоғары
күрделікті және нақты қазіргі заманғы индустриямен жолығамыз. Бұл сатыда
пайдаланылатын
материалдар
көлемі
минималды,
басты
кірістер
қызметкерлердің жеке тәжірибесі, алдыңғы технологиялар түрінде кездеседі.
Қазіргі индустрия тенденцияларының бірі бұл жоғары күрделі және нақты
өнеркәсіптің көп бөлігі өз өнімін сатуды тоқтатуы. Мұның орнына өнім
тұтынушыға жалға беріледі, ал өндіруші компания ондағы қызмет көрсетуді
қамтамасыз етеді. Осылайша, қызметтер сатысына көшу орын алады, және
қызметтер ролі өсу тенденциясына ие болады. «Жоғары технология» сатысы
қазіргі ғылыми техникалық революция нәтижесі болып табылады. Көбінесе,
әдебиеттерді оқу барысында, адамзат, немесе дамыған мемлекеттер
толығымен аталған сатыға көшті деген қате түсінікке ие боламыз. Шын
мәнісінде, барлық төрт саты бірдей қажет және даму мен жетілдіруді қает
етеді, ал төменгі сатысыз жоғары көтерілу мүмкін емес. Металл, энергия,
химиялық өнеркәсіп өнімдері және т.б. қажет, оларсыз «жоғары технология»
шыңдарына жету мүмкін емес. Өнеркәсіптік өндіріс сатыларына сай
геоэкологиялық мәселелердің өзгеру тенденциялары пайда болады: а)
Алынатын ресурстар мен өңделетін шикізат көлемі азаяды; б) Қоршаған
ортаға тасталатын ластаушы қалдықтар көлемі азаяды; в) Алайда қалдықтар
улылық мөлшері көбейе түсіп, нәтижелі ластану азаймауы да мүмкін.
Өнеркәсіптің геоэкологиялық әсері шикізатты барлаудан өндіріс процестері
арқылы алғашқы өңдеуге дейін, соңғы өнімді пайдалану мен қалдықтарды
орналастыруға дейінгі технологиялық тізбекті қамтиды. Өнеркәсіп – табиғи
ресурстардың (металл және бейметалл рудалары, ауыл шаруашылық
өнімдері, әр түрлі түрлердің энергиялары) маңызды тұтынушысы болып
табылады. Индустриалды процестер нәтижесінде улы газдарды, қатты
қалдықтар мен түрлі сұйық ағындарды жоспарланған немесе бейжоспарлы
тастау қажеттілігі туындайды. Бұл өндіріс процесінде немесе кейінірек
өнімді пайдалану барысында болуы мүмкін. Қалдықтар мен өнеркәсіп
өнімдерінің кейбірі белгілі бір деңгейде улы болып келеді және шығынға
әкеп соғуы мүмкін.
Өнеркәсіптік өндірістің жағымсыз геоэкологиялық нәтижелерімен
күресудің екі жолы бар:
а) Өндірістің соңғы сатысында ластануларды басқару;
б) Өндірістік циклді жүйелік қайта құру.
Шын мәнісінде , стратегиялық типте а) қосымша ретінде
технологиялық цикл соңында ластануларды басқару процесі жүреді. Бұл жол
«құбыр соңында» шартты атауына ие. «Құбыр соңында» ластануларды
өңдеу ластушылардың көлемі мен массасын азайтпайды. Ол тек өңделгеннен
кейін қалдықтарды аталған технологиялық циклде ыңғайлырақ бір ортадан
екіншісіне алмастырады, мысалы ауадан жерге ауысады. Көп жағдайларда
қалдықтарды өңдеу ауаға, су ортасына эмиссияларды қозғалтады. Мұндай
операциялар ұзақ уақытты жағдайда қажет емес және уақытша шара ретінде
жарасымды болып келеді. Негізгі технологиялық цикл шегінен тыс
қалдықтарды, яғни «құбыр соңында» өңдеу кең таралған, алайда шын
мәнінде экологиялық мәселелерді шешпейді. Мұндай технология «аз
қалдықты» немесе «қалдықсыз» атауларына ие.
Қоршаған ортаның жай-күйiн экологиялық нормалаудың және
табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi нақты табиғи ортаны қорғау
және өндiрiстiк жүйелердің даму үрдісінен пайда болатын қажеттiлiктерге
байланысты прецеденттік әдiс арқылы ұзақ кезең бойы қалыптасты.
Су-жер ресурстарының шекті мүмкін деңгейін экологиялық нормалау
негізін экожүйелік тәсіл құрайды, ол антропогендік әсер мен табиғи
нысандардың географиясына кешенді баға берумен айқындалады.
Тұжырымдаманың негiзiне ресурстарды жүйелi түрде барлау; табиғи
жүйелердің ластану ауқымдары; жерлердiң кең ауқымды тозуы; топырақтың
жел, су эрозиясы, сортаңдану; фон экожүйелерiнде зат және қуат айналымын
реттеу ырғағының бұзылуы секілді жағдайлар кiредi.
Экологиялық нормалаудың үш кезеңі ажыратылады:
1-ші кезең – Экожүйелердің қазіргі жағдайын бағалау нақты
аймақтарды аудандастырудан тұрады: табиғи экологиялық; зоналық
географиялық; ботаникалық-географиялық; ландшафттық; агроландшафттық;
геоэкологиялық;
әкімшілік-шаруашылық;
әлеуметтік-экономикалық;
экологиялық зоналау.
Аумақтарды аудандастырудың түрлі әдістері (тәсілдері) Қазақстан
аймақтары, әкімшілік облыстары, аудандары, жергілікті аумақтар
шекарасында нақты жерлердің экожүйелерінің қазіргі жағдайын және
ресурстық әлеуетінің жоғалу (шөлдену) сипатын бағалауға мүмкіндік береді.
Осы әдістерге кешенді талдау жасау арқылы экожүйелер кешенінің жағдайы
мен көрсеткіштерін сипаттайтын шөлдену қаупі мен дәрежесін анықтау үшін
аумақты экологиялық зоналауға мүмкіндік береді (қауіп зоналары: күшті,
орташа, әлсіз).
Жалпы, экологиялық нормалаудың бірінші кезеңі ресурстық әлеуеттің
тозу
дәрежесін
(экожүйелердің
түрлілігі);
көрсеткіштер
кешенін,
экожүйелерде жиналған бұзушылықтарды; қауіп зоналары мен ресурстарды
жоғалту қаупін/шөлденуді анықтайды.
2-ші кезең – Экожүйелердің өзгеру дәрежесіне жүйелердің қызметтік
маңыздылығын бағалау (ландшафттық-тұрақтандырушы, орта түзуші, су
реттеуші, су эрозиялық, жер бедерін тұрақтандырушы); ресурстық әлеуетін
жоғалтудың ішкі (табиғи) қауіптілігі (шөлдену: құмды, тастақ, орман
аумақтары); экожүйелердің бұзылу түрлері мен дәрежесі (шөлдену) жатады.
Бұдан басқа, экожүйелер тозуының арнайы белгілері мен көрсеткіштері: су
экожүйелерінің тозуы, топырақтың тозуы; өсімдіктердің тозуы; жерлердің
тозуы ескеріледі.
3-ші кезең – Аумақтың экологиялық залалын бағалау Қазақстан
Республикасы Экологиялық кодексінің қоршаған ортаға келтірілген залалды
экономикалық бағалау, тікелей және жанама әдістері, залалды экономикалық
бағалау ережелері бойынша баптармен (I бөлім; 108 – 110 б.) реттеледі.
Қоршаған ортаның ластануынан болған залалды экономикалық бағалау
ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі (ҚР Экологиялық
кодексі 16 бап, 6 т.) .
Табиғи жүйелер мен урбандалған аумақтарға келтірілген залалды
бағалау және өтеу құнымен байланысты негізгі мәселелер бірегей
әдіснамалық тәсілдің жоқтығы; әлеуметтік-экономикалық салдарды
(денсаулыққа, мүлікке залал келу) ескерместен әдістерді пайдалану;
экожүйелерді және табиғи-антропогендік кешендерді, су, жер қойнауы, қала
топырақтары; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйелері; орман
қорына жатпайтын өсімдіктер, өсімдіктер мен жануарлардың сирек
кездесетін түрлері, сонымен қатар мұнаймен ластанудың кері әсері және
түсініктердегі біртұтастылық бағалаудағы мәселелер.
Залалды бағалау кезінде табиғи ресурстың қалпына келу
жылдамдығын, яғни экожүйенің фондық жағдайға қайта келуіне қажет
уақытты; топырақ, су, атмосфераны ластағыштарды адсорбциялау және
зарарсыздандыру бойынша табиғи мүмкіндіктеріне сай табиғи жүйелердің
ластану ауқымын жоюға кететін уақытты; топырақтың жел, су эрозиясының,
тұзданудың дамуы және фондық экожүйелерде зат пен энергияның
алмасуының реттелу ырғағының бұзылуы есебінен жерлердің кең алқапты
деградациясын қалпына келтіру жылдамдығын ескеру керек.
Шығындар нақты нұқсандардан тұрады, сондай-ақ жоғалған пайданы
қоса
алғанда:
жүйелерді
қалпына
келтiруге
кеткен
шығындар
(рекультивация, суаттарды ластағыштардан тазалау, су құрылымдарды
қалпына келтіру, орман жолағын, жасыл желектер отырғызу, флора мен
фаунаны
қалпына
келтiру;
алынып
болмаған
табыстар
(мал
жайылымдарының
және
мал
шаруашылығының,
ауылшаруашылық
жайылымдардың өнiмiнің, аңшылық кәсiпшiлiктің, дәрiлiк өсiмдiктер,
балықшылықтың аз өнiм беруі).
Залалдың нақты бағасын беру үшін ауыл шаруашылығы, өндірістік
кәсіпорындар мен жеке бизнес-құрылымдар әрекетінің экологиялық аудит
нәтижелерін пайдалануды ұсынамыз.
Қоршаған ортаға зардабын төмендету мақсатында табиғи және
шаруашылық жүйелерді орнықты пайдалану тұжырымдамасын ұсынамыз.
Бұл тұжырымдаманың мақсаты антропогендік іс-әрекеттедің экономикалық-
әлеуметтік қырларын экологиялық қауіпсіз деңгей балансына жеткізу болып
табылады .
Табиғи-шаруашылық жүйелерде ресурстарды пайдалану тиімділігінің
көрсеткіштерін арттыру үшін оларды ландшафттық аудандастыру қажет;
геохимиялық жай-күйін; антропогендік қысымға тұрақтылығын және
жүйелердің әртүрлілігін бағалау; табиғи-шаруашылық жүйелердің өзгеру
дәрежесін, су қорларын (жер беті және жерасты); ластану дәрежесін,
типтерін, механикалық құрамын, сортаңдану, батпақтану, ауыр металдармен
ластану дәрежесін (геохимия) анықтау, топырақ бонитетін, климаттық
өзгеруіне аумақтың қауіп дәрежесін анықтау. Табиғи-шаруашылық
жүйелерді орнықты пайдаланудың экологиялық қауіпсіз деңгейін әзірлеу
және ресурсты ұтымды пайдаланатын технологияларды енгізу бойынша
жұмыстар жүргізу үшін аумақтың әлеуетіне кешенді бағалау жүргізу керек.
Табиғи-шаруашылық
жүйелердің
өнiмдiлiгін
жоғарылатуды
қамтамасыз ету үшiн табиғи қорларды тиiмдi пайдалану; экожүйе
қызметтерiн инвестициялау (су сақтайтын және қор сақтаушы технологиялар,
жер бетi және су экожүйелерін басқару, табиғи-шаруашылық жүйелердің
биоәртүрлiлігін қорғау); аэро-, ғарыш -, фото - түсірілімдердің,
статистикалық мәліметтердің мониторинг жүйесін құру, зертханалық
зерттеулер үшін экотоксиканттардың мөлшерін анықтауға алынған
сынамалар мәліметтерінің, метеорологиялық мәліметтер жүйесін құру;
жағдаяттық орталықта мәліметтерді өңдеу; төтенше жағдайларда шұғыл әсер
ету базасын құру; табиғи-шаруашылық жүйелердің жай-күйі мәлiметтерінің
ақпараттық базасын құру бойынша жұмыс өткiзуді талап етедi .
Жүйе ұлттық және халықаралық деңгейде, әсіресе ҚР ҚОҚМ
жүйелерінде қызмет ететін қолдағы ақпараттық жүйелермен толығымен
үйлесімді болу керек.
Табиғи-шаруашылық жүйелердің экологиялық орнықтылық индексiн
көбеюту үшiн аумақты пайдалануына қарай өзара байланысты, өзара тиімді
мемлекеттiк, жеке және бизнес-құрылымдар бойынша антропогендік
қызметтiң қауiпсiз деңгейiн қамтамасыз ету арқылы экожүйелік тәсiлді енгiзу
қажет. Аумақтың экологиялық жай-күйі мен ресурстық маңыздылығын
ескеріп, кешендi басқару тетіктерін әзірлеу. Табиғи ресурстарды барлау
шегін анықтау; көмiртектi нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ету;
корпоративтiк негiзде ресурстық әлеуетін пайдалануыды қамтамасыз ету
және жасыл желектер, екпе ағаштар, орман алқаптарын отырғызу, жеке
ЕҚТА, аңшылық және балық аулау шаруашылығын дамыту үшін қолайлы
шарттар жасау; табиғи-шаруашылық жүйелерді қалпына келтiру бойынша
жобалар жасау үшiн жергілікті халықты ынталандыру шараларын әзірлеу
(көлдерді тазалау, жақын аймақтарды, өзен сағаларын, жол маңындағы
отырғызылымдарды тазалау, құмдарды себу, сортаңданған аумақтарды
қалпына келтіру) және дағдарыс және дағдарыс алды аумақтарды
пайдалануда ерекше экологиялық талаптар қою. «Жасыл Қазақстан»
жобасына инвестицияны (ұлттық инвесторлар, халықаралық инвесторлар,
«Жасыл даму» бағдарламасы) тарту және оған ағашты, қалдықтарды өңдеу,
биоотын өндіру, елді-мекендерді жайғастыру, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды,
көшет
бақтарын
(питомниктер)
орналастыратын
кәсіпорындардың (кредит алушылар) қатысуын қамтамасыз ету
Дәріс 9. Қоршаған орта және табиғи қорлар.
Негізгі сұрақтары:
1.
«Қоршаған орта», «табиғатты қорғау», «табиғи қорлар» түсініктері
2.
Табиғи қорлар классификациясы
3.
Табиғатты қорғау принциптері
Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның
байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді.
Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет
әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі
бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды
әрекеттерінен
қорғауға
бағытталған
нормалардың
(ережелердің)
жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды
әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай
күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық,
бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса
оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.
2002 жылы Йоханнесбургте (ОАР) тұрақты даму жөніндегі өткізілген
Бүкіләлемдік самитте (кездесуде) бүгінгі күні биологиялық әртүрлілік
жылдам қарқынмен қысқарып бара жатқандығы атап айтылды. Адамның
әрекеті нәтижесінде теңіздердегі балық коры 75 пайызға дейін
азайды, маржан рифтерінін 70 пайызы жойылу каупінде түр. Табиғат тозуда,
сонымен бірге адамзат та тозып барады, қоршаған ортаның ластануы
нәтижесінде халықтың денсаулығы да нашарлап келеді, ал мұның соңы адам
тегінің бұзылуына әкеп соқтырады, тұқым қуалайтын аурулар, оның ішінде,
ең
алдымен,
психикалық
және
туа
біткен
аурулар
санының
өсуіне, маскүнемдік, нашақорлық,СПИД, ақ
қан
ауыруы, қатерлі
ісік,
жұқпалы және вирусты аурулар таралуына әкелуде. Бүгінгі таңда барлық
мемлекеттер зиян шеккен экологиялық ахуалды қалпына келтіру жөнінде іс-
шаралар қолдануда. Алайда қоршаған ортаға төнген қатердің қауіптілік
дәрежесінің жоғарылығы соншалық, бүгінде ол тек мемлекеттің ішкі
шаралары ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық шараларды да
қолдануды
талап
етіп
отыр.
1992
жылы
маусымда Рио-де-
Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-
ның конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды.
Аталған декларацияға біздің еліміз де қосылды.
Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн
сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс
болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның
ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын
адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн
сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40
мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн
гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың —
мұнайдың, табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып
отыр, Жер ғаламының әрбір бесінші тұрғыны таза су ішпейді.
Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын
былай түсіндіреді:
1) барлығы барлығымен байланысты;
2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;
3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";
4) еш нәрсе тегін берілмейді.
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер
етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары
Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық,
техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды
міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық
актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар
құқықтық қағидаларға негізделуі керек.
Құқықтың
қағидалары — Қазақстан
Республикасы
Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық
ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудыңнегізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының
басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты
және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты.
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер
қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты.
Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін
жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар
күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің
барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың
сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде
сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар
бар.
табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат
байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда
мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар
жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол
жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға
тыйым салынған;
кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық
мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр
аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды. Ол үшін мемлекет әр түрлі
шаралар қолданады — жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен
жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан
қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің
алдын алу қағидаты;
коршаған
ортаны
қорғау
саласындағы
тығыз
халықаралық
ынтымақтастық кағидаты;
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу
кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана
емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек.
Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен
материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген:
"Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы
Достарыңызбен бөлісу: |