Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет2/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
тұтыкпа

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынасындағы сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын әрекетін қолданудың әсерін теоретикалық тұрғыда нақтылап және эксперименталды түрде тексеріп көру.

Зерттеу пәні – тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің темптік- ырғақтың бұзылуы.

Зерттеу нысаны – тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру процесі.

Зерттеу жұмысының негізінде мынадай болжам жатыр: егер мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын мен ойындық амалдарды мақсатты бағытталған түрде қолданса, онда осы топтағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу тілі жағдайын максималды түрде жақсартуға болады.



Зерттеу жұмысының негізгі мәселесі мақсаты мен пәніне сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  1. Ойын әрекетін қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларда тұтығу кемістігін жою мәселесі бойынша зерттеудің теоретикалық талдау жұмысын орындау;

  2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтау;

  3. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету шаралары барысында ойын амалдарын қолданып, коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру кезінде жасалатын жаттығулар кешенін жасау және саралау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет