Ішек құрттарынақарсы заттар Ішек құрттарына қарсы заттар — гельминтоздарды емдеу үшін пайдаланылатын дәрі-дәрмектер (гельминтоздар — кең таралған адам ауруы, паразиттік ішек құрттарынан туындайды, әсіресе балалар арасында жиі кездеседі). Ішек гельминтоздарын ішек ішілік және ішектен тыс деп бөледі. Адамда негізінен паразиттік құрттардың 3 түрі кездеседі: жалпақ (цестодтар), дөңгелек (нематодтар), сорғыштар (трематодтар). Ішек құртына қарсы заттарды клиникалық қолданылуына байланысты 2 топқа бөледі:
Ішектік инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:
нематодтарға әсер ететін — мебендазол, левамизол, пиран- тел, пиперазин адипинаты, нафтамон;
цестодтарға әсер ететін заттар — фенасал, празиквантель;
трематодтарға әсер ететін заттар — этилен тетрахлориді.
Ішектен тыс инвазия кезінде пайдаланылатын заттар:
нематодоздарды емдеуде қолданылатын заттар — дитразин;
трематодоздарды емдеуде колданылатын заттар — антимония натрий тартраты, хлоксил, празиквантель;
цестодоздарды емдеуде колданылатын заттар — мебендазол.
Сондай-ақ, оларды әсер ету механизмі бойынша 4 топка бөліп
жіктейді:
дөңгелек құрттардың жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін бұзатын заттар — пирантел памоаты, пиперазин және оның тұздары, левамизол, нафтамон;
негізінен жалпақ құрттардың жүйке-бұлшыкет жүйесі бойынша бұзылыстарды басымырақ туындататын жэне олардың жабын ұлпаларын жоятын заттар — фенасал, битионол;
негізінен ішек кұрттардың энергетикалық үдерістеріне әсер ететін заттар — пирвиний памоаты, левамизол, мебендазол.
Негізінен нематодтарға басым әсер ететін препарат болып мебендазол (вермокс) саналады. Ол тиімділігі жоғары, кең спектрлі ішек құрттарына қарсы зат болып табылады. Энтеробиоз бен трихоцефалезде әсері жағынан тиімді. Сондай-ақ, аскаридоздарда, анкилостомидозда, тениидозда және аралас инвазияларда пайдалануға болады. Әсер ету механизмі: гельминттердің глюкозаны сіңіруін тежейді, олардың ағзасындағы АТФ түзілуіне кедергі жасайды. Препарат ішекте нашар сіңіріледі және толықтай дерлік нәжіс арқылы шығарылады (тек зәрде болмашы мөлшерде кездеседі). Мебендазолды ішке тағайындайды (алдын-ала аштық, арнайы диета мен іш жүргізетін дәрілерді пайдаланудың ешқандай қажеті жоқ), тамақ алдында немесе тамақтан кейін таблеткаларды шайнап ішу керек, өйткені май тінінде жақсы сіңеді. Жанама әсерлері: аллергиялық реакциялар. Қарсы көрсеткіш: жүктілік.