Тұлғалық принципі қарым-қатынастың кез келген түрінде балаға жеке жақындауды ұсынады. Егер ерекше модельдеу жағдайларда тұтығатын балада «ересек пен бала», «бала мен ересек адам» деген жағдайларда қарым-қатынасқа түсе алулары, еліктеушіліктері қалыптасса модельдемеу жағдайларда сөйлеу күрделі белсенділік, өз беттілік, берілген жағдайды шығармашылық жағынан түрлендіру қалыптасады.
Іс-әрекеттік принципі белсенді ойындық әрекет процесінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды қарастырады. Сонымен қатар, түзету жұмысындағы әрекет оның моторлы, когнитивті және реттеуші бөліктерінің бірлігіндегі жүйе ретінде қолданылады.