Тинидазолқұрылымы мен әсер ету тұрғысынан метронидазолға жақын. Метронидазолға қарағанда ұзақ әсер етеді.
Хиниофон ішек қуысында амебиацидті әсерге қажетті жоғары концентрацияға жетеді. Қазіргі уақытта кең қолданылмайды. Басты құндылығы — тасымалдаушылармен күресте тиімді, сондай-ақ клиникада созылмалы тасымалдаушылықты емдеуде қолданылады. Кейде оны амебалық дизентерия және ойықжаралы колитте ішке және парентералды тағайындайды. Препараттың уыттылығы төмен, жанама әсерлеріне диарея тән және көру жүйкесінің невриті.
Тетрациклиндерамебастатикалық әсер көрсетеді, амеба анаэроб болғандықтан, амебаларға қолайлы жағдай туғызатын бактериялардың өмір сүруін басады, оларға қажетті метаболиттерді ыдыратып, ауаны жұтады. Тиімділігі жағынан амебоциттерден әлсіз.
Эметин гидрохлоридіипекакуана тамырының алкалоиды. Спектрі тар — тек вегетативтік түрлері ғана өледі. Тері астына немесе бұлшықетке енгізеді. Әдетте, эметинді өткір ішек көріністері кезінде ғана тағайындайды. Эметин инъекцияларының көтерілімдігі жақсы. Жанама әсерлері: жүрек айнуы, кұсу, аяқ-қол ұшы бұлшыкеттерінін ауыруы, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы және т.б. Айқын жанама әсерлер көрініс бергенде, емдеуді тоқтату керек. Препаратты 6 айға дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдерге тағайындамайды.
Лямблиозды емдеуде қолданылатын препараттардан, бірінші кезектегі маңыздысы метронидазол болып саналады (жоғарыдан қараңыз), сондай-ақтинидазол, акрихин, аминохинол, фуразолидон да қолданылады («Микробқа қарсы химиялық құрылымы әртүрлі заттар» қараңыз). Аминохинол кейбір протозойлык инфекцияларда және коллагеноздарда тиімді. Препаратты лямблиозда, жүйелі қызыл жегіде және тері лейшманиозында, арнайы емес ойық жаралы колитті емдеу үшін пайдаланылады. Препаратты ас ішкеннен кейін ішке қабылдайды. Оның көтерілімдігі жақсы, жекелеген науқастарда жүрек айнуы, бас ауруы, тәбеттің жоғалуы туындауы мүмкін; артық дозаланғанда ұйкысыздық, құлақтағы шуыл, жалпы әлсіздік орын алады. Мұндай жағдайларда, дозаны азайту керек немесе препаратты уакытша тоқтату кажет. Емдеу үдерісінде қанның жалпы көрінісін және бауыр, бүйрек қызметін қадағалау қажет.
Трихомониазды емдеуде лямблиоз сияқты таңдау препараты метронидазол болып табылады. Сондай-ақ, тинидазол, трихомонацид, фуразолидон және орнидазол т.б. пайдаланылады. Трихомонацид трихомонадқа карсы жоғары белсенділікке ие. Препаратты Trichomonas vaginlis туғызатын урогениталды аймақ ауруларын емдеуде қолданады. Оны жергілікті және ішке тағайындайды. Жоғарғы мөлшерде және жоғарғы концентрацияда шырышты қабықты тітіркендіреді; әйел адамдарда суппозиторийлерден кейін қынап аймағындағы бөліністің артуы мен ыңғайсыздық сезімдерін дамытады (бұл құбылыстар препаратты тоқтатқаннан кейін немесе дозасын азайтқанда басылады); ерлерде уретрадан тоқтаусыз бөліністер бөлінеді (бұл жағдайларда препаратты уақытша тоқтатады).