Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі


Сыпайы тоңбайды, қалтырайды. Жомарт



бет5/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Сыпайы тоңбайды, қалтырайды. Жомарт жоқтығын білдірмес. Көп қорқытар, терең батырар. Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі. Жоққа жүйрік жетпес. Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді. Үлкен бастар, кіші қостар (Мақалдар).
Сын есімдер тәуелдік, көптік жалғауларда тұрып та бастауыш қызметінде жұмсалады. Бірақ ол қағида сын есімнің бастауыш болуының бірден – бір шарты еместігі жоғарғы мысалдардан анық көрінеді.
Сын есім көптік, тәуелдік жалғауларсыз – ақ субстантивтеніп бастауыш болу үшін, олар бастауыштық әуенмен, дауыс ырғағы арқылы басқа сөздерден оқшауланып тұрулары керек.
Е с і м ш е де бастауыш болғанда, сын есімдей, қимылдық сапаның үстіне заттық мағына жамап тұрады. Есімшеден болатын бастауыштардың ерекшеліктері мынадай:
а) Баяндауышты етістік, зат есім, есімдіктерден болған сойлемде есімше бастауыш қимыл иесі – кісі (сұрағы – кім?, не қылған? ) орнына жұмсалады:
Бәйгені озған алады. Көрмес түйені де көрмес. Жығылған күреске тоймас. Еккен орар. Ерінбеген етікші болар (Мақалдар).
Келген – Жақып, көргенол; Турайтын мен де, жейтін – сен. Екі аразды табыстыратын да, айыратын да, - арадағы кісі. (Б.Майлин)
ә) Баяндауышы сын есімнен болған сөйлемде есімше бастауыш басқа заттың мағынасында жұмсалады (сұрағы – не?, не қылған?, не өткен? ):
Қарауытқан қыста қызара бөртіп жылқы баққан қызық та, қиын да (С.Бегалин). Берген ұят емес, алған ұят.
б) Көптік жалғаудағы есімшелер бастауыш болғанда, олар әр уақытта қимыл иесі –кісі – мағынасында жұмсалады: Егін оратындар әрі кетті де, астық таситындар қырман басында қалды.
в) Тәуелдік жалғауларда тұрып бастауыш болған есімшелер әр уақытта зат есім мағынасында жұмсалады (сұрағы – нем?, нең?, несі?, не қылған?, не еткен?):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет