Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары


Тапсырма келесі критерилер бойынша бағаланды



бет18/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Тапсырма келесі критерилер бойынша бағаланды:

1 ұпай – тұтығудыңмаңызды қалдық белгілері. Баламен жүргізілген түзету- педагогикалық жұмыстың нәтижесінде сөйлеу жағдайының жақсаруына қарамастан, балада логопедиялық сабақтардың өзінде тұтығудың пароксизидерінің байқалуы жалғасады. Бала өз бетінше өзінің сөздік қателерін жөндей алмайды немесе түзеткісі келмейді. Кейде өзінің дұрыс емес сөйлеуін жасыру үшін қосымша қимылдармен амалдарды қолданады. Тұтығудың маңызды қалдық белгілеріне баламен жүргізілген түзету-педагогикалық жұмыс жақсы нәтиже бермеген кезді жатқызуға болады.

2 ұпай – тұтығудың кішкене қалған қалдық белгілері. Бала логопедиялық сабақтарда еркін сөйлейді. Бірақ күрделі жағдайларда тұтығудың пароинимдері мен амалдары байқалуы мүмкін. Логопедиялық дағдысы мен тәртібі жеткілікті бекітілмеген. Бала сөйлеу жетіспеушілігін уайымдамайды және кейде оны мүлде елемейді. Ол, қалаған кезінде еркін сөйлей алатынына сенеді.

3 ұпай – айтарлықтай дұрыс сөйлеу. Бала сабақ кезінде және сабақтан тыс та еркін сөйлейді. Ол үйренген дұрыс сөйлеу дағдыларын өз бетінше және сенімді түрде қолданады. Қосымша қимылдар мен амалдарды қолданбайды. Бала өзінің дұрыс сөйлейтініне сенімді және кейінгі сөйлеу кезінде тұтығу оған қайтып келмейтінін біледі.

Бақылау және тәжірибелік топтарда зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер алынды (1 кестеге қараңыз).

1 кесте – Бақылау және тәжірибелік топтардағы қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау бойынша жүргізілген тәжірибе


Қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейі

ұпай түріндегі орта көрсеткіш

пайыз түрінде орташа көрсеткіш

Тәжірибелік тобы

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

Бақылау тобы

1. Таныс жағдайда дайындалған шара

1,8

1,75

60

58,3

2. Таныс емес ортада өткізілетін шара

1,62

1,67

53,3

55,6

3. Өзіне таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,72

1,7

57,3

56,6

4. Өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алуы

1,5

1,52

50

50,6

5. Коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

1,6

1,58

53,3

52,6

Барлығы

(орташа көрсеткіш)



1,64

1,64

54,6

54,6

Жоғарыда айтылғандай тәжірибе әдісі үлкен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының мазмұнына кіретін арнайы үйымдастырылған ойындар барысында, тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әркетінің деңгейін анықтаудан тұрды. Біз арнайы ұйымдастырылған қимылдық ойындар өткіздік - «Аңшы қайда?», «Бұзықшылар», сюжетті-рольдік- «Дүкенде», «Емханада»; дидактикалық – «Дыбысынан таны», «Кім ол? »; сазды ойындар –«Жақсы көретін ертегілерді сахналау».

Өткізілген тәжірибе барысында келесі нәтижелер алынды. Өзіне таныс адамдар арасында таныс жағдайда дайындалған шара барысында эксперименталды топтың зерттеушілері 1,8 ұпай алып, 60℅ құрады, ол бақылау тобы 1,75 ұпай алып, 58,5℅ құрады. Өзіне таныс емес ортада өткізілген шара кезінде тәжірибелік топтың зерттеушілері 1,62 ұпай алып, 53,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,67 ұпай жинап 55,6℅ құрады. Өзіне таныс адамдар ортасында таныс жағдайда қарым-қатынасқа түсе алуында тәжірибелік топ зерттелушілері 1,72 ұпай алып, 57,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,7 ұпай жинап, 56,6℅ құрады. Өзіне таныс емес адамдар ортасында таныс емес жағдайда тәжірибелік топ зерттеушілері 1,5 ұпай алып, 50℅ құрады, ал бақылау тобы 1,52 ұпай жинап, 50,6℅ құрады. Өзіне таныс адамдар ортасында коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртәбән реттеу кезінде тәжірибелік топ зерттелушілері 1,6 ұпай алып, 53,3℅ құрады, ал бақылау тобы 1,58 ұпай жинап 52,6℅ құрады.

Осылайша біз жүргізген тәжірибе мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың коммуникативті сөйлеуінің толық еместігін дәлелдейді. Баламен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың нәтижесінде сөйлеу жағдайының жақсаруына қарамастан балада логопедиялық сабақтардың сөзінде тұтығудың пароксизидерінің байқалуы жалғасады. Бала өз бетінше өзінің сөздік қателерін жөндей аламайды немесе түзеткісі келмейді. Кейде өзінің дұрыс емес сөйлеуін жасыру үшін қосымша қимылдар мен амалдарды қолданады.





    1. таныс жағдайда дайындалған шара

    2. таныс емес ортада өткізілген шара

    3. өзіне таныс ортада қарым-қатынасқа түсе алу

    4. өзіне таныс емес ортада қарым-қатынасқа түсе алу

    5. коммуникативтік сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу

Сурет 2. Мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың тәжірибелі және бақылау топтарында қарым-қатынастақ сөйлеу әрекетінің

қалыптасу деңгейі.
Жалпы алғанда жүргізілген тәжірибе нәтижесі қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің компоненттерінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл тәжірибенің нәтижесі мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекше болатынын дәлелдеді және ол диаграммада жақсы көрсетілген (Сурет 2).

Алынған мәліметтер тұтығатын балалардың ақпарат алмасуы және өзіне аз таныс ортада қарым-қатынасқа тұсе алулары жақсы дамымағанын, сонымен қатар олар ақпарат жинауда қиналатынын көрсетті.

Сөздік және сөздік емес бұзылыстардың болатынын: бала тәрбиешінің немесе логопедтің сұрақтарына жауап қайтара алмайды, сөйлеуі барысында көп тоқтайды, сөздерді және логикалық ойларды тастап кетеді, қарым-қатынастық экстралингвистикалық амалдарын өз қолданады: беттің мимикасының кедейлігі, аз байқалатын пантомимика жестің болмауы.

Осылайша жүргізілген тәжірибенің нәтижесін зерттеу мектепке дейінгі тұтығатын балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін ойын барысында қолданып, оның деңгейін көтеруге жол беретін түзету жұмысының негізгі бағыттарын нақтылауға мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет