Туберкулездің емі


DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің



бет2/6
Дата20.06.2023
өлшемі24,26 Kb.
#102552
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
туб. емдеу принципі. 1

DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі үш принципкенегізделген.
1. химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада, санаторийларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал емханалық жағдайда дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар,
супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды.
2. Науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді
және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау.
3. Ем схемасының ұзақтығын сақтау.
• Туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу барысында бактерия популяцияларының әркелкі жағдайларда болуына байланысты туберкулезге қарсы дәрілермен емдеуді DOTS стратегиясы бойынша екі кезеңге бөледі.
Бірінші кезең - қарқынды кезең.
Микобактериялардың көбеюін басып, санын азайту мақсатында стационарда қарқынды толық химиотерапия жүргізу. Емханалық ем жасауға да болады, жеке қаралады.
Бірінші кезең 2-5 айға созылып 4 немесе 5 дәрімен қарқынды ем қолда - нылады. Бацилла бөлетін науқастардың көпшілігінде қарқынды кезең барысында микобактерия бөлу тоқтайды.
Екінші кезең - жалғастыру, қарқындылығы аз химиотерапия.
Екінші кезең – қалған микобактерияларға, көбінесе баяу
көбейетін және персистелген бактериялық популяцияларды жойып,
репликация процессінің қайта пайда болуын және олардың көбеюін
жаңадан болдырмау.
Екінші кезең амбулаториялық жағдайда жүргізіліп, 4-7 айға
созылады, бұл кезде емнің қарқындылығы аз болады да 2-3 дәрі
қолданылады.
.
• Туберкулезбен ауыратын нуқатар регистрациясы 3 категория бойынша іске
асады.
I (бiрiншi) категорияға бактерия бөлуші өкпе және өкпеден тыс
туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар, сонымен қатар
бактерия бөлмейтін келесі науқастар жатады: 1 сегменттен
аса зақымдануы бар өкпе туберкулезi; өкпе және өкпеден
тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет