Түсінік хат
«Математика» оқу пәні
Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
18-кесте – Жұмыс түрлерінің критерийлері мен дескрипторлары
№
|
Жұмыс түрлері
|
Критерийлер/дескрипторлар
|
1
|
Берілген мәліметтері жетіспейтін есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға жетіспейтін мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.
|
- мәліметтері толық емес есептерді ажырата біледі;
- есепті жетіспейтін мәліметпен толықтыра алады;
- жазбаны нақты мәліметтермен толықтыра алады
|
2
|
Артық мәліметтер берілген есептерді шешу
Білім алушылар сандары, шарты мен сұрағы бар есептердің шығару жолдарын жақсы түсіну үшін оларға артық мәліметтері бар есептерді ұсынуға болады.
|
артық мәліметтері бар есептерді ажырата алады;
есептің шартын өзгерте және дәлелдей алады;
бақылай, салыстыра және қорытынды шығара алады
|
3
|
Графикалық модельдеу
Графикалық модель – сюжеттік есептің сызбасы, ол білім алушыларға есеп шартында берілген абстрактілі қатынастарды нақты кеңістіктік формада түсінуіне көмектеседі.
|
есеп мәтінін сызбамен келтіре алады;
есеп мәтінін және оған сай келетін сызбаны сәйкестендіре алады;
есептің берілгендерімен модельді толтыра алады;
сызба бойынша есеп құрастыра алады
|
4
|
Заңдылықтарды табу және өзінің заңдылықтарын жасауға арналған шығармашылық тапсырмалар. Математикалық заңдылық – бұл белгілі бір ереже. Осы ереже бойынша элементтердің сандық, пішіндік немесе басқа да қатарында белгілі бір сәйкес тәртіппен элементтердің немесе олардың қасиеттерінің қайталануы немесе өзгеруі болып табылады.
|
заңдылық – бұл белгілі бір ереже, іздеу екенін біледі;
- элементтері/заттар белгілі бір ереже бойынша орналасқанын түсінеді;
- топтастыра және қорытынды жасай алады.
|
Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (19-кесте).
19-кесте – «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар
|
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
2-сынып
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Достарыңызбен бөлісу: |