Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі



бет2/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеудің міндеттері:
Зерттеудің болжамы: қазақ тілінің тұрлаулы мүшелерін меңгерту әрбір оқушының жеке қабілеттерін ескеріп, өз әрекетін нәтиже ретінде тануға мүмкіндік туғыза отырып, оның жан-жақты рухани дамуына бағдар береді.
Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыс түсінік хат,теориялық және практикалық бөлім,қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Әр бөлім бірнеше тақырыпшадан тұрады.

1. Сөйлем мүшелері – синтаксис саласының зерттеу объектісі.
1.1. Тұрлаулы мүшелер – ойды жеткізудің негізі

Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.


Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды. Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың бірі – бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары.

Сөйлемадам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл – қозғалыстары мен іс - әрекеттерінен тұратыны мәлім.


Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір – бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті қатынастарға жатқызылады.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы атаудан пайда болған.
Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз таптарынан жасала береді. Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз. Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түкітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады. Бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде арнайы түрде бастауыш болады, екіншіден, сөйлемде бастауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен, бәрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен бірге бастауыш: зерттелу, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы, жасалуы, құрамы, сөйлемдегі орны және оның мағынасына қарай бөліну бағытында қаралуы тиіс. Енді осыларды жеке-жеке көрсетелік. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде көптеген оқу кітаптары, методикалық құралдар және мақалалар жарық көрді. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі мәселелерінен гөрі, олардағы кейбір жанама мәселелеріне де баса назар аударылған. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастауыштарды басқа тілдермен салыстыру, орын тәртібі және стильдік қызметтері сөз болады.
Бастауыштың ережесі. Бастауыштың ережесі әр түрлі оқулықта әр түрлі беріліп жүр. Х.Басымов «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой іргесінің иесі болады», - десе, С.Аманжолов «Сөйлемегі айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш дейміз»,-дейді.
М.Балақаев «Сөйлемнің кім? не? туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»,-деп келсе, Р.Әміров «Сөйлемде айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін сөйлем мүшесін бастауыш дейміз»,- деген ережені айтады.
С.Аманжолова, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында, «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз»- делінген. Қазақ тіл білімі мен түркітану әдебиеттеріндегі бастауыштың ережелері туралы мына жайттардың айтылатынын көруге болады.
Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы.Екіншіден, ең алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орынға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден, ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысы, басты нәрсе болуы. Төртіншіден, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден, бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни, атау септікте келетіндігі.Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, яғни, баяндауыштармен синтаксистік қатынастары, т.б.Бастауыштың мағынасы баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы айтылмай, сөйлем толымсыз болуы да мүмкін, ал баяндауышсыз толымсыз сөйлемдер өте сирек кездеседі. Әсіресе диалогта, мақал-мәтелде («қой баласы – қозыдан» сияқты) баяндауыштың «түсіп қалуы» «ықшамдылықпен» байланысты. Осындай, баяндауыштың синтаксистік қызметі бастауыштан басым болғанына қарап, баяндауышты ғана бас мүше деп қарау дұрыс болмайды. Шынында, ол екеуі де – сөйлем құрауға ұйытқы болатын, басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын, сөйлемнің діңгекті орталығы – бас мүшелер.
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы – сөздің атау тұлғасы. Басқаша айтқанда, бастауыш қызметінде жұмсалған сөз не сөз тіркесі атау септігінде тұрады. Бастауыштар кейде формаланбаған ілік септігінде де айылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы не тәуелдік жалғаулы сөз күрделі баяндауыштың құрамында болып келеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет