Тукибаева куралай базарбековна



бет16/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

Инновациялық

Технологиялар мен ресурстарды төмен шығындармен жаңа өнімдерге үнемі өзгерту, өзгеретін ортаға бейімделу және жаңа тауашалар құру.

Стратегиялық

Процестерді дамыту, серіктестермен, ізбасарлармен жұмыс істеу, экожүйеге тән тәуекелдерді ескеретін инновациялық стратегия құру

Инфра-құрылымдық

Кластерлік дамудың, университеттер мен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі, инновациялар мәдениетінің болуы

Адами

Дарынды адамдардың болуы; зерттеушілердің, кәсіпкерлердің, әр түрлі институттардың шоғырлануы; кәсіпкерлік мәдениеттің болуы, капиталға және қолайлы ортаға қол жеткізу

Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [82]

Инновациялық фактор нарыққа инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізуге ықпал ететін балама тәсілдердің болуымен сипатталады. Дегенмен, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты даму және табысты инновациялық қызмет стратегиялық менеджментсіз (стратегиялық фактор) мүмкін емес. Инновациялық экожүйеде инновацияларды құру үшін арнайы инфрақұрылым қажет. Экожүйелік тәсіл адамдарға, яғни, өндірістің, мемлекеттік басқарудың, ғылымның немесе азаматтық қоғамның өкілдері болсын, жаңа талаптар қояды. Сондықтан, инновациялық экожүйе қатысушыларының арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету маңызды. Мысалы, инновациялық экожүйе құрамындағы қатысушылар келесідей байланыс бағыттарын орнатады:



  1. C2C (Consumer-to-Consumer) - тұтынушылар, яғни туристер арасында пікір алмасу).

  2. B2B (Business-to-Business) - турбизнес субъектілері арасындағы кооперация.

  3. C2B (Consumer-to-Business) – туристердің турбизнеске қоятын талаптары мен тілектері.

  4. B2C (Business-to-Consumer) – туристердің турбизнеске жауабы.

  5. С2G – (Consumer-to-Government) – туристердің билікке қоятын талаптары мен тілектері.

  6. B2G - (Business-to-Government) – бизнес өкілдерінің билікке қоятын талаптары мен тілектері.

  7. G2B - (Government-to-Business) – биліктің бизнес өкілдеріне қоятын талаптары.

  8. C2S – (Consumer-to-Science) – зерттеушілерге бастапқы ақпаратты тікелей туристерден алуға мүмкіндік береді.

  9. B2S – (Business-to-Science) - зерттеушілерге бастапқы ақпаратты тікелей бизнес-өкілдерінен алуға мүмкіндік береді.

  10. G2S - (Government-to-Science) - зерттеушілерге бастапқы ақпаратты тікелей бизнес-өкілдерінен алуға мүмкіндік береді.

  11. S2B - (Science-to-Business) – ғылым өкілдері зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру үшін туристік сала кәсіпорындарына тікелей өткізе алады.

  12. S2G - (Science-to- Government) - ғылым өкілдері зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру үшін билік органдарына өткізе алады.

Бұндай байланыс бағыттары кері байланыс орнату және делдалдарсыз ортақ міндеттер мен мәселелерді шешуге мүмкіндіктер береді. Оларды инновациялық инфрақұрылымдар біріктіре алады. Себебі, бүгінде барлық инновацияларды болжауға және инновациялық қызметті белгілі бір дәрежеде жеделдетуге болады, ол үшін ресурстық, кадрлық, материалдық-техникалық, ақпараттық, қаржылық және кадрлық база болуы шарт [22, с. 14 ] (6-сурет).




Сурет 6 – Туристік саладағы инновациялық процестің моделі


Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [22, с. 14]

Бұл модель инновациялық жобаларды жүзеге асыруға, олардың орындалуын үйлестіруге, бақылауға, туроператорлармен, мемлекеттік органдармен ынтымақтастық арқылы инновациялық өнімдерді жасауға, өзара тиімді алмасуға мүмкіндік береді. Осы бөлімшеде қарастырылған теорияға негізінде туристік саланың инновациялық экожүйесін келесідей сызба түрінде көрсетуге болады (7-сурет).


Сурет 7 – Туристік саланың инновациялық экожүйесі


Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [78, с. 32; 79, с. 194; 80, с. 15-16; 81; 82, р. 32; 83, с. 466]


7-суретке cәйкес инновациялық экожүйе және оның қатысушылары өзара байланыс негізінде жұмыс істейді және ол бүкіл құрылымның сәтті жұмыс істеуі үшін маңызды. Бұл жердегі басты мәселе – туристік саладағы R&D&I нәтижелерін коммерцияландыруға қолайлы болатын инновациялық ортаны қалыптастастыру және инновациялық әлеуетті дамыту. Инновациялық экожүйені қалыптастырудың бірінші кезеңі ресурстарды шоғырландырудан басталады. Бұл кезеңде ғылыми әлеуетті қалыптастыру маңызды. Туристік саланы трансформациялау мен инновациялық экожүйені қалыптастыру кезеңіне шағын инновациялық кәсіпорындар мен жоғары технологиялық бизнес жобаларының бірігуі тән. Инновациялық-технологиялық серпіліс кезеңі технологиялық жобалар санының өсуімен сипатталса, инновациялық экожүйенің жетілу кезеңінде инновациялық инфрақұрылым күшейіп, инновациялық экожүйенің бренді қалыптасады [84].
Бұл кезеңдерді өткеру барысында экожүйе мүшелері біліммен, құндылықтармен бөлісе отырып, әр түрлі ресурстарды бірлесіп пайдалана алады. Инновациялық экожүйе оның барлық мүшелерінің мүдделерін ескеруі керек және келесідей элементтерді қамтуы тиіс: ғылым; венчурлік инвестициялар; заттай және материалдық емес инфрақұрылым; инновациялық сұраныс; заңнамалық актілер, құқықтық жағдайлар, адам ресурстары, ақпараттық ресурстар, интеллектуалды ресурстар. Оның ғылыми негізін жоғары оқу орындары құрайды. Венчурлық инвестициялар экожүйені қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді. Инфрақұрылым инновациялық өнімдерді әзірлеп, оларды нарыққа шығарады. Жоғары технологиялық өнімді жасау үшін оған бизнес, мемлекет және туристік нарық тарапынан сұраныс бар екеніне көз жеткізу керек. Заңнамалық актілер нарық ойыншылары арасындағы қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Адам ресурстары инновациялық идеяларды қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін инновациялық даму субъектісі ретінде маңызды рөл атқарады. Ақпараттық ресурстар нарықтағы жағдайды талдау мен эмпирикалық зерттеулер жүргізуде маңызды рөл атқарады. Интеллектуалды ресурстар инновациялық экожүйенің интеллектуалды капиталы болып табылады, оған интеллектуалды меншікті жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет