Туристк саланың дамуына қолайлы жағдайлар жасау индексі
|
51
|
59
|
-8
|
Қауіпсіздік
|
65
|
77
|
-12
|
Денсаулық және гигиена
|
29
|
33
|
-4
|
16-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
Адам ресурстары және еңбек нарығы
|
50
|
59
|
-9
|
Ақпараттық-коммуникациялық технолоияларға дайындық деңгейі
|
58
|
62
|
-4
|
Саяхат және туризм саясаты мен қолайлы жағдайлар индексі
|
85
|
72
|
+13
|
Саяхат және туристік саладағы басымдықтарды анықтау
|
3
|
68
|
+15
|
Халықаралық ашықтық
|
107
|
103
|
+4
|
Бағаның бәсекеге қабілеттілігі
|
1
|
1
|
0
|
Инфрақұрылым индексі
|
78
|
80
|
-2
|
Әуе көлігі инфрақұрылымы
|
71
|
73
|
-2
|
Жер үсті және порт инфрақұрылымы
|
78
|
80
|
-2
|
Туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы
|
78
|
76
|
+2
|
Саяхат пен туристік салаға сұраныс драйверлері индексі
|
55
|
50
|
+5
|
Табиғи ресурстар
|
35
|
33
|
+2
|
Мәдение ресурстар
|
61
|
63
|
-2
|
Бос уақытқа байланысты емес (non-leisure) ресурстар
|
65
|
61
|
+4
|
Саяхат пен туристік саланы тұрақты дамыту
|
53
|
52
|
+1
|
Экологиялық тұрақтылық
|
107
|
104
|
+3
|
Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және жағдайлар
|
33
|
34
|
-1
|
Сұраныс қысымы және саяхат пен туризмнің әсері
|
50
|
52
|
-2
|
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [93-94]
|
16-кестедегі салыстырмалы талдау нәтижелері бойынша Қазақстанда соңғы 2 жылда саяхат және туризм саясаты мен қолайлы жағдайлар индексі, саяхат пен туристік салаға сұраныс драйверлері индексі, саяхат пен туристік саланы тұрақты дамыту индекстері бойынша алға жылжу байқалады. Туристік саланың дамуына қолайлы жағдайлар жасау мен инфрақұрылым индекстері бойынша көрсеткіштер нашарлап кеткенін байқауға болады. Мәселен, туристік саланың дамуына қолайлы жағдайлар жасау индексі бойынша барлық субиндекстер төмен нәтиже көрсетіп тұр, оларға туристік саладағы бизнес орта, қауіпсіздік, денсаулық және гигиена, адам ресурстары және еңбек нарығы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға дайындық деңгейі жатады. Саяхат және туризм саясаты мен қолайлы жағдайлар индексі бойынша керісінше, көрсеткіштер жоғарылаған, бұл көрсеткіштерге саяхат және туристік саладағы басымдықтарды анықтау мен халықаралық ашықтық жатады. Инфрақұрылым индексі бойынша әуе көлігі инфрақұрылымы мен жер үсті және порт инфрақұрылымының көрсеткіштері 2 сатыға төмендесе, туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы 2 сатыға жоғарылады. Саяхат пен туристік салаға сұраныс драйверлері индексінде мәдени ресурстар көрсеткіші төмендесе, табиғи ресурстар мен бос уақытқа байланысты емес (non-leisure) ресурстар көрсеткіші оң динамиканы көрсетіп тұр. Саяхат пен туристік саланы тұрақты дамыту индексі бойынша экологиялық тұрақтылық 3 сатыға жоғарылады, бірақ, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық және жағдайлар, сонымен қатар, сұраныс қысымы және саяхат пен туризмнің әсері деген көрсеткіштер 1-2 сатыға төмендеген. Бұдан Қазақстанға туристік саланың дамуына қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиімді әдіс-тәсілдердің керектігі және инфрақұрылым мәселесін жедел шешу қажеттілігі туралы қорытынды шығады.
Жалпы 2022 жылы 78 елдің азаматтары үшін визасыз режим қайта жаңартылды, оның ішінде Қытай, Үндістан, Иран үшін 14 күн визасыз режим енгізілді. Сонымен қатар, әуе қолжетімділігі кеңейді, 30 ел бойынша 108 маршрут, 477 рейс жүзеге асырылды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 2021 жылы 63,5 млрд теңге сомасына 50 жоба, 2022 жылы 53,4 млрд теңге сомасына 23 жоба қаржыландырылды. Инвестициялық жобаларды қарастыратын болсақ, 2022 жылы Қазақстанда туристік салада 40 млрд. теңге сомасына 138 инвестициялық жоба іске асырылды. Ең бастысы, Қазақстан ірі халықаралық басылымдарда туристік дестинация ретінде атап өтілді. Қазіргі таңда Қазақстандағы туризм инфрақұрылымының жалпы қажеттілігі 870,5 млрд теңге болатын 244 жобаны, басым туристік дестинациялар инфрақұрылымдық жобаларының қажеттілігі 422,8 млрд теңге болатын 178 жобаны құрайды. Мемлекет қабылдаған шаралар бизнестің инвестициялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Мәселен, 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде 400 млрд. теңгеден астам сомаға 290 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 2021 жылы 226 млрд. теңге болатын 100-ден астам инвестициялық жоба енгізілді, ал 2022 жылдың 1 маусымындағы мерзіміне дейін 5,2 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 2021 жылы туристік саладағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 564,4 млрд теңгені құрады. Жоспарланған көрсеткіштерге 8 өңірде қол жеткізілді. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында салаға 75,6 млрд теңге тартылды, 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш – 1 трлн теңгені құраған [131].
Туристердің жайлылығы мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету үшін, дестинацияларда инфрақұрылым салудан басқа, маршруттар бойындағы инфрақұрылымның дамуына назар аудару, сондай-ақ туристік өнімнің материалдық емес компоненттерін дамыту маңызды. Сондықтан, еліміз бойынша «Қазақстанның Гранд-туры» негізіне кіретін бес басым туристік маршрут айқындалды: Алматы – 4 мезгіл, Ұлы Жібек Жолы, Маңғыстау, Сарыарқа, Алтай және мұндағы экскурсиялық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында электрондық кітапхананың құрылуы басталды [132]. Бұл ретте «Жібек жолы» туристік маршруты қолданыстағы трансшекаралық маршруттың бір бөлігі саналады және болашақта Қытаймен шекарада басталып, Өзбекстанда жалғастырылуы мүмкін. «Сарыарқа» туристік маршруты Бурабай, Имантау-Шалқар, Баянауыл және Қарқаралыны біріктіреді. Аталған 5 гранд-маршруттар қазірдің өзінде сұранысқа ие туристік маршруттар болып табылады [133]. Алайда, сұранысқа қарамастан, барлық маршрут көптеген туристі қабылдауға бірдей дайын емес екенін атап өткен жөн. Бұл туристік маршруттарды жоспарлы түрде дамыту маңызды, әсіресе, гранд маршруттар айналасындағы туристік өнімдерді дамыту қажет.
Одан бөлек, 2021 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізінде бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді, соның арқасында ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қолдау шаралары іске қосылды:
шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау (15 000 тг);
тау шаңғысы курорттары үшін жабдықтар мен техника сатып алу бойынша кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (25%);
туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%);
кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (10%);
туравтобустарды сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (25%);
туристік саланың инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында БТА шегінде жүзеге асырылатын туристік саладағы инвестициялық жобаны басым деп тану үшін шек 2 млн АЕК-тен 200 мың АЕК-ке дейін төмендетілді, бұл инвестициялық преференциялар алуға мүмкіндік береді;
Қазақстанды шетелде ілгерілетуді қаржыландыру көздерінің бірі «bed tax» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын шетелдік туристің туристік жарнасын енгізу (туристік алым). Бұл тетік әлемде кеңінен таралған, бейрезиденттер үшін қонақ үй шотына арнайы алым енгізуді болжайды. Бұл алым ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін қалыптастырады. Туристік алым мөлшерлемесінің өзін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді. Туристік жарна жергілікті бюджеттің салықтық емес түсімі ретінде қарастырылған.
туристік саладағы реттеу саясатын жетілдіру және оны кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру. Туроператорлық қызметке лицензия туризмнің жеке түрлері бойынша берілетін болады, мысалы, кіру, ішкі, шығу туризмі [131-133].
Қазақстан Республикасындағы туристік саланың қазіргі даму жағдайын анықтау мақсатында біз келесідей индикаторларды пайдаланатын боламыз: туризмнің ЖІӨ-гі үлесі, мақсаттарына қарай шығу туризмі бойынша келушілер саны, мақсатына қарай келу туризмі бойынша келушілер саны, ішкі келушілерді сапар мақсаттары бойынша бөлу.
Кез келген елдің туризмінің дамуы ең алдымен шығу, келу және ішкі туризмнің арақатынасымен, сонымен қатар, туризмнің ЖІӨ-гі үлесі сияқты көрсеткіштермен анықталады. Шығу туризмi – Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхаттары. Келу туризмi – Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты тұрмайтын адамдардың оның шегiндегi саяхаттары. Ішкі туризм − Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаттары. ЖІӨ-де туризмнің үлесінің өсімі шетелдік туристердің шығыстары, ішкі туристердің шығыстары, туристік салаға инвестиция салу сияқты негізгі 3 драйвер есебінен қамтамасыз етіледі.
2000 жылы туризмнің ЖІӨ-гі үлесі 0,02%, 2005 жылы - 1,2%, 2006 жылы – 1,6%-ды, 2021 жылы Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің мәліметтері бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі туризм үлесі 6,2%-ды, оның ақшалай құны 7,9 млрд. долларды құрады және бұл көрсеткіш бойынша 129-шы орынды иеленді [90; 128, 134]. Туризмнің ЖІӨ-гі үлесін арттыру үшін келу және ішкі туризмді дамыту маңызды, себебі, олар мемлекет экономикасы үшін әлдеқайда тиімді. Келу туризміне байланысты қызметтерді көрсету туристік қызметтерді экспорттау, ал шығу туризміне байланысты болса импорттау болып табылады. Мәселен, келу және ішкі туризмінің дамуы келесідей экономикалық тиімділік әкеледі: капитал мен валюталық жинақтар артады, салық есебінен мемлекеттік бюджет толықтырылады, елдің төлем балансы жақсарады, туристік салада бос жұмыс орындары пайда болады, туристер тарапынан қолөнер бұйымдарына деген сұраныстың болуы да қаржылай тиімділік әкеледі, елдің инвестициялық тартымдылығы артады және т.б. Шығу туризмінің кіру және ішкі туризмнен басым болуы, керісінше, валюта ағынының шет елге жұмсалуы салдарынан елдің төлем балансының нашарлауына әкеледі, яғни, экономикадағы табыс туристерді сапарға жіберетін туристік фирмалар төлейтін салықтардан ғана пайда болады. Қазақстандағы 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі мақсаттарына қарай шығу туризмі бойынша келушілер санын қарастырайық (17-кесте).
Кесте 17 − Қазақстан бойынша 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі туризм түрі бойынша туристер саны
Туризм түрі,
млн. адам
|
2018 ж.
|
2018 ж. (қаңтар-қыркүйек)
|
2019 ж.
|
2019 ж.
(қаңтар-қыркүйек)
|
2020 ж.
|
2020 ж.
(қаңтар-қыркүйек)
|
2021 ж.
|
2021 ж.
(қаңтар-қыркүйек)
|
2022 ж.
(қаңтар-қыркүйек)
|
2018 ж. / 2022 ж. ауытқу
(%)
|
шығу
|
10 646,2
|
8 233,6
|
10 707,3
|
8 222,5
|
2 865,0
|
2 397,6
|
3 501,4
|
2 515,2
|
5 557,5
|
32,5 %-
|
келу
|
8 789,3
|
6 808,0
|
8 515,0
|
6 440,6
|
2 034,8
|
1 783,6
|
1 330,2
|
949,4
|
3 416,6
|
49,8 %-
|
ішкі
|
5 864,7
|
4623,3
|
6657,5
|
5074,4
|
4463,2
|
3058,7
|
6 910,1
|
3 882,9
|
4 858,3
|
5,1 %
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]
|
17-ші кестедегі мәліметтерге сәйкес шығу, келу, ішкі туризм түрлері бойынша көрсеткіштер соңғы 5 жылда пандемияға дейінгі кезеңдегі көрсеткіштерден асқан жоқ, керісінше, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштерін 2018 жылмен салыстырсақ, шығу туризмі 32,5 %-ға, келу туризмі 49,8 %-ға төмендеген, ішкі туризм 5,1 %-ға артқан.
Пандемиядан кейінгі кезеңде 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштер 2020 жылмен салыстырғанда біршама өскен, мысалы, шығу туризмі 131,8 %-ға, келу туризмі 91,6 %-ға, ішкі туризм 58,8 %-ға артқан. Сондай-ақ, соңғы 1 жылдағы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштерді салыстырайық: шығу туризмі 2022 жылы (5,5 млн. адам) 2021 жылға қарағанда (2,5 млн. адам) шамамен 2,2 есеге өскен, ішкі туризм 2022 жылы (4,8 млн. адам) 2021 жылға қарағанда (3,8 млн. адам) шамамен 1,2 есеге ұлғайып, 25 %-ға өсім көрсеткен, келу туризмі 2022 жылы (3,4 млн. адам) 2021 жылға қарағанда (949 400 адам) шамамен 3,5 есеге артқан. Қазақстанға келген адамдар санының айтарлықтай өсуін 2 фактормен сипаттауға болады. Біріншіден, коронавирустық пандемияға байланысты жағдайдың жақсаруы мен карантиндік шектеулердің жойылуы. Екіншіден, Украинадағы соғыс пен Ресейде жарияланған мобилизацияға байланысты адамдардың келуі. Алайда, бұған қарамастан, 2022 жылғы көрсеткіштер әлі де шығу туризмінің келу және ішкі туризмінен басым екендігін көрсетіп отыр. Бірақ, бұлардың арасында туризм мақсатымен келушілер басты назарда болуы тиіс, себебі, бүгінгі таңда жеке мақсатпен келушілердің арасындағы туристердің үлесі аз болып тұр, мысалы, 2016 жылы «таза» туристердің саны - 0,9%, 2017 жылы -1,1%, 2018 жылы - 0,7%, 2019 жылы - 0,9%, 2020 жылы 0,8%-ды құрады, өкінішке орай 2021 және 2022 жылдар бойынша ресми статистикалық деректер туризм мақсатымен келушілерді жеке бөліп қарастырмайды [128]. Ендігі кезекте ішкі және келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санын қарастырайық. Зерттеу кезінде 2022 жыл бойынша толық ресми статистикалық деректердің жарияланбағандығына байланысты, статистикалық деректерді өңдеу қаңтар-қыркүйек айлары бойынша жүргізілетін болады (18-кесте).
Кесте 18. Ішкі (резиденттер) және келу (резиденттер емес) туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер саны
Туризм түрі, адам
|
2018 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2019 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2020 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2021 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2022 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2018 ж. / 2022 ж.
ауытқу (%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
ішкі туризм
|
3 654 869
|
4 113 033
|
2 359 291
|
3 882 858
|
4 858 251
|
32,9%
|
оның ішінде:
|
жеке
|
2 304 380
|
2 656 525
|
1 510 562
|
2 439 162
|
3 253 557
|
41,2
|
іскерлік, кәсіби
|
1 350 489
|
1 456 508
|
848 729
|
1 443 696
|
1 604 694
|
18,8
|
келу туризмі
|
608 094
|
752 757
|
196 705
|
208 536
|
609 803
|
0,3%
|
оның ішінде:
|
жеке
|
152 627
|
235 942
|
45 975
|
49 941
|
262 891
|
72,2
|
іскерлік, кәсіби
|
455 467
|
516 815
|
150 730
|
158 595
|
346 912
|
-23,8
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]
|
18-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстанда пандемиядан кейін туристік сала 2021 жылы қалпына келе бастады, әсіресе, ішкі туризм көрсеткіштері екінші жыл қатарынан тұрақты өсім көрсетіп отыр. Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген ішкі туристер саны пандемиядан кейінгі жылдары 105,9 %-ға ұлғайғанымен, соңғы 5 жылмен салыстырғанда 32,9%-ға ғана өсім көрсеткен. Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келу туристер саны пандемиядан кейінгі жылдары 210-%-ға (шамамен 3 есе) ұлғайса да, соңғы 5 жылмен салыстырғанда 0,3%-ға ғана өскен. Демек, туристік сала, пандемиядан кейін жандана бастағанымен, оған дейінгі кезеңдегі көрсеткіштер бойынша ілгерілеуді көрсете алмай отыр.
Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген резидент емес келушілер соңғы 5 жылда қаңтар-қыркүйек аралықтарында келесідей үлесті құрады: 2018 жылы - 14,3 %, 2019 жылы - 15,5 %, 2020 жылы - 7,7 %, 2021 жылы - 5,1 %, 2022 жылы - 11,2 %. Алдағы уақытта бұл туристердің үлесін арттыру мәселесі өзекті болып табылады. Осы мақсатта әрбір шетелдік қонақты тартқаны үшін туроператорларды субсидиялау туралы қабылданған ұлттық жобаның маңызы зор, 2021 жылы оған 75 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын, ол бойынша әрбір шетелдік қонаққа 15 мың теңгеден берілуі тиіс. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 17 қарашасы аралығында туроператорлар тарапынан 26 өтініш түсіп, оның ішінде 94 туристке 10 өтінім мақұлданды, олар үшін 1,4 млн теңге төленді, жалпы 2022 жылы әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялау жөніндегі жоспардың орындалуы 10,3 %-ды ғана құрады [135]. 17-суретте 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанға келген шетелдік туристердің шыққан елдері бойынша деректер келтірілген [136].
Сурет 17 − 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанға келген шетелдік туристердің шыққан елдері
Жоғарыдағы диаграммаға сәйкес, елге келген туристердің 67% - ы Ресей Федерациясынан, 16% - ы Өзбекстаннан, 6% - ы Түркиядан, 4% - ы ҚХР-дан және 7% - ы басқа мемлекеттерден келген азаматтар. Осы кезеңде Ресейден келген туристер ең көп тоқтады – 130,2 мың адам, ал 2021 жылдың осы кезеңінде елге 51,6 мың орыс азаматтары келіп, өсім 2,5 есені көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстанға Түркиядан 29 мың адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе, ал Қытайдан – 27,2 мың адам (6,8 есе көп) келді. 2022 жылдың 1 шілде мен 11 қараша аралығында «eQonaq» жүйесінде 359 000-ға жуық шетелдік турист тіркелген. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген 4 858 251 ішкі келушілердің 21 %-ы Алматы қаласына, 14 %-ы Астана қаласына, 6,9 %-ы Ақмола облысына тиесілі, ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау – 0,4% мен Батыс Қазақстан – 1,4%, Қызылорда – 1,5% облыстарына тән. Осы 2022 жылдың сәйкес мерзіміндегі орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген 609 803 резидент емес келуші туристер санының басым бөлігі, яғни, 44,3%-ы Алматы қаласында, 25,6%-ы Астана қаласында, ең аз бөлігі, 0,3%-ы Алматы облысында, 0,2%-ы Жетісу мен Жамбыл, 0,1%-ы Ұлытау облыстарында тіркелген. 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы ресми статистикалық мәліметтерді қоса алғанда, Қазақстанда соңғы 5 жылда орналастыру орындарының саны 620 бірлікке артып, 18,5 % өсім көрсеткен, ал олардағы біржолғы сыйымдылық 22,2%-ға ұлғайған, жаңадан 13 136 нөмір іске қосылып, олардың саны 18,4%-ға артқан, орналастыру орындарында 5,4 млн. келушілерге (28,3% өсім) 129, 1 млрд. теңге көлемінде қызмет көрсетілген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 63,6%-ға артқан (19-кесте).
Кесте 19. Қазақстандағы 2018-2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орналастыру орындары бойынша көрсеткіштер
Көрсеткіштер
|
2018 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2019 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2020 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2021 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2022 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2018 ж. / 2022 ж.
(%)
|
Орналастыру орындарының саны, бірлік
|
3345
|
3630
|
3488
|
3670
|
3965
|
18,5 %
|
Біржолғы сыйымдылық, төсек-орын
|
167106
|
181153
|
182519
|
191653
|
204247
|
22,2%
|
Нөмірлер саны
|
71280
|
75779
|
76424
|
79957
|
84416
|
18,4%
|
Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны, адам
|
4262963
|
4865790
|
2555996
|
4091394
|
5468054
|
28,3%
|
Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі
|
78938789,7
|
92077557,1
|
47420906,5
|
78905117,5
|
129183176,7
|
63,6%
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]
|
Егер пандемиядан кейінгі кезеңді қарастырсақ, бұл жерде де оң динамика байқалады, яғни, біршама өсім бар. Мысалы, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштерді 2020 жылдың сәйкес айларындағы көрсеткіштермен салыстыратын болсақ, орналастыру орындарының саны 477 бірлікке, яғни, 13,7 %-ға артқан, біржолғы сыйымдылық 11,9%-ға өскен және жаңадан 7 992 нөмірлер іске қосылған, ол 10,5 % өсімді құрайды. Әсіресе, пандемиядан кейінгі шектеулердің алынып тасталуына байланысты орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны 113,9%-ға, оларға көрсетілген қызмет көлемі 172,4%-ға артқан.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы Қазақстан бойынша 3965 орналастыру орындарының 9,7%-ы Алматы қаласына, 8,9 %-ы Ақмола, 8,8%-ы Жетісу, 8,2 %-ы Абай, 7,8 %-ы Шығыс Қазақстан облыстарына, ең аз орналастыру орындарының 2,5 %-ы Ақтөбе мен 0,7 %-ы Ұлытау облыстарына тиесілі. Орналастыру орындарының бір уакыттағы толтырымдылығы бойынша Алматы қаласы – 11,9 %, Шығыс Қазақстан облысы – 9,5 %, Абай облысы – 8,6 %, Жетісу облысы – 8,2 %, Астана қаласы – 7,6 %, Ақмола облысы – 7,4 %, Алматы облысы – 6,4 % жоғары көрсеткіштерге ие, ең төмен көрсеткіштер Қызылорда - 1,9 % және Ұлытау облыстарында - 0,3 % тіркелген. Қарастырылып отырған мерзімдегі орналастыру орындарындағы 84 416 нөмірдің басым бөлігі Алматы - 15,4 % және Астана қалаларында - 10,5 % болса, ең аз нөмірлер саны Солтүстік Қазақстан - 2,2 %, Қызылорда - 1,9 % және Ұлытау - 0,4 % облыстарында. Орналастыру орындарымен 129,1 млрд. теңгеге көрсетілген қызмет көлемі бойынша алдыңғы орындарда Алматы қаласы – 28,7 % және Астана қаласы – 18,3 %, соңғы орындарда Қызылорда - 0,7 %, Ұлытау – 0,2 % облыстары. Орналастыру орындарында 5 468 054 қызмет көрсетілген келушілердің ең көп саны Алматы қаласында - 23,6 %, ең аз бөлігі – Қызылорда мен Батыс Қазақстан (1,4 %) және Ұлытау (0,4 %) облыстарында тіркелген.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстандағы курорттық аймақтар бойынша орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштерін қарастырайық (20-кесте).
Кесте 20. Қазақстандағы курорттық аймақтар бойынша орналастыру орындарының негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2018 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2019 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2020 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2021 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2022 ж.
қаңтар-қыркүйек
|
2018 ж. / 2022 ж.
ауытқу (%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Курорттық орналастыру орындарының саны, бірлік
|
970
|
1052
|
1466
|
1573
|
1685
|
73,7%
|
Біржолғы сыйымдылық, төсек-орын
|
60 295
|
64 175
|
97 593
|
102 085
|
107 773
|
78,7%
|
20-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Нөмірлер саны
|
19 743
|
21 007
|
38 218
|
40 002
|
42 164
|
113,6%
|
Курорттық орналастыру орындарында көрсетілген келушілердің саны, адам
|
1011233
|
1092526
|
1263017
|
2027321
|
2728622
|
169,8%
|
Курорттық орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі
|
14025404
|
14868983
|
24511847,1
|
42764871,3
|
73907543
|
427%
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]
|
20-кестеге сәйкес соңғы 5 жылда курорттық орналастыру орындарының саны 715 бірлікке көбейіп, 73,7%-ға артқан, біржолғы сыйымдылық 78,7%-ға өсім көрсеткен, нөмірлер саны 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 42 164 бірлікті құрап, 113,6%-ға артқан, бұл курорттық орналастыру орындарында 2,7 млн. келушілерге қызмет көрсетілгендігін және олардың санының 2018 жылға қарағанда 169,8%-ға артқандығын әрі көрсетілген қызмет көлемінің шамамен 5 есеге ұлғайғандығын көрсетеді. Пандемиядан кейінгі кезеңмен салыстыратын болсақ, курорттық орналастыру орындарының саны 14,9%-ға артқан, ондағы біржолғы сыйымдылық 10,4 %-ға, нөмірлер саны 10,3 %-ға өсім көрсеткен, курорттық орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны 116 %-ға өсіп, көрсетілген қызмет көлемі де шамамен 3 есеге өскен.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1685 курорттық орналастыру орындарының 30 %-ы Алматы тау кластеріне, 13,2%-ы Жетісу облысына қарасты Алакөл курорттық аймағына, 12,7%-ы Абай облысына қарасты Алакөл курорттық аймағына, 11%-ы ШБКА курорттық аймақтарына тиесілі, ең аз орналастыру орындары Қостанай - 0,2% және Байқоңыр - 0,1% курорттық аймақтарында тіркелген. Осы мерзімде 2,7 млн.туристердің басым бөлігі, яғни, 54,1%-ы Алматы тау кластерінде, 8,2% -ы ШБКА-да, 7,7%-ы Маңғыстау, 6,5%-ы Жетісу облысына қарасты Алакөл курорттық аймағында, 5,9%-ы Абай облысына қарасты Алакөл курорттық аймағында демалған, ең аз туристер демалған курорттық аймақтар келесідей: Байқоңыр туристік аймағы - 0,005 %, Қатон-Қарағай - 0,17 %, Қостанай курорттық аймағы - 0,24 %. Ағымдағы жылдың қарастырылып отырған мерзім аралығында 73,9 млрд. теңгеге көрсетілген қызмет көлемінің басым бөлігі келесі курорттық аймақтарға тиесілі: 1 476 015 адам демалған Алматы тау кластері - 41,2 млрд. теңге (55,9%), 223 904 келушілері бар ШБКА -11,2 млрд. теңге (15,2%), 210 497 адам демалған Маңғыстау курорттық аймағы - 8,7 млрд. теңге (11, 9%), 160 954 келушілер тіркелген Абай облысына қарасты Алакөл курорттық аймағы – 2,7 млрд. теңге (3,7%), 177 592 келушілері бар Жетісу облысына қарасты Алакөл курорттық аймағы – 2,4 млрд. теңге (3,4%), 93 856 адам демалған Түркістан туристік аймағы – 2,1 млрд. теңге– 2,9 %.
Бұл ресми статистикалық деректер бүгінде Қазақстанның облыстары мен қалаларында туристік сала қаншалықты және қандай бағытта дамып жатқанын анықтауға мүмкіндік берді. Өкінішке орай, шығу туризмінің келу туризмінен әлі де басым болуы, сонымен қатар, келу туризмінің көрсеткіштерінің өспеуі, оның ішінде, таза туристердің үлесінің 1%-ға да жетпеуі, туризмнің ЖІӨ-гі үлесінің төмен болуы, республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың игерілмеуі деген сияқты өзекті мәселелер туристік саланы дамытуды және оны тиімді басқаруды қажет етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2022 жылғы бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мониторингінің нәтижелері туралы есепке сәйкес, «туристік сала мен туристік қызметті дамытуды ынталандыру» санатында ведомствоға 402 млн теңге бөлінген болатын. Бұл үлкен қаражат емес, алайда осының өзінде оның орындалу пайызы небәрі 21,3% -ды, ал игерілмеген сома-316,2 млн теңгені құрады [137].
Бүгінде туристік саланың инновациялық дамуын басқаруда саланы цифрландыру маңызды орын алатынын атап өткен жөн, сондықтан 21-кестеде Қазақстан Республикасындағы туристік саланы цифрландыру жөніндегі бірқатар жобаларға шолу жасалған.
Кесте 21 – Қазақстан Республикасындағы туристік саланы цифрландыру жөніндегі жобалар
Атауы
|
Сипаттамасы
|
Кемшіліктері
|
«Kazakhstan.
travel»
ұлттық
туристік порталы
|
Техникалық қолдау, контент, дизайн, әлеу- меттік желілерде және іздеу жүйелерінде жылжыту, MICE-бөлімін құру, «Фото банк» бөлімін қосу, қосымша функциялар мен модульдер әзірленген. Бизнес өкілдеріне аймақ пен туризм түрлері бойынша сүзгілеу мүмкіндігі бар турагенттіктердің, гид-экскурсоводтардың, қолөнершілердің тізілімдері, маркетплейс пен коммер- циялық платформа өнімдері іске қосылған.
|
Зерттеу кезінде толық әзір- ленбеген, туристік маршрут тар мен экскурсияларды бірден брондау мүмкіндігі жоқ.
|
«eQonaq» ақпараттық жүйесі (АЖ)
|
Орналастыру орындарының бірыңғай тізілімін құруға, туристік ағындар, туристер портреті және көші-қонды бақылау бойынша деректерді жинау мен өңдеу мақсатында жүйе «Бүркіт» ҚР ҰҚК АЖ-мен, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің АЖ-мен интеграцияланған. Заңға сәйкес, қабылдаушы тұлғалар (орналастыру орындары, жеке тұлғалар) келген шетелдіктер туралы Ішкі істер органдарын олар келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі міндетті. Бұл «eQonaq» қосымшасы арқылы мүмкін.
|
Сәтті жұмыс істейді. Жүйенің қамтылуы 40 есеге артты, жүйеде шетелдіктерді орналастыратын жеке тұлғаларды қоса алғанда 65 000 орналастыру орны тіркелген.
|
21-кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
«Tourstat.kz» ақпараттық
жүйесі (АЖ)
|
Туристік саладағы статистикалық деректерді жинау және талдау жүйесі. Ұлттық статистика бюросымен интегра- цияланған, елдегі нақты туристік ағымдар туралы ақпарат береді, орналастыру орындарының қызметін көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік береді.
|
Барлық статистика қамтылмаған.
|
«Туризм онлайн»
ақпараттық жүйесі (АЖ)
|
Бірыңғай коммуникациялық платформа көмегімен нарық қатысушыларын біріктіретін туристік экожүйе, оның функцияларына туристік маршруттардың цифрлық картасын жасау, туристік операторлар мен туристік қызметтерді жеткізушілердің рейтингін жүргізу кіреді.
|
Зерттеу кезінде платформа ақпараттық сипатқа ғана ие, монетизация үшін жұмыс істемейді, нарық қатысушы- лары арасында нақты уақыт режимінде нетворкинг байқалмайды
|
«View Project» ақпараттық
жүйесі (АЖ)
|
Туристік дестинацияларда инфрақұрылым дық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру кезінде әкімдіктермен онлайн мони- торинг жүргізу және өзара іс-қимыл жасау
|
Зерттеу кезінде платформа жұмысына қолжетімділік болмады.
|
«eShagym»
электрондық сервисі
|
Туризм объектілерінің, гидтердің, туркомпаниялардың, жол бойындағы сервистердің жұмыс сапасын бағалау үшін әзірленген қосымша .
|
2022 жылдың тамыз айында іске қосылды, шағымдар қабылданып, жұмыс басталды.
|
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [138-141]
|
Бұл жобалардан бөлек, гидтердің бірыңғай тізілімін цифрландыру бойынша арнайы платформа жұмыс істейтін болады, ол гидті тіркеуге, сертификаттауды растауға, QR код пен бейдж алуға өтініш беруге мүмкіндік жасайды. Бұл жүйе – гидтер мен экскурсия жетекшілерін іздеу мүмкіндігі бар толыққанды деректер базасы болады деп жоспарланып отыр, ал QR-кодтар жүйесі белсенді емес гидтерді анықтауға және тізілімнен шығаруға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында 21-кестедегі цифрлық жобалардың басым бөлігінің соңына дейін пысықталмағандығы мен көрсетілген маркетплейстерде қаржылық пайда табуының іске қосылмағандығы туралы қорытынды жасадық. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының туристік саласындағы стратегиялық жоспарлаудың бірқатар құжаттарын талдау барысында тікелей туристік саладағы инновацияларды дамытуды реттейтін жеке стратегиялық құжат жоқ екені анықталды [130; 142; 143].
Сонымен, туристік саланың инновациялық даму жағдайын бағалау үшін (Қосымша Д)-да келтірілген бағалау көрсеткіштерін 2020 және 2021 жылғы деректер бойынша Қазақстанның аймақтарын ранжирлеп, туристік саланы инновациялық дамытудың ранжирленген жиынтық тізімін жасадық. Статистикалық мәліметтердің болуы, көрсеткіштің объективтілігі және оның динамикасын зерттеудің қарапайымдылығы төмендегі көрсеткіштерді таңдауға негіз болды:
Достарыңызбен бөлісу: |