Тукибаева куралай базарбековна



бет19/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Atout France


Turespana

Visit Britain (ex BTA)

EN1T

Шетелдік өкілдіктер

32


33

20

28

Туристік саланы мемлекеттік қаржыландыру

€ 5 биллион

€336 миллион

£ 19,5 миллион

€490 миллион

Ескерту − Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [91, р. 172; 92, р. 107]

Туристік саланың инновациялық дамуын басқару бойынша Испанияның шетелдік тәжірибесі басқа елдерден ұйымдастыру-басқару жүйесімен ерекшеленеді. Испания 2019 жылы «Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілетілік индексінде» 1-ші орынды, 2021 жылы «Саяхат және туризмнің даму индексінде» 3 орынды иеленді (10-сурет) [93-94].




Сурет 10 − Испаниядағы туристік органдардың ұйымдастыру-басқару схемасы


Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [91, р. 279; 92, p.108]


Испаниядағы туристік саясат испандық туристік модельді тұрақтылық, инновация және білім қағидаттары бағытында дамытып отыр. Өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігі Туризм жөніндегі мемлекеттік хатшылықпен бірлесіп, ұлттық деңгейдегі 3 ұйымның қызметін үйлестіреді: «Turespana», «Paradores de Turismo», «SEGITTUR» [91, р. 279; 92, р. 108]:


1. «Turespana» ұйымы халықаралық туристік маркетингке жауап береді, оның 33 туристік кеңседен тұратын халықаралық желісі бар.
2. «Paradores de Turismo» ұйымы тарихи орындарда, ұлттық саябақтар мен ерекше қорғалатын аумақтарда орналасқан мемлекеттік қонақ үй желісін басқарады, оған 97 қонақ үй және 4000-нан астам қызметкер кіреді.
3. «SEGITTUR» ұйымы Испанияның туристік саласындағы жаңа технологияларды кеңінен таратуға және қолданысқа енгізуге жауапты, яғни, туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін, сапасы мен тұрақтылығын арттыру үшін технологияларды, білім мен инновацияларды жете зерттеп, басқарады.
Бүгінгі таңда туристік сала мемлекет оны экономиканың басым саласы ретінде қарастыратын және инновациялық бағдарланған туристік саясатты ұстанатын, сондай-ақ туризмді басқарудың ұйымдастырушылық-басқарушылық моделін үнемі жетілдіріп отыратын елдерде дамып келеді. Мысалы, Канада, Финляндия, Исландия, Литва, Жаңа Зеландия, Норвегия, Испания, Швейцария сияқты бірқатар елдер мақсатты аудиторияны кеңейтуге ықпал ететін инновацияларды дамыту және саланы басқарудың цифрлық модельдерін енгізу бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді.
Қазіргі кезде туристік бағыттарды дамыту болашақ қажеттіліктер мен үрдістерді алдын ала болжауға және бақылау мүмкіндігін беретін технологияларды пайдалану қабілетіне тікелей байланысты. Мысалы, «Туризм 4.0» цифрлық платформасының моделіне көшу барлық буындарды автоматтандыруды, R&D&I әлеуетін күшейтуді, «Заттар интернетін», үлкен деректер мен жасанды интеллектті, блокчейн технологиясын және т.б. қолдану арқылы туристік өнімнің барлық ішкі жүйелері мен буындарын басқаруды көздейді. Практикада мұндай тәсілдерді қолдану бүкіл әлем бойынша туристік саланың инновациялық дамуының мәселелерімен айналысатын туристік инновациялық орталықтардың құрылып, белсенді жұмыс істеуіне себепкер болды. Бүгінде дүниежүзі бойынша туристік инновациялық орталықтардың 3 моделі кеңінен таралған [95-117] (7-кесте).

  1. Туристік саладағы инновациялар жөніндегі департаменті немесе бөлімі бар инновациялық орталықтар және хабтар, олар ДТҰ-мен, технологиялық компаниялармен және ұлттық туристік ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

  2. Университеттерде жұмыс істейтін туристік инновациялық орталықтар және зертханалар (министрліктермен, әуежайлармен, әуе компаниялармен, технологиялық компаниялармен, қауымдастықтармен ынтымақтасады).

  3. Дербес жұмыс істейтін туристік инновациялық орталықтар, хабтар мен зертханалар, олардың негізін қалаушылар немесе серіктестері – әлемге әйгілі және ірі компаниялар, ұйымдар, корпорациялар, министрліктер, университеттер, ұлттық туристік ұйымдар, үкімет, банктер, инвестициялық және технологиялық компаниялар, әуежайлар, әуе компаниялары, қонақ үй желілері, олардың қатарында ДТҰ, ЕС Erasmus +, VINNOVA, Google, Microsoft, Amadeus, Mastercard, Austria Tourism National Organisation, Visit Britain, the Department for Digital, Culture, Media and and Sport, Emirates Group, Dubai Tourism, Accenture, Turismo de Portugal, Singapore Airlines, Changi Airport Singapore, Marina Bay Singapore, The Ritz Carlton Millenia Singapore және т.б. бар.

Кесте 7 – Туристік саладағы инновациялық орталықтардың, хабтардың және зертханалардың модельдері





Форма

Туристік инновациялық орталықтар мен хабтардың атауы

1

2

Туризм саласын дағы инновациялар

IDB Lab (Латын Америкасы және Кариб бассейні елдері), Innovation Norway (Норвегия), Eurecat (Испания).

7-кестенің жалғасы



1

2

бойынша бөлімдері бар (1993 жылдан бастап)




Университет жа нында (2007 жыл дан бастап)

«Туристік саладағы инновациялар орталығы» (UNIMAS, Малайзия), «INNOTOUR» (Оңтүстік Дания Университеті), «The Centre for Research and Innovation in Tourism» (CRiT) (Тейлор университеті, Малайзия), «Digital Innovation Observatories» (Политехникалық университет – Менеджмент мектебі, Италия), «MT Lab» (Квебек университеті және оның Менеджмент мектебі), «Ontario Tourism Innovation Lab» (Виндзор университеті), «Innovation Hub – Les Roches» (Les Roches Халықаралық қонақ үй менеджменті мектебі, Швейцария), Туризм, өнер және мұра инновациялық орталығы (Ulysseus European University)

Дербес жұмыс істейтін (2012 жыл дан бастап)

The Swedish Tourism Innovation Center (Швеция), Welcome City Lab (Франция), Tourism Innovation Center (Гаити), Next Level Tourism Austria (Австрия), Independent Tourism Data Hub (Біріккен Корольдік), Integrated Digital Tourist Information System (Болгария), Tourism Innovation Center – NEST (Португалия), Wakalua Tourism Innovation Hub (Испания, Латын Америка елдері), Lazio Open Innovation Centre (Италия), «Sabre» корпорациясының туристік саладағы инновациялық зертханасы (Бостон), Туристік саладағы инновациялар бойынша Еуропа Кеңесі (Испания), Singapore Tourism Accelerator (Сингапур), Dubai Tourism Innovation Hub - Intelak Hub (Дубай)

Ескерту − Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [95-117]

Аталған инновациялық орталықтар даму мен ноу-хауды қаржыландырудың жетекші көздері болып табылады, ДТҰ-мен ынтымақтастықта жұмыс істейді және жаңа білім мен үздік практикаларды ашуда, туристік саладағы инновацияларды қолдауда, инновациялық экожүйені қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олардың қызметтері қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерге, технологиялық консалтингке, инновациялық өнімдер мен қызметтерді дамытуға, технологиялық инновацияларды жылжытуға және таратуға бағытталған. Бірқатар туристік компаниялар, қонақ үйлер мен әуе компаниялары, мемлекеттік органдар жыл сайын ауқымды зерттеулер жүргізу барысында осындай инновациялық орталықтардың қызметіне жүгінеді. Бұл орталықтардың негізгі мақсаты – туристік сала мен технология секторлары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және ілгерілету, туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, саланың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жаңа инновациялар мен ұсыныстарды ынталандыру. Мәселен, Париждегі «Welcome City Lab» инновациялық орталығындағы жүзеге асырылған инновациялық жобаларды қарастырайық (8-кесте).


Кесте 8 – Париждегі «Welcome City Lab» инновациялық орталығындағы жүзеге асырылған инновациялық жобалар



Жылы

Саны

Жобалардың аты

2014

26

Weezevent , Worldia, smArtapps, SMOOOVEBOX, TemptingPlaces, VIDATA, OpenAgenda, Panthea, PARISIANIST, PayinTech, La Belle Assiette, LES PIAULES, LOUNGEUP, MARIN D'EAU DOUCE, Happydemics, Home exchange, HÔTELS PRIVÉS, Interactive Mobility, City-Locke, Event maker, Family Twist, Groupeer Technologies, ArchiTrip, Bluenod , BNBSITTER, CAPTAG

2015

17

TOOT SWEET, Privateaser, Sky Boy Productions, Speecheo, StoreFront , NDMAC Systems, Optionizr , PARIS.SHOPPING, Peeble, Eelway, Fluo's, Meetrip.com, NAVYA, 360&1, ADDOCK, Andjaro, Bird Office.

2016

20

Trive , VICTOR & CHARLES, Winglet.io, YAAZZZ, SENSEGO, SHAREGROOP, The City Helpline, The Taximètre, Hubtobee, MilesBooster, Mindsay, MON BEAU TERROIR, EVENTTIA, Fotonower, FRANCE HOSTELS, Geovelo, At The Corner, BubbleGlobe, CARLILI, EuroPass.

2017

16

Ubudu, ZIFY, THE BAR CORNER, Tourism Innovation CenterTacTrip, TRACKTL, Tradefest, Q°EMOTION, Smartrenting, Staycation, STUDENT POP, INTRIPID, Moneyeti, NANNY BAG, Qik Objects, BLUE VALET, CLAPNCLIP, FOKUS MAP, HOPSTAY

2018

9

AllonsBonTrain, Dotmap, eCentime, H64 is a "Blockchain as a Service", Memento, Monkey Kwest, Postmii, Realcast, SKYdeals, Universal Voucher

2019

9

DILOTEL, Eliro, Memories Magic Selfies, Patrivia, QUESTO, Tookki, Vizeer, Weekome

2020

10

Bakuun, COD SOLUTIONS, DAYA, Escapad, Groopiz, Kwel, LES DÉCOUVREURS, Ôzento, We Peps, The WiXar, Ximalia

Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [107]



8-кестеден көрініп тұрғандай, «Welcome City Lab» 2014 -2020 жылдар аралығында 107 стартапты жүзеге асырған. Бүгінде олардың әрқайсысы туристік саланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Мұндай сипаттағы инновациялық орталықтар бір жағынан, тұтынушылармен тығыз байланыс орнатады, екінші жағынан, инновациялардың жиі пайда болуына себепкер болатын компаниялар, тұтынушылар, жеткізушілер, бәсекелестер мен ғылыми мекемелер арасындағы нетворкингті нығайтады.
Зерттеу пәніне қатысты дербес жұмыс істейтін Швециядағы «The Swedish Tourism Innovation Center» туристік инновациялық орталығының жұмысын қарастырайық (11-сурет).


Сурет 11 – Швециядағы «The Swedish Tourism Innovation Center» жұмыс істеу бағыты


Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [106]


Швециядағы «The Swedish Tourism Innovation Center» жұмыс істеу бағыты инновацияларды жоспарлауға, басқаруға, ұйымдастыруға, бақылауға, жылжытуға және таратуға, туристік саладағы R&D&I арқылы бағыттар мен компаниялардың тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде жетекші компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастық арқылы инновациялық жобаларды жүзеге асыруды және әзірленген инновациялық шешімдерді интернационалдандыруды, бағдарламалар мен трансшекаралық желілер арқылы жаңа әріптестік қатынастар және стратегиялық одақтарды дамытуды көздейді. Туристік инновациялық орталықтардың қызметі технологиялық провайдерлерге және жаһандық платформаларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы осы саладағы инновацияларды дамытуға ықпал етеді (9-кесте).


Кесте 9 – Әлем бойынша туристік-инновациялық орталықтар





Ел, ТИО атауы, жылы

ТИО мақсаты

Жұмыстың негізгі бағыттары және жоба критерийлері

1

2

3

Париж, Франция,
Лаборатория Welcome City Lab by Paris & Co, 2012 ж.



Парижді туристік инновациялардың көшбасшысына айналдыру, туристік саладағы инновация мәдениетін құру.

Жобаның инновациялық сипаты, экономикалық даму әлеуеті, Париждің туристік тартымдылығына қосқан үлесі, инновацияларды халықаралық деңгейде тарату әлеуеті, жоба жетекшілерінің кәсіби қасиеттері, саяхатшылардың білімі мен тәжірибесін кейс ретінде пайдалану, бағыттарды басқаруды оңтайландыру, туристік саладағы жаңа технологияларды қолдану.

Каталония, Eurecat инновациялық орталығының Туризм жөнін дегі иннова циялық бөлі мі, 1993 ж.

Туристік саланың құн тізбегіндегі және басқа да байланысты салалардағы кәсіпорындар мен бағыттар үшін инновациялар және тұрақтылықты насихаттау.



3 бағытта қызмет атқарады: Технологиялық қосымшалар бөлімі деректерді талдау, үлкен деректермен жұмыс, жасанды интеллектпен жабдықталған басқару құралдары мен технологиялық шешімдерді ұсыну, келушілер ағынын, ұтқырлықты және көлікті басқаруды, келушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған технологиялық қосымшаларды әзірлейді. Туризм обсерваториясы туристік ақпараттық жүйелермен, индикаторлармен жұмыс, туристік салаға сұранысты зерттеу, туристерді эмоционалды бақылауды қамтиды. Туристік саладағы инновациялар және интеллект зертханасы туристік маркетинг, басқару және өнімдерді құрудағы стратегиялық жоспарлау, туристік инновациялар мен трендтер бойынша жарияланымдар, өнімді бағалау мен нарықты талдау бағытында жұмыс істейді.

Ұлыбритания, Independent Tourism Data Hub, 2019 ж.

Үкіметке нақты уақыт режимінде келушілердің орна- ласқан жерін, қызметін, қалауын түсінуге көмектесу

Бастапқыда Ұлыбританияны демалыс орны ретінде іздейтін, бірақ нәтижесінде басқа орынды таң- дайтын туристерді зерттеуден басталды. Алынған ақпарат маркетингтік қызметті оңтайландыруға, келушілердің аймақтық, маусымдық таралуын егжей-тегжейлі түсінуге көмектеседі.

Болгария, Integrated Digital Tourist Information System,
2019 ж.

Күнделікті және апта сайын келушілер санының өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе ұлттық, аймақтық және жергілікті мүдделі тараптар арасындағы байланыс құралы болып табылады, «бір терезе»қағидасы бойынша әрекет етеді. Платформа мекемелер арасында деректермен алмасуды қамтамасыз етеді.

9-кестенің жалғасы



1

2

3

Португалия, «NEST» ТИО, 2017 ж.

Туристік саладағы инновациялар мен зерттеулерге, жаңа компаниялар мен бизнес-модельдерді құруға жәрдемдесу, инновациялық көзқарасты дамытуда бизнеске қолдау көрсету

Инновациялық қызметтің негізгі бағыттары демонстрациялық және «тірі» зертханалық кезеңдерге бөлінеді. Демонстрациялық кезең - бұл жаңа өнімдер және технологияларды әзірлеумен байланысты жұмыстар. Living Lab stage - университеттермен, инкубаторлармен, туристік кәсіпорындармен ынтымақтастықта тәжірибе алмасуды, стартаптар мен инновацияларды ілгерілетуді, цифрлық туризмнің жаһандық үрдістерін мониторингтеуді жүзеге асырады.

Мадрид, Испания,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет