Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет6/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
тұтыкпа

Жағымсыз, кері жағдайлар: балалардың физикалық әлсіздігі. Бас миы қызметінің жастық ерекшеліктері; бас миының үлкен жарты шарлары 5 жас шамасына қарай қалыптасады, осы жаста бас миы қызметінде функционалды ассиметрия пайда ола бастайды. Сөйлеу қызметі онтогенетикалық жағынан дифференцияланған және кеш дамиды, әсіресе нәзік және сезімтал. Оның қыз балаларға қарағанда ұл балаларда жай дамуы олардың жүйке жүйесінің тұрақсыздығының басымдығын байқатады.

Сөйлеудің жылдам дамуы (3 – 4 жас), оның қызметін реттейтін танымдық, коммуникативті түрлі ересек адаммен қарым-қатынасқа түсу әсерінен тез дамиды. Көп балаларда бұл кезеңде физиологиялық сипатта болатын буындар мен сөздерді қайталап айту байқалады.

Баланың психикалық тұйықтығы, айналасындағылармен жағымсыз қатынаста болғанынан туындаған жоғары әсершілдік.

Бала мен ересек адам арасындағы жағымды және эмоционалды байланыстың жеткіліксіздігі.

Моториканың, ритмнің, мимика-артикуляторлы қимылдардың дамуының аздығы.

Жағымсыз, кері жағдайлар тобынан бөліп қарастырамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет