Тукибаева куралай базарбековна


Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың шетелдік тәжірибесі



бет18/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

1.3 Туристік саланың инновациялық дамуын басқарудың шетелдік тәжірибесі
ДТҰ мәліметтері бойынша 2021 жылы халықаралық туризмнің экспорт көлемі 1,9 трлн. долларды құрады, бұл әлемдік экспорттың 21,7%-ын қамтиды, жалпы ішкі өнімдегі туристік саланың үлесі – 6,1%. 2021 жылы әлемдік туристік сала көрсеткіштері 2020 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті. Алайда, ДТҰ бағалауы бойынша, халықаралық туристік сапарлардың жалпы саны пандемияға дейінгі кезеңге қарағанда 72%-ға, халықаралық туризмнің экспорт көлемі 3,5 трлн. долларға төмен [89-90].
Басқарудың тиімділігін арттыру және өзгерістерге жылдам бейімделу үшін туристік саланы басқарудың икемді тәсілдерін пайдалану маңызды. Зерттеу көрсеткендей, туристік саланың дамуы бұл оның мемлекеттік деңгейде қалай қабылданатынына тікелей байланысты. Қазіргі уақытта сарапшылар шет елдердегі туристік саланы басқарудың үш моделін бөліп қарастырады [91-92].
Бірінші модель бүкіл саланы реттейтін қуатты министрліктің болуын көздейді, ол туристік сала мен инфрақұрылымға, сондай-ақ ұлттық туристік өнімдерді шетелдерде жылжытуға арналған қаржылық салымдарды талап етеді. Басқарудың бұл моделі Түркия (Мәдениет және туризм министрлігі), Египет (Туризм және көне жәдігерлер министрлігі) және Таиланд (Туризм және спорт министрлігі) сияқты елдерге тән.
Екінші модель орталық мемлекеттік басқарудың жоқтығымен сипатталады, барлық сұрақтар мен мәселелер нарықтың өзін-өзі ұйымдастыруы негізінде шешіледі. Бұл үлгі туристік сала жоғары орталықсыздандырылған АҚШ сияқты нарықтық экономикасы жоғары дамыған елдерге тән, яғни, АҚШ-та Ұлттық саяхат және туризм бюросы федералды үкімет үшін байланыс орталығы болып табылады.
Үшінші модель Еуропа елдерінде басым. Туристік саланы дамыту мәселелері ведомствоаралық министрлік деңгейінде шешіледі, мұндай министрліктер әдетте екі бағытта жұмыс істейді: құқықтық қамтамасыз ету мен туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, мемлекеттік реттеу мәселелерін шешеді және маркетингтік қызметті жүргізеді, яғни, көрмелерге қатысады, шетелдердегі өкілдіктерді басқарады. Бұл модель Франция, Испания, Италия, Ұлыбритания сияқты елдерге тән (6-кесте).
Кесте 6 – Шет елдердегі туристік саланы басқару модельдері



Атқарылатын функциялар

Франция

Испания

Ұлыбритания

Италия

Бөлімнің атауы

Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі

Өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігі

Цифрлық технологиялар, мәдениет, медиа және спорт департаменті

Мәдени мұра, қызмет және туризм министрлігі

Туристік қызметті үйлестіретін органдар

Туризм жөніндегі ведомствоаралық кеңес және туризм жөніндегі басқарушы Кеңес

Туризм жөніндегі мемлекеттік хатшылық

Visit Britain (бұрынғы BTA)

Туризм жөніндегі бас директорат

Мемлекет бақылауындағы туризмге жауапты ұйымдар

Atout France, демалыс ваучерлерінің ұлттық агенттігі

Turespaña, Paradores de Turismo, SEGITTUR




ENIT, Italian Alpine Club, Туризмнің инвестиция-лық қоры

Маркетингтік саясатты ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет