Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары


ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІ-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫС



бет17/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
тұтыкпа

2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІ-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫС
2.1 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті дағдыларын зерттеу
Бұл тәжірибенің мақсаты мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балаардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Мұнда мынадай міндеттер шешіледі:

  1. тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі мекеме жағдайында ересектермен және өз құрдастарымен қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін зерттеу.

  2. тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің қалыптасу деңгейін анықтау.

  3. алынған мәліметтерге сәйкес кемістікті эою мен түзету жолдарын анықтау.

Жүргізілген тәжірибе барысында балалардың 2 тобы бөлініп алынды: 6 адамнан тұратын бақылау тобы және тәжірибелік топ. Балалардың орташа жасы-6жас. Бақылау және тәжірибелік топтардағы мектепке дейінгі жастағы балалардың диагноздарында тұтыудың әр түрлі деңгейлері – жеңіл, орташа, ауыр түрлері болды., олардың барлығын да ПМПК мамандары алғашқы тексеруден өткізген соң арнай мектепке дейінгі логопедиялық мекемеге жіберілген. Жалпы балалардың ішінде 9 бала мектепке дейінгі мекемеге барған, ал қалған 3 бала бармаған.

Логопедиялық тексеру – келесі бағыттыры бойынша өткізіледі:



  1. Тұтығудың себептері мен түрін анықтау;

  1. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау,

  1. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолмен істеуіна тиым салғаны, оң қолымен істеуге үйретуі т/лы мағлұмат алуға болады;

  2. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру;

  3. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу;

  4. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу;

  5. Жанұядағы қарым-қатынас сипаты;

  6. Жанұя жағдайымен танысу;

  7. Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау;

  8. Тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу;

  9. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы;

  10. Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу.

Логопедиялық және емдеу сауықтыру жүмысын тиімді жүргізу үшін және дүрыс жоспарлау үшін түтықпа баланы барлық түтықпаның симптомдарын ескере отырып толық зерттеу қажет. Зерттеу кешенді жүргізілу керек. Түтықпаны зерттеу психологиялық педагогикалық және логопедиялық тексеруден түрады, сонымен қатар медициналық тексеру нәтижелері ескеріледі.

Тексеру үш кезеңнен түрады:

  1. Анамнестикалық мәліметтерді жинау;

  1. Жалпы, үсақ, мимикалық және артикуляциялық моторика-
    сын тексеру;

  1. Түтықпаның байқалуын, түлғалық ерекшеліктерін тексеру.

Анамнезді кім арқылы (ата анасы, түтықпа баланың өзі) жина-ғанын міндетті түрде көрсету қажет. Түқымқуалаушылық:

- Ата анасында алкоголизм бар ма?;

- Ата анасы жүйке психикалық сырқатпен ауырады ма?

- Тез сөйлейтіндер бар ма?

- Ата анасы, туыстарында кеш сөйлегендер бар ма?

- Ата анасында, аға, қарындастарында түтықпа бар ма?

- Әке-шешесінің мінез қүлқының ерекшеліктері;

- Отбасының түрмыс жағдайы.

Шешесінің жүкті болуы және босануы:

- Нешінші жүктіліктен туған бала?

- Іште жатқан кездегі дамуы;

- Токсикоз, зақым алуы, басқа аурулар және зиянды факторлар;

- Босануы (тез, ерте, стимуляция т.б.);

- Туу кезіндегі ерекшеліктер (бірден жылауы, асфикция) туу
кезінде зақымдалуы;

- Емген уақыты (бірден, бірнеше күннен кейін).

Тексеру келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1 әдіс - «Таныс жағдайда дайындалған шара»

Мақсаты: ортада құрдастарының алдында шығуы кезіндегі қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау.

Барысы: логопед немесе тәрбиеші ойынның басында өзіне таныс адамдар алдында тексерілуші балаға ойыншықтар, ойынның кейіпкерлері, сол немес басқа ойында қолданылатын заттар туралы айтып беруді ұсынады.

2 әдіс – «Таныс емес ортада өткізілетін шара»



Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы баланың өзіне таныс емес ортада құрдастарының алдына шығуы кезіндегі қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау.

Барысы: тәрбиеші балаға өзіне таныс емес адамдар алдында ойынның жетекшісі болуды және ойынның ережесі туралы айтуды, рөлдерді бөлуді, балаларды топқа бөлуді ұсынады.

3 әдіс – «Өзіне таныс ортада қарым- қатынасқа түсе алуы»



Мақсаты: өзіне таныс ортада құрдастарымен қарым-қатынасөа түсуі кезінде тұтығатын баллардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау.

Барысы: балаға ойын барысында тәрбиешінің немесе логопедтің тапсырмасын орындау ұсынылады. Мұнда коммуникант өзіне таныс адамдар ортасында құрдастарынан ойын барсы туралы немесе соған байланысты қандай да бір мәлімет жинауы тиіс.

4 әдіс – «Өзіне таныс емес ортада қарым-өатынасқа түсе алуы»



Мақсаты: өзіне таныс емес ортада құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуі кезінде тұтығатын балалрдың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықтау.

Барысы: сюжетті ойын барысында екі коммуниканттық еркін сөйлесу. Мұнда зерттелуші балаға өщіне таныс емес адамдар ортасындақандай да бір ақпаратты анықтау ұсынылады.

5 әдіс – «Коммуникативті сөздік және сөздік емес тәртібін реттеу»



Мақсаты: өзіне аз таныс ортада тұтығатын балалардың құрдастырымен сөздік және сөздік емес қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктерін анықтау.

Барысы: ойын барысында құрдастырмен тілдесу жағдайы. Қарым-қатынасқа түсу кезінде коммуникативті жесттерді, пантомиманы және басқа да экстралингвистикалық амалдарды қолдана ма соны білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет