Дәріс 6.Қазақстанның табиғат зоналары.
Негізгі сұрақтары:
1.
Қазақстан табиғат зоналарының геоэкологиялық ерекшеліктері
2.
Қазақстан табиғат подзоналарының геоэкологиялық ерекшеліктері
3.
Ендік және биіктік белдеу зоналары
Табиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар
қалыптастырады.
Олар
көп
жағдайда күн жылуының
таралуына
(яғни географиялық
ендікке)
тәуелді.
Тағы
бірфактор -
аумақтың
ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде
әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп
түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді
аймақтар пайда
болады.
Әрбір зона өзіне
тән
климатымен,
топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір
зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.
Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте
орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен
бірге бұл зоналарда топырақ жәнеөсімдік жамылғысы батыстан шығысқа
қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады.
Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты
(зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады
Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен
оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса,
таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың
биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді
біз Қазақстан территориясында кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша
сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану
мәселелеріне тоқталамыз.
1)Республиканың қиыр терістігінде біраз территорияны жеткілікті
ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан
түсетін ылғғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, ерден буланатын
ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер
беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды
топырақтар көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен
шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі.
Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен
Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған,
негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, етті-сүтті мал
шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің барлығы түгелдей
игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін
пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша не бары 0,4 млн (
республика жерінің 0,2%) гектар, зонаның негізгі бөлігі , Терістіктегі Ресей
жерінде.
2) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона
жатады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі
зонашаға бөлінеді. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар
облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан
облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз
және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ
болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек
қайталанады. Оның топырақтары мен топырақ зонаның Батыс Сібір
провинциясында кездесетін кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктің қара
топырағы.Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта
негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған
топырақтар және комплексті учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал
жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі -
25,4 млн гектар, яғни республика жерінің 9% жуық. Бұл алқаптың көп жері
1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
2) Кәдімгі топырақты зонаша республиканың 11,7 млн гектарын, яғни барлық
жерлердің 4,3%-алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі
топырақтары
–кәдімгі
ортагумусты
қара
топырақтар.
Топырақ
қарашіріндісінің мөлшері беткі 0-10 см қабатында 7-8%, табиғи күйінде
құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен
он жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн гектар, республика
жерлерінің 5,1%-ы. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы
уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтардың басым бөлігі азгумусты қара
топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%.
Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері
басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3
рет қайталанады.
4) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстан батысынан
шығысына қарай-Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып құрғақ және
шөлді-далалы
қара
қоңыр
топырақты
зона
жатыр.
Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның
70% жерін қамтиды. БҰл аймақта Павлодар облысының көп жері , Солтүстік
Қазақстан облысының батыс жағынан біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола
облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс
Қазақстан,Қарағанды
облыстарының
көп
жерлері
орналасқан.
5) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді
аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы
зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі.
Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз,
әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы
қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара-қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан
түсетін ылғал мөлшері жылына орташа есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістің
өнімді
шығуын
қамтамасыз
ете
алмайды.
6) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып
жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау,
Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола,
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының біраз жерлері, Алматы,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері
орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану
коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері
80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні
бұлтсыз, ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы
Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге
тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан
өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі
қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен
табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек
шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған
топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың
топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта
қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%.
Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына
ұқсайды. Бұл зона екі зонаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба
топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба
топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада, әсіресе, соңғысында
тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланғар жерлер
көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы
егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес
топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан,
суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды
қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның
көлемі 119 млн гектар, Яғни республика территориясының 44% жуық.
Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды
өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына
бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде
қаракөл қойлары, «шөл кемесі» атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал
мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ
күнін ұнататын кейбір қымбатты дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер
береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға
айналдыруға болады деген қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін
шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып бірін-бірі
толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылық.
Таулы алқаптың топырақтары. Қазақстан территориясында жазық
жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда көп. Дегенмен
республиканың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар
алып жатыр. Олар- Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы
облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл
облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем,
Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен
жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі
Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі.
7) Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылған
тау етегіндегі шөлді дала зонасы белдеуі орын алған. Жазықтағы шөлді дала
зонашасына қарағанда тау етектерінде жатұандықтан, бұл аймақтың табиғи
жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу- таулық белдеулік зоналығының ең
төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау
етегіндегі
шөлді-далалы
аймақтағы
ылғал
мөлшері
жазық
территориядағы шөлді дала зонасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың
орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың
көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады.
Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық
дақылдары-күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде
астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен
көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
8) Тау етегі шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала
белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына
тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді.
Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір
аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі.
Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара
топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл алқапта
суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі.
9) Орташа-таулы , шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы –далалы
белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері
жылына 850-900 мм-ге дейін түседі. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі.
10) Биік таулы-шалғынды және шалғынды далалы белдеу-биік таулы
аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан
суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау.
Топырақтары-биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-
далалы топырақтар.Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар және мұз
жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі.
Өзін – өзі тексеру сұрақтары:
1.
Қазақстан табиғат зоналарына сипаттама
2.
Ендік бойынша таралу заңдылығы, олардың ерекшеліктері
3.
Биіктік
белдеу
бойынша
таралу
заңдылығы,
олардың
ерекшеліктері
Дәріс 7. Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру.
Негізгі сұрақтары:
1.
Аудандастырудың зоналық принциптері
2.
Геоэкологиялық аудандастырудың методологиялық негізі
3.
Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру схемасы
Экожүйедегі
тепе-теңдіктің
бұзылуына
және
белгілі
бір
территориядағы
органикалық
тіршіліктің
барлық
формаларының
деградацияға ұшырауына алып келетін табиғи және антропогендік
процестердің жиынтығы, яғни, адамның қатысуынсыз табиғи экожүйенің
орнына қайта келмейтіндей өсімдіктер жамылғысын жоғалтуы шөлейттену
деп аталады. Шөлейттену негізінен ылғалы тапшы аудандарда табиғи және
көбіне антропогендік факторлардың әсерінен (орман ағаштарын Қырқу,
жайылымдарды үздіксіз пайдалану, суғару жұмыстары кезінде су
ресурстарын үнемсіз пайдалану және т.б. пайда болады. Шөлейттену әлемнің
барлық табиғи аймақтарында жүруде.
Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдеріндегі шөлейттенудің басты себебі -
табиғи ресурстарды шаруашылықта пайдалану құрылымының сол
ландшафтың табиғи мүмкіншілігіне сәйкес болмауы, халық санының өсуі,
антропогенді қысымның артуы, кейбір елдердің әлеуметтік-экономикалық
жағдайының төмендігі. БҰҰ-ның 1985 жылғы мәліметтері бойынша, сол
кездің өзінде антропогенді шөлейттенудің көлемі 9 млн км²-ге жеткен және
жыл сайын 7 млн гектар жер пайдаланудан шығып қалуда. Шөлейттену
процесі жалпы жер көлемінің Азияда - 19%, Африкада - 23%, Австралияда -
45%, Оңтүстік Америкада - 10%- ын құрайды. Сахара шөлі оңтүстікке қарай
жылына орташа 6 км жылдамдықпен жылжуда.
Орта Азияның таулы аудандарында, Арал және Балқаш төңірегінде,
Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның биік зоналы геожүйелерін қоса (Тянь-
Шань, Памир-Алай) шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Амудария мен
Сырдария өзендерінің суларын ауыл шаруашылығының қажетіне пайдалану
Арал теңізінің сусыз жерлерінде сортаң, тақыр жазықтықтардың пайда
болуына алып келді. Сондай-ақ Арал төңірегі ландшафтарының деградацияға
ұшырауы көлді-батпақты және тоғайлы табиғи кешендердің тұздың жиналуы
молая
түскен
гало-ксерофитті
кешендерге
алмасуда.
==Тұрмыстық
және
өнеркәсіптік
қалдықтар==
Тұрмыстық
және
өнеркәсіптік
қалдықтар -
түзілген
жерлерінде
пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде
немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс,
транспорт және т.б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам
өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т.б. қоса)
пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ
ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар
әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150
млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді.
Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу
қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.
Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті
(улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында
пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және
мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО
территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып
кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген
қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі
тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар
көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50
ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.
Қазақ елінің шөл аймағы – табиғаттың физикалық-географиялық
жағдайынан, сол сияқты адам әрекетінің нәтижесінен пайда болған
ландшафт. Қазақстанның алып жатқан географиялық орны 4 табиғи аймақты
қамтиды: орманды дала, дала, шөлейт, шөл. Бұл аймақтар жалпы география
ғылымында қалыптасқан табиғи ландшафттық аймақ ретінде аймақтарға
жатады. Аймақтың қалыптасуын В.В.Докучаев, Л.С.Берг сияқты ұлы ғалым-
дар зерттеген. Л.С.Берг осы зоналар аралығында өтпелі аймақтарды
қарастырған және ендік бағыттағы зоналарды геологиялық, тектоникалық,
орографиялық ерекшеліктеріне қарай провинцияларға бөлген. Осы айтылған
аймақтар шекаралары бүгінгі таңда өзгеріске ұшыраған. Оның негізгі себебі
қоғамның, экономиканың дамуымен, адам әрекетінің әсерімен тікелей
байланысты. Адам әрекетінен пайда болған ғаламдық экологиялық мәселелер
қоршаған ортаға техногендік жүктеменің артуынан туындайды. Осыдан
келіп, шөлейттенудің көлемі ұлғаюда. Аумағының көп бөлігі жеткілiксiз
ылғалдану аумағында орналасқан Қазақстан үшiн, елдiң үштен екiсi шөлейт-
тену процесiнiң әртүрлі деңгейiне ұшыраған (барлық жердің 70%-ға жуығы).
Мұның пайда болуына климаттың аридтылығы, топырақтың дефляцияға
ұшырауы, топырақтың тұздануы, сол сияқты жердің әртүрлі химиялық
заттектермен ластануы әсер етеді.
Шөлейттену әлемдік деңгейде бұрын да, қазір де және болашақта да
болатын жаһандық табиғи өзгерістердің қатарына жатады. Ол – циклдық
өзгерістердің туындысы. Оның әрі қарай дамуы, күрделенуі адамның іс-
әрекетімен тікелей байланысты.
Қазақстан жерінің шөлейттенген негізгі аймақтары Шығыс Қазақстан
(Семей өңірі), Алматы облысы (Балқаш көлі маңы), Қызылорда облысы
(Арал маңы), Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)
бүгінгі таңдағы адам мен қоғам арасындағы үлкен арақатынастың
күрделенуіне әкеліп соғуда.
Біздің келтірілген антропогендік ландшафттардың планетарлық,
аймақтық кең таралуы, оларды жіктеудің бір жүйеге түспегендігінен. Біз
білетін орманды дала, дала, шөл, шөлейт, биік таулы табиғи
ландшафттарының шекаралары өзгеріп кеткендігі жайлы ғалымдар арасында
жүйеленген пікір жоқ. Тіпті, ғалымдардың жазған ландшафт жайлы еңбектері
мен оқулықтарында да антропогендік ландшафттың жіктелуінің себебі,
салдары айтылмайды. Осыдан шығатын қорытынды, антропогендік
ландшафттың қалыптасуы, кең етек алуы жайлы ғылыми-теориялық
тұжырымдамалар жетіспейді.
Ерте кезден-ақ қоғам дамуы мен оның экономикасының дамуында адам
әрекетінің рөлі ерекше болған. Жаңа жерлерді ашу, оның байлықтарын игеру
қоғамның дамуына қызмет жасаған. Соның салдарынан мемлекет пен
мемлекеттің, құрлық пен құрлықтың, ел мен елдің, сауда-саттықтарының
тарихта қалдырған іздерінен, табиғат тұтастығы жайлы мағлұматтарынан
байқауға болады. Мысалы, Жібек жолы арқылы жүрген саудагерлердің,
саяхатшылардың, елшілердің жүрген жеріндегі табиғаттың біртұтастығы
жайлы мағлұматтарын ескерсек, қазіргі табиғаттың нысандарына сәйкес келе
бермейді. Феодализмнен социализмге көшу, социализмнен капитализмге
көшу жолындағы табиғаттың бұрын қалыптасқан табиғат болмысын
өзгертуде адамның үлкен әрекетін байқауға болады.
Әлемдік деңгейде ғылымның дамуы мен адамдардың өзіне керекті
табиғатты
ысырапсыз
пайдалануы
арқасында
көптеген
табиғат
ландшафтысының өзгеруіне әкеп соқты. Ғылыми-техникалық прогрестің
дамуы табиғи ресурс қорының азаюымен қатар, олардағы топырақтың
құнарсыздануы, ауаның ластануы, ғылымдағы жаңа даму сатысындағы
жоғарғы технологияның келуі, пайдаланудың әлемдік стратегиясының
қалыптасуы арқылы орны толмас табиғат ландшафтысы көрінісінің өзгеруіне
әкелді.
Солтүстік Қазақстанның 30% жері жарамсызданған, Батыс Қазақстанда
мұнай-газ өнеркәсіп өнімдерімен 100 мың гектар жері техногендік ластанған,
2,5 миллион гектар жайылымдары жойылуда. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған
полигондары қамтып отырған 1,4 миллион гектар жер радиоактивті қалдық-
пен ластанған.
Ал Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы су астында қалып,
мұнай өнімдерімен ластану одан әрі жалғасуда (итбалықтардың азаюы,
мезгіл-мезгіл қырылуы, өсімдіктердің жойылуы).
Орталық Қазақстанда жарамсыз жерлер көбеюде. Өзен бойларында
техногендік ластану, топырақ құнарсыздануы, жануарлардың түрлерінің
сиреуі, жайылымдардың тозуы, радиоактивті химиялық ластану мен ракета-
космос қалдықтармен ластану (Бетпақдалада) жоғары деңгейде.
Оңтүстік Қазақстанда Амудария мен Сырдария алабының 2 миллион
гектар жері шөлге, топырақтары сор, тақырға айналған Арал табанынан
ұшқан тұздар экожүйені қайтымсыз бүлдіруде. Жаңа антропогендік
ландшафтының қалыптасуы әлемдік деңгейде де байқалады. Мысалы,
Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, АҚШ-тағы Невада штатындағы
жасалған сынақ жарылыстары. Осы өңірдегі 300 млн. га сексеуілдің
жойылуы өте өкінішті. Арал, Созақ, Шолаққорған уран кен орындарының
қоршаған ортаны ластауы антропогендік ландшафттың көрінісі. Жаңа
антропогендік ландшафттың қалыптасуы әлемдік деңгейде де байқалады.
Мысалы, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки, Америкадағы Колорадо
атом жарылысы.
Шу-Мойынқұм,
Балқаш-Алакөл
аймағында
адам
әрекетінен
антропогендік ландшафт ұлғаюда, климатының құрғақтануы, Қапшағай,
Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды көп қажет ететін күріш
техникалық дақылдарының өсірілуі суармалы жерлердің тозуына әкеліп
соқты. Сол сияқты, Шығыс Қазақстан аймағында да ірі түсті металл,
вольфрам, уран, қорғасын, мыс, мырыш кен орындары елді мекендер мен
қала тұрғындарына қауіп әкелуде.
1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 503 ядролық қару
сыналды. Ол 20 миллион гектар жерді тоздырып тіршіліксіз экожүйелерге
айналдырды. Соның нәтижесінде, 3,4 миллион адам тұратын елді мекендер
қамтылды, олар әлі де зардап шегіп отыр. Ядролық қарудан тек атом
бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б.
техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған.
Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет
ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар
жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың шекті рауалы
мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені
анықталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол
сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі
маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш
айлағы да жатады. Қазақстанда қазіргі кезде 20 миллион тонна қатты
радиоактивті қалдықтар жинақталған.
Полигондардың ішінде Семей өңірі – ең көп зардап шеккен аймақ.
Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов
қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы
аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап
шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Қазақстан жерінде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи
экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Полигондарға пайдаланылған жерлер-
дің ауа, су, топырақ құрамы радионуклеидтермен ластанып, ауа мен жерасты
сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі.
Жаңа қалалар, құрылыстар, су қоймаларын, жолдар салуға жыл сайын
5-7 миллион гектар егістік жерлер кетеді, сөйтіп 20-25 миллион адамды
асырайтын егін алқабы кеміп жатады. Адамдар өмір сүргелі 1,5-1,9 миллиард
гектар жер құмға, батпаққа, жыра мен сайға, бұта басқан алқапқа айналуда.
Сахара сияқты тіршілігі жоқ құмдар табиғаттың ғана ісі емес, адамдардың ісі.
Антропогендік ландшафтылар аймақтық сипат алуда.
Кейінгі ғалымдардың жоғарыда айтылған антропогендік ландшафтыны
зерттеуде нақтылы жаңа бағыттағы геоэкологиялық мәселелердің негізгі
туындауы оның кең көлемде аумақтық деңгейде етек алуы ғылыми-
техникалық прогрестің (ҒТП) жедел дамуымен байланысты.
Сонымен, антропогендік ландшафттың күрт дамуына әсер еткен
факторларды төмендегідей топтастыруға болады:
1.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адам әрекетінің етек алуынан;
2.
ҒТП жедел дамуынан;
3.
Геоэкологиялық апаттардың молаюынан.
Көптеген елдер қазірдің өзінде жер тапшылығын көруде. Шығыс Азия
елдерінде технопарк, жасанды су қоймаларын салу, бау-бақша, газондар
отырғызу, тастардан мүсіндер жасау, ал мұнайлы елдерде өндіріс орындарын
көбейту салдарынан мәдени ландшафт кең етек алуда. Сондықтан жерді
ұтымды және үнемді пайдаланудың түрлі шараларын іске асыруда. Олардың
ішінде мыналарды айтуға болады:
– әлемдік деңгейде қаладағы тұрғын үйлердің қабаттарын көбейту;
– жер астын тұрғын үйлер мен басқа құрылыстарды салуға пайдалану.
Табиғи ландшафттардан антропогендік ландшафттың негізгі айырмашылығы
– табиғи ландшафт өзін-өзі реттеп, бір-бірімен байланысып жатса,
антропогендік ландшафт қайта қалпына келмейді немесе өзін-өзін реттеу
үшін ұзақ уақыт кетеді. Сондықтан, антропогендік ландшафтты қайта
қалпына келтіру үшін, адам табиғат компоненттерін жоспарлы түрде тиімді
пайдалануы қажет.
Осы бір-біріне қайшы келетін екі көзқарас даулы мәселені шешпейді.
Тұранды Оңтүстік Қазақстанмен бірге бір физикалық-географиялық облысқа
біріктіріп, сондай-ақ шөлейтті Қазақстанды Орталық Азияға жатқызу көңілге
қона бермейді, себебі олардың табиғи ерекшеліктерінің кешені бір типті
емес. Бұл жәйт КСРО-ның табиғи аймақтану бойынша бірқатар
жұмыстарымен дәлелденді.
Климатологтар (Б.П. Алисов, 1956) «Тұран табиғатына байланысты
Орта Азияның континенталдық шөлейтті климаттық облысын бөліп
көрсетеді, ол Орта Азияның жартысын алып жатыр және Оңтүстік
Қазақстанды, субтропикалық белдеудің шөлейтті оңтүстік Тұран облысын
қамтиды, оның климаты радиациялық фактордың әсері негізінде және қыс
мезгіліндегі иран фронтындағы циклонның әрекетіне байланысты құрылады»
дейді.
«КСРО-ны геоботаникалық аудандастыру» кітабында (1947) Тұранның
шөл далалары екі аймаққа бөлінген – Арал-Каспийлік және Каспий сырты.
«КСРО-ны табиғи-тарихи аудандастыру» монографиясында (1947) Орта
Азияның шөл далалары 3 аймаққа бөлінген – Маңғышлақ-Үстірт, Арал-
Балқаш және Тұран.
Құмдар Қазақстанның өте үлкен аудандарын (Қызылқұм, Сарыесік-
Атырау, Мойынқұм, Үлкен және Кіші Борсыққұм) алып жатыр. Климатпен
бірге құмдағы өсімдік топырақ түзуші факторлардың ең маңызды
ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Шөлді аймақтарда сонымен қатар,
тақыр топырақтар мен ақ сортаң жерлер де тараған.
Құмды шөлдер бүкіл шөл аймағының үштен біріне жуығын алып
жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм,
Сарыесік-Атырау, және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын,
Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың
жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған.
Кейін желдің әрекетінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер
түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның
беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әруақытта ылғалды
келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы жатады.
Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты
қырқалар мен төбелерде, борпылдақ құмды қырқалардың аралығында, қазан-
шұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топы-
рақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақыл-
дар мен бақша дақылдарын егуге болады.
Сазды шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе сорларға жапсарлас
жатады. Ең ірі сазды шөл – Үстірт, Бетпақдала және Сырдария өзенінің
оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң және
тақыр алып жатыр. Тастақ немесе тасты шөлдер Қазақстанда онша көп емес.
Мұндай шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және
Үстіртте кездеседі.
Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады.
Мұнда негізінен ашық-қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғыл-
данады. Шөлейтте қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдым-
ойдым суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі. Шөл аймағында
Барсакелмес, Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.
Республика аумағының ормандылығы жалпы аумақтың 4,6%-ын ғана
құрайды. Бұл сексеуілді жерлерді, орман жайылымдарын және бұталы
тоғайларды қоса алғандағы көрсеткіш. Ал, орман құрамына тек ағаштарды
алған кездегі нақтылы ормандылық 2,3%-ды құрайды.
Ормандардың сиреуі соңғы 40 жылдың ішінде қылқан жапырақты
ормандардың өнімділігі 7%-ға, майқарағай ағаштарының ауданы 13%-ға
кеміген, Кенді және Оңтүстік Алтай ормандарында ағаштардың сиреуі
байқалады. Жетісу және Іле Алатауында өсетін алма ормандарының ауданы
24%-ға қысқарды.
Қазақстанның 5,0 миллион гектар ауданында шабындықтар бар.
Шөлейттену салдарынан шабындықтардың ауданы қысқаруда. Оларды
арамшөптердің басуы, бұталардың көбеюі, шалғындық өсімдіктердің
ресурстық қана емес, сонымен қатар, суды реттейтін рөлі де толық немесе
жартылай жойылуы көрініс беруде.
Қазақстанда топырақтың жел эрозиясы негізінде туындаған
шөлейттенуі далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейтті және шөлейтті
ландшафтты қамтыған. Жел эрозиясының әсерінен топырақтың құмдану,
құнарсыздануы пайда болады. Егістік жерлердің жел әрекетінен
қарашіріндінің құрамы азаяды, карбонаттылығы көбейеді, агрохимикалық
және сулы-физикалық қасиеттері нашарлайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда егістік жерлерде дефляцияның әлсіздігіне,
оның қысқаруына байланысты болжаулар бар. Республикамыздың
қуаңшылық аймақтарында, әсіресе қатты тозған жайылымдарда жер
эрозиясының күшею қауіптілігі жоғары.
Суармалы жерлерді кеңейту жөніндегі бағдарламаны іске асыру
барысында суландыруға сорғытылмаған және сортаңданған топырақтардың
ауқымды алқаптары азайды. Көлемді суландырудағы өңірлердің су және
экологиялық проблемаларының ішінде суды үнемсіз пайдалану мәселесі күн
тәртібінде тұр. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, эко-
номикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрінің болмауынан.
Суғарудың есепсіз болуы тұзданудың, батпақтанудың және су
эрозиясының негізгі себебіне айналды, ал кәрізді сулардың шығыны
өзендердің тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары
минералдануына алып келді.
Қазіргі кезде әлемдік деңгейдегі планетарлық антропогендік ландшафт-
тың етек алуы – табиғаттың даму заңдылығында тепе-теңдіктің күрт
өзгеруінен бүгінгі күнде бүкіл адамзат баласының алдында тұрған үлкен
мәселе. Әлемдік деңгейде ғалымдардың осы мәселені зерттеуі, табиғаттың
өзгеру болмысын анықтау үшін экология ғылымына жүгінеді.Арал
қасіретінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарлары зор.
Арал өңірі аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай
қалыптасты және мұнда соңғы 15-20 жылда жұқпалы аурулар, әсіресе, іш
сүзегі, туберкелез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар
ұлғайды. Осындай мәселелер Балқаш маңы өңірінде де туындауы мүмкін.
Қазақстан аумағындағы техногендік шөлейттену индустриялық өндірісті
дамыту және пайдалы қазбалар мен кен орындарын игеру, көлік және
инженерлік инфрақұрылымдарды салумен, су және жер ресурстарының
жедел игерілуімен және ластануымен, экожүйелерге тікелей және жанама
теріс әсер етуінен туындайды. Осы әсер етудің түрлерімен қатар, техногендік
шөлейттену үдерістеріне ауа бассейніне улы заттардың таралуы тікелей әсер
ету жағдайы да байқалған.
Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандарының қалыптаспағандығы,
жайылымды мал шаруашылығы жүйесінің бұзылуы, техникалық және қаржы
құралдарының жеткіліксіздігі жұмыссыздық пен кедейлікті ұлғайтуда. Теріс
әлеуметтік-экономикалық процестер өз кезегінде шөлейттену үдерісін
дамытуда.Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік жағдаймен байланысты, шөлді
аумақтарда орналасқан облыстардан халықтың жыл сайынғы көшіп кетуі
жүздеген мың адамдарға жетуде. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және
мекен ету ортасының жұтауы салдарынан халықтың тұрмыс деңгейі
төмендеді, медициналық қызмет көрсету жеткіліксіздігі, пайдалануға
жарамсыз ауыз су, шаңды және тұзды дауылдар халық денсаулығы жай-
күйінің тез нашарлауының, демографиялық дағдарыстың алғышарты болып
табылады. Бұл халықтың өсуіне кері әсер етеді.
Шөлейттенуге ұшыраған өңірлерде балалар өлімі өте жоғары.
Экологиялық-санитарлық қысым балалардың жалпы дамымай қалуының, қан
аздығының, туа біткен ауытқушылықтардың, жүйке аурулары, жүрек-қан
тамырлары аурулары туындауының негізгі көзі болып табылады.Қоғамның
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізудің мемлекеттік
стратегиясы елдің шаруашылық және өзге де шешімдерді қабылдау кезінде
экологиялық жағдайды ескеру көзделуде. Сондықтан қоршаған ортаны
қорғау саласындағы тиімді саясатты жүзеге асыру республикалық, облыстық
және жергілікті деңгейлерде табиғатты пайдаланудың нормативтік-құқықтық
қаржы-экономикалық негіздерінің қазіргі талаптарына сәйкес келетін табиғат
қорғау заңнамасының жаңа жүйесін құруды талап етеді. Осыған байланысты,
шөлейттену мен құрғақшылық үдерістерінің физикалық, биологиялық және
әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қамтитын кешенді шараларды әзірлеу
қажет. Атап айтқанда, елдің тұрақты даму саясатына кедейшілікпен күрес,
шөлейттенуге қарсы күрес және құрғақшылықтың салдарларын туындайтын
мәселелерді азайту жөніндегі іс-шаралардың ықпалдасуын күшейту қажет.
Қазақстан Республикасында жасалып жатқан шөлге айналумен
күресудің тиімді мемлекеттік саясатын жүзеге асыру үшін ұлттық стратегия
мен жоспар табиғатты тиімді пайдаланудың нормативтік-құқықтық және
қаржылық-экономикалық негіздерінің қазіргі заман талаптарына сәйкес
келетін табиғатты қорғау заңнамасының үйлесімді жүйесін құруды және
енгізуді қарастырады. Негізгі бағыттары – адамдардың әл-ауқатын
жоғарылату және қоршаған ортаның жағдайын тұрақтандыру, тұрақты даму
мақсаттарына жету үшін топырақтардың құнарлылығын, өнімділігін
жоғарылату және олардың биологиялық әртүрлілігін сақтау және қалпына
келтіру,
жерлердің
деградациясымен
күресуге,
жер
пайдалануды
әртараптандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жолымен
Қазақстандағы шөлейттену үрдісін тоқтату және оның алдын алу.
Климаттың өзгеруі табиғи ішкі және сыртқы себептерден, адам
әрекетінің салдарынан да болатындығы белгілі. Әртүрлі ғалымдардың
жүргізген зерттеулерінің қорытындылары энергияны тұтыну дәрежесінің
жоғарылауы
ауа
температурасын
ғаламдық
климаттың
ғасырлық
ауытқуының себебінен табиғи жолмен болатын өзгеріспен салыстырғанда
бірнеше есе тез жүреді. Ғаламдық жылыну дегеніміз жердің бетіндегі ауаның
орташа жылдық температурасының жоғарылауымен сипатталады. Жер
бетіндегі күн энергиясының саны сипаттайтын шағылу қабілеті шөл
далаларда ылғалды өсімдіктердің альбедосымен салыстырғанда анағұрлым
жоғары. Егер топырақтың альбедосы төмендесе, онда сіңірілген күн
энергиясының саны жоғарылайды, бұл одан әрі ауа температурасының
жоғарылауына әкеледі.
Шөл далада орналасқан халық шаруашылық нысандары үнемі
шөлейттену үрдістерінің әсеріне душар болуда және бұл Қазақстанның түгел
экономикалық және әлеуметтік саясатына қатты әсер етеді. Сондықтан
қоршаған ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, атап айтқанда, жер
ресурстарын тиімді пайдалану Қазақстанның мемлекеттік экологиялық
саясатының басым бағыты болып табылады.
Қазақстанның
барлық
дерлік
аумағы
ежелгі
дефляциялық-
аккумулятивті үрдістерге белсенді жеткен ежелгі өзен арналарында пайда
болған кең алқапты құмды шөл далаға жатады. Шөлге айналумен күресу
бойынша іс-әрекеттердің ұлттық бағдарламасында төрт басым бағыт
анықталған. Олар:
– көп жылдық жыл бойына созылатын жайылымдарды құру;
– шағын тұтынушыларға арналған күн энергиясы қондырғысын жасау және
іске асыру;
– Арал маңында орналасқан халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын
жақсарту мақсатында Арал маңындағы экологиялық жағдайды сауықтыру;
– ең маңызды инженерлік құрылыстарды құм басудан және дефляциядан
қорғау.
|