Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары



бет5/28
Дата21.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#25993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
тұтыкпа

Зерттеудің тәжірибелік базасы: Атырау қаласының №20 арнайы логопедиялық балабақшасы.

Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, кестелер мен диаграммадан құрылған қосымшадан тұрады.
1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ ТҰТЫҚПАСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың теоретикалық аспектілері
Тұтығу-сөйлеу аппаратының дірілдік жағдайымен шартталған сөйлеудің темптік-ырғақтық бұзылуы. Синонимдері: balbuties, disphemie, spasmophemie, lalonewros.

Тұтығу мәселесін сөйлеу бұзылыстары туралы ғылымның даму тарихындағы ең ертедегісі деп санауға болады.

Орта ғасырларда тұтығуды бас миында судың көп болуымен (Гиппократ) немесе артикуляциялық аппараттың бөліктерінің дұрыс емес болуымен (Аристотель) байланысты ауру ретінде қарастырған. Сөйлеу аппаратының орталық немесе перифериялық аймақтарындағы бұзылыстан болуы мүмкін екендігін Гален, Цельс, Авицениа мойындаған.

Шет елдерде ХVІІ - ХVІІІ ғ.ғ. тұтығуды сөйлеу аппаратының перифериялық аймағының жетілмеуінің салдары ретінде қарастырылған. Мысалы, Санторини тұтығу қатты таңдайдың майысып, сілекей дұрыс өтпеуінен сөйлеу қиындайды да тұтығу пайда болады деп есептеген. Басқа зерттеушілер тұтығуды сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылуымен байланыстырған: дыбыс қуысының дірілдеп жабылып қалуы (Арнат, Шультесс); аса жылдам дем шығару (Беккерель); ойлау мен сөйлеудің сәйкессіздігі (Блюме); және т.б.

Ресейде көптеген зерттеушілер тұтығуды сөйлеу аймағындағы функционалды бұзылыс дірілдік невроз ретінде (И.А. Сикорский 1889; И.К. Хмелевский 1897ж және т.б.) немесе сөйлеу аппаратында дірілдік әрекетермен байқалатын таза психикалық ауытқу ретінде (Хр. Лагузен 1838, Г.Д. Неткачев 1909, 1913) қарастырған.

ХХғ басындағы тұтығу механизмдерінің түсіндірудің әр түрлілігін 3 түрлі теоретикалық бағыттарға бөлуге болады.



  1. Тұтығу сөйлеу орталықтарының қоздырғыштық әлсіздігінен болатын координацияның спастикалық неврозы ретінде. Бұл Г.Гутуманның, И.А. Куссмаульдің, И.А. Сикорскийдің еңбектерінде нақты көрсетілді. Кейінірек олар тұтығуды невротизм ретінде түсіндірді.

  2. Тұтығу психологиялық сипаттағы ассоциативті бұзылыс ретінде А. Либманн, Г.Д. Неткачев, Ю.А. Флоринскаяның жақтастары.

  3. Тұтығу психикалық зақымдар нәтижесінде, қошаған ортадағы алуан түрлі жанжалдардан туындайтын саналы көрініс ретінде А.Адлер, Шнейдер теорияларын жақтаушылар.

Осылайша ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында тұтығу – күрделіпсихофизикалық бұзылыс деген пікір қалыптаса бастады. ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қарай тұтығу механизмін И.П. Павловтың адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы, атап айтқанда невроз механизмі туралы зерттеулеріне сүйене отырып қарастыра бастайды.

Тұтығу басқа невроздар сияқты қозу мен тежеу процестерінің күшеюін туғызатын әр түрлі себептерінің нәтижесінде пайда болады. Тұтығу- симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен шартталған болуы мүмкін. Екінші жағынан күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындау мүмкін. Бас миы қабығы қызметінің бұзылуы бірінші ауытқу болады да, қатынастық тежелуіне әкеледі және қабықасты бөлшектерінің қызметін реттейтін шартты-рефлекторлы механизмдердің бұзылуына әкеп соғады. Осындай жағдайда яғни қабықтың қалыпты реттелуі бұрмаланған кезде стриопаллидарлы жүйе қызметінде жағымсыз, кері қозғалыстар орын алады. Тұтығу механизмінде оның алатын ролі өте маңызды, өйткені қалыпты жағдайда бұл жүйе дем алудың темпі мен ритміне және артикуляторлы бұлшықеттердің тонусына жауапты. Тұтығу стриопаллидумның органикалық өзгерістері кезнде емес, оның қызметінің динамикалық тұрғыда ауытқуынан туындайды.

Қазіргі уақытта пайда болу себептерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен бірге кейбір этилогиялық факторлар тұтығудың пайда болуына жол беріп, оны тікелей туындатуы мүмкін. Ата-аналардың невротикалық орталық жүйке жүйесінің қызметін әлсірететін жүйкелік, жұқпалы және соматикалық аурулар.

Тұтығатын баланың өзінің невротикалық ерекшеліктері: түнгі қорқыныш, энурез, аса қатты қозғыштық, эмоционалды жағынан сезімталдық.

Тұқым қуалайтын тұтықпа рецессивті белгі ретінде тұқым қуалау арқылы беріліп, сөйлеу аппаратының туылғаннан әлсіз болуының әсерінен дамиды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен тұтығуда туындайтын экзогенді факторлардың ролін де ескеру қажет.

Бас миының көптеген жағымсыз факторлардың әсерінен даму кезеңінің әр түрлі уақытында зақымдалуы: құрсақ ішіндегі және туу кезіндегі зақымдар, асфиксия; әр алуан балалар ауруы кезінде туындаған постнатальды - жұқпалы, зақымдалған немесе жарақаттанған ауыспалы-трофикалық бұзылыстар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет