Буындап сөйлеу (4-5 апта). Буындап сөйлеу кезінде балалар сөйледуің просодикалық компоненттерін меңгереді: темп, ритм, екпін, мәнерлілік, кідіріс, логикалық екпін. Сонымен қатар буындарды қосуға, сөз тіркесі бір сөз сияқты бірқалыпты шығу үшін сөздерді бір бірімен біріктіріп айтуға үйренеді.
Бұл кезеңнің міндеттеріне мыналар кіреді: буындап сөйлеуді түзету, сөйлеу кезінде дем алуды, дем шығаруды ұзартуды, сөздердегі дауысты дыбыстарды біріктіруді қамтамасыз етеді, сөйлеудің просадикалық жағын, еліктеушілік, белсенділік, ойын ережелерін үйрету арқылы, шы,армашылық элементтерін қалыптастыру кіреді. Моториканың бұзылыстарын түзету, дыбыс айту кемістіктерін түзету. Тақырып бойынша сөздік қорын белсендендіру мен толықтыру.
Бұл кезеңде логопед пен тәрбиеші үшін сабақты дұрыс ұйымдастыру мен ата-аналарды балалармен сөйлесуге үйрету мағызды орын алады.
Сабақ-оқытып, үйрету түрінде болады. Барлық топпен немесе жеке, таңғы ас алдында жүргізілетін бес минуттық сабақтар, түскі ас алдында немесе содан кейін болатын ойын түріндегі қимылдық жаттығулар енгізіледі. Тапсырмалар сөйлеу режимінің ауысуыан қарай өзгеріп отырады.
Үшінші кезең Қайталап сөйлеу(4-5 апта).
Бұл кезеңде тәрбиеші сабақтарды жалпы балабақшадағыдай етіп жүргізбейді. Бағдарлама материалын балалар буындап- қайталап сөйлеу барысында меңгереді. Тәрбиеші сөйлеудің сұрақ-жауаптық элементтерін қолданады. Ойынның барлық түрлері ойналады. Бірақ шығармашылық ойындар бұрынғыдай сирек ойналады. Бұл кезеңнін міндеттері: сөйлеудің продикалық компоненттерінмен және сөз тіркесімен жұмыс (дем алу, дауыс, сөйлеудің бірігуі, темпі, ритмі), моториканы дамыту (бұлшықеттерді еркін ұстай алу), ойындар мен ойын ережелеріне үйретуді жасғастыру (қасындағы адаммен тілдесуге, басқалардың ойынын бақылауға үйрету)ерікті мінез-құлықты тәрбиелеу (талаптарды орындау, тек үлкендердің ғана емес, сонымен бірге жолдастарының да талаптарын орындау), дыбысайту бұзылыстарын түзету.
Тұтықпа баламен өзіндік жүмыс логопедің берген тапсырмаларын отбасында, топта, оқу тәрбие процесінде орындауға бағытталған. Ондай тапсырма түрлері әртүрлі: дүрыс сөйлеу ережесін жаттап алу, сурет бойынша әңгіме қарастыру, сөйлегенде бояу сөйлеуге жаттығу, ата анасымен асықпай сөйлеу т.б. өзіндік жүмыс-тың орындалуын қадағалап, бағалау үшін күнделікті немесе ар-найы дәптер арнауға болады. Онда логопед, ата анасы, оқушының өзі нәтижесін жазып отырады.
Логопедиялық жүмыста әр түрлі мамандардың көмегін пайдалану. Тұтықпаны емдеу түзету жүмысына көптеген мамандар қатысады. Әрине емдеу педагогикалық жүмысыңда логопедтің орны ерекші. Дегенмен басқа мамандардың қосымша деректері логопе-диялық жүмысты тиімді, нәтижелі жүргізуі мүмкіндік туады. Невропатолог, физиотерапевт, ритмист, емдеу физкультураның нүс-қаушы баланың қимыл сферасындағы, жалпы және сөйлеу моторикасындағы ауытқулар мен бүзылыстаранықтауға көмектеседі. Музыкалық педагогы музыкалық естуін, жылдамдығын, қабылдауын, дауыс ерекшеліктерін т.б. анықтауға қатысады. Мүғалім, тәрбиеші баланың жалпы білім дағдыларын, біліктілігін, қызығушылығын, эстетикалық, өнегелік түсініктерін анықтауға болады.
Дәрігермен емдеу, психотерапия, емдеу физкультурасы, рит-мика, физиотерапия, музыкалық, оқу тәрбиелік сабақтар барлығы логопедиялық тәсілдерді толықтырып, оның нәтижесін бекітуге ықпал етеді.
Баланың ата-анасы мен педагогтармен кецес беру, әдістемелік жүмыс. Бұл жұмыстың мақсатына тұтықпа баланы түзету жүмысын жүргізуге қолайлы жағдай жасау; үйде, балар мекемесінде бала-мсн дүрыс қарым-қатынас орнату; логопедиялық сабақтан тыс уақытша өзіндік жүмыс үйымдастыру жатады. Бүл бағытта жүргі-іілетін жүмыс түрлері: лекциялар, әңгіме, кеңес, ата-аналармен жиналыс өткізеді т.б. яғни ата-аналарға, педагогтарға, түзету одістері, сабақтары, түзету жүмысындағы ата-аналардың рөлі ту-ралы қажет мағүлматтар беру.
Массажды қандай жағдайда жасауға болмайды. ОРВИ тымау, ерінде герпес, стоматит, коньюктивит, эпилепсия, тері ауруларында және балаға зорлықпен жасамау керек.