Кадрларды басқару
|
Инновация жұмыс сипаттамасының міндетті бөлігі ретінде
|
Ғылыми қызметкерлерді зерттеушілердің халықаралық қоғамдастығына жіберу
|
Серіктестер
|
Әріптестердің кең ауқымын пайдалану
|
Университеттер – экономикалық саладағы ынтымақтастықтың өзегі
|
Стратегия және көшбасшылық
|
Шдамдылық
|
Мақсат қоюдың айқындылығы
|
Инновацияға абстрактілі көзқарас
|
Ұйымдастырушылық мәдениет
|
Тұрақтылық және сәтсіздіктер мен хаостан сабақ алу мүмкіндігі
|
Инновациялық мәдениет
|
Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [82, p. 32]
|
Инновациялық экожүйені қалыптастыруды бастамас бұрын оның болашақтағы ресурстармен қамтамасыз етілуін ескеру қажет. Мәселен, көптеген жағдайларда ТМД елдерінде бұл жағдай ескеріле бермейді және келесідей келеңсіз жағдайлармен сипатталады: экожүйенің барлық агенттерінің жұмысына қажетті кеңістіктің болмауы, экожүйеге кіретін агенттердің тізімінің толық дайын болмауы, кадрлардың жетіспеушілігі, экожүйені құру мен оны басқарудағы тәжірибенің жеткіліксіздігі. Инновациялық экожүйені басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны қалыптастырудың бастапқы кезеңінде келесі іс-әрекеттер орындалуы шарт:
экожүйеге енгізілетін агенттердің географиялық жақындығына (мәселен, Силикон алқабы) бағалау жүргізу;
қашықтағы агенттер үшін ақпараттық өзара іс-қимыл модельдерін әзірлеу;
қағидаттар мен технологиялардың, базаның ортақтығын айқындау;
бизнес-бірлік сипатындағы кәсіпорындарды, банктерді, қорларды және т.б. интеграциялау бағыттарын әзірлеу қажет;
инфрақұрылымды бағалауды жүзеге асыру;
өндірістік және маркетингтік салалардағы экожүйе кәсіпорындарының өзара әрекеттесу бағыттарын әзірлеу;
экожүйенің инновациялық компонентін бағалау, мысалы, қандай инновациялар енгізіледі, тұтынушылық сұраныс қандай болады, олар қалай жүзеге асырылады және т.б.;
экожүйенің кадрлық құрамын талдау;
экожүйеге кадрларды даярлау мен инновацияларды шоғырландыруды қамтамасыз ететін білім беру, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдардың қосылуын қамтамасыз ету.
Инновациялық экожүйені құру мен оны басқару инновациялық экожүйені басқару орталығына жүктеліп, ол келесідей негізгі функцияларды қамтуы тиіс:
инновациялық дамуды үйлестіру, экожүйеге кіретін барлық агенттер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру жүзеге асырылады;
кеңес беру, мониторинг;
мемлекеттік бағдарламаларды инновациялық экожүйе қызметінде пайдалануға бейімдеу;
экожүйенің құрылымына жаңа бизнес-бірліктер мен инвестицияларды тарту арқылы оның қызметін кеңейту;
экожүйеге кіретін бизнес-бірліктерге нарыққа жаңа өнімдерді шығаруға жәрдемдесу;
экожүйе кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру және т.б.;
тұтынушылық сұранысты қалыптастыру бойынша идеяларды генерациялау және әзірлеу және т.б.
Инновациялық экожүйеге серіктестерді тарту және дұрыс таңдау, олармен тығыз байланыс орнату үздіксіз дамуды қамтамасыз етеді. Біріншіден, инновациялық экожүйе мықты стратегия мен көшбасшылықты қажет етеді. Себебі, инновациялық стратегия жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді және бұрын қолданылмаған басқару әдістерін пайдалана отырып, дамудың перспективалық бағыттарын қалыптастырады. Екіншіден, инновациялық экожүйенің тиімді дамуына себепші болатын факторларды қарастырған жөн (5-кесте).
Кесте 5 – Инновациялық экожүйенің тиімді дамуына себепші болатын факторлар
Анықтаушы фактор
|
Факторлар тобының сипаттамасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |