Тукибаева куралай базарбековна


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИСТІК САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ



бет23/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТУРИСТІК САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасы туристік саласының инновациялық дамуын басқарудың қазіргі жағдайы


Қазақстанда бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын нарық экономикасын қалыптастыру үшін туристік саланың инновациялық дамуы маңызды болып табылады. Туристік саладағы инновациялар көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге, ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге, жаңа қажеттіліктерді қалыптастыруға, туристік өнімдерді жүзеге асыру мен туристердің қанағаттану дәрежесін арттыруға, неғұрлым тиімді тәсілдер мен басқару стратегияларын құруға және практикада қолдануға, жаңа нарықты ашуға және басып алуға бағытталған шығармашылық идеяларды, тұжырымдамалар мен технологияларды қалыптастыруды және дамыту қамтиды. Нәтижесінде, елге тартылған туристік ағын есебінен ел экономикасына қаражат түсіп, жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесі артады.
Қазақстан 2022 жылғы жаһандық инновация индексінің (GII) нәтижелері бойынша 132 елдің ішінен 83-ші орынды иеленді, жаһандық инновациялық индексі 24,7 құрады, бұл елдің тіпті әлемнің үздік-50 инновациялық елдеріне кірмегендігін көрсетеді. Инновациялық индекс жеті аналитикалық блокты қамтиды, оның ішінде, адам капиталы мен зерттеулер бойынша 60-шы, инфрақұрылым бойынша 58-ші, инновация нарығының даму жағдайы бойынша 90-шы, бизнестің дамуы бойынша 68-ші, білім мен технология нәтижелері бойынша 81-ші, шығармашылық қызмет нәтижелері бойынша 118-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, бағдарламалық қамсыздандыруға бөлінетін қаржы көлемі бойынша 119-шы орын, зияткерлік меншіктен түсетін кіріс бойынша 99-шы орын, R&D-да университет пен өндірістің ынтымақтастығы бойынша 117-ші орынды иеленді [127] (14-кесте).

Кесте 14. Қазақстанның 2008-2022 жылдар аралығындағы Жаһандық инновация индексіндегі нәтижелері





GII жылы

Қазақстанның алған орны

Қатысқан елдер саны

GII жылы

Қазақстанның алған орны

Қатысқан елдер саны

2008-2009

72

130

2016

75

128

2009-2010

63

132

2017

78

127

2011

84

125

2018

74

126

2012

83

141

2019

79

129

2013

84

142

2020

77

131

2014

79

143

2021

79

132

2015

82

141

2022

83

132

Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [122, 127]

14-кестедегі мәліметтер 2022 жылы Жаһандық инновация индексінде Қазақстанның 2021 жылмен салыстырғанда 4 сатыға және соңғы 5 жылда 9 сатыға, соңғы 14 жылда 11 сатыға төмендегенін көрсетеді. Статистикалық деректерге сәйкес, 2021 жылы елдегі инновация саласындағы белсенділік деңгейі 10,5%-ды құрады, дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 50-70%-ды құрайды, 2026 жылға қарай Қазақстандағы инновацияның үлесі 7 %-ға жетуі мүмкін. Туристік саладағы нновациялық белсенділік инновациялық процеспен сипатталады және экономикалық өсу мен өмір сапасын арттырудың, тұтынушылар нарығын кеңейтудің қажетті шарты болып табылады. Бұл ретте, өндірісті ғылыммен ұштастыру, шеттен дайын технология сатып алудың орнына жергілікті ғалымдармен, туристік сала қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасау маңызды [128].


Бүгінгі таңда Қазақстанда туристік саланың инновациялық тұрғыдан алатын орны цифрландырумен, технологиялық шешімдермен тікелей байланысты, оның ішінде, заттар интернеті (IoT), smart-шешімдер, «ақылды» қалалар, блокчейн технологиялары, жасанды интеллект, толықтырылған және виртуалды шындық, электрондық коммерция. Қазақстанда туристік саладағы бәсекелестіктің төмен деңгейіне байланысты инновациялар ұзақ мерзімді артықшылық ретінде және бәсекеге қабілеттіліктің басты құралы ретінде қарастырылмайды. Мысалы, корпоративтік инновациялар стандартты бизнес-тәжірибеге айналуы үшін ірі туристік кәсіпорындардың кем дегенде 20%-ы инновациялық қызметті белсенді жүзеге асыра отырып, инновация құралдарымен жүйелі түрде жұмыс істеуі шарт, сонда өзге де туристік нарық қатысушылары инновациялық процеске тартылады.
Еліміздегі туристік саламен байланысты сәтті жүзеге асырылған бірқатар стартаптар қызметін қарастырайық. Ерте сатыдағы стартаптар үлесін жергілікті корпорациялардың шектеулі саны ғана сатып алуға шешім қабылдайды, кез келген кәсіпорын венчурлық тәуекелді қабылдауға дайын болмайды және тәжірибенің жоқтығына байланысты жобаны әрі қарай дамыта алмайды. Алайда, «Kaspi» компаниясы теміржол және әуе көліктерін онлайн сатуды ұсыну мақсатында «Santufei» стартапын (онлайн туристік агенттік) сатып алып, 2020 жылдың соңында «Kaspi Travel» қызметін іске қосты, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінде ол туристік агенттіктер қызметі деп тіркелген. 2022 жылы «Kaspi Travel» Қазақстанда әуе және теміржол билеттерін брондау бойынша үздік сервиске айналды, II тоқсанның қорытындысы бойынша 3,1 млн. билет сатылды және 40 ірі интернет-сауда алаңдарының ішінде 2-ші орынды иеленді, 2021 жылғы табысы - 191,6 млн. АҚШ доллары. «Kaspi Travel» 18 айдың ішінде стартаптан маркетплейстің маңызды бөлігіне айналды, бүгінде оның Қазақстан маркетплейсіндегі үлесі 9%-ды құрайды және оған туристік нарықтың төрттен бір бөлігі тиесілі. Сонымен қатар, әуе билеттері мен қонақ үйлерді броньдауға мүмкіндік беретін өзге де онлайн туристік порталдардың қызметін қарастырайық: «Aviata.kz» компаниясының 2021 жылғы табысы 160 млн. АҚШ долларын, табыс динамикасы 20%-ды құрады, 2022 жылы 40 ірі интернет-сауда алаңдарының ішінде 3-ші орынға ие болса, «Chocotravel» компаниясының 2021 жылғы табысы 37,5 млн. АҚШ долларын, табыс динамикасы 7%-ды құрады және 2022 жылы 40 ірі интернет-сауда алаңдарының ішінде 15-ші орында [129].
Туристік саладағы инновацияларды сәтті енгізу арқылы инновациялық өнім көлемін ұлғайту үшін инновациялық идеялармен және стартап-командалармен жұмыс істеу, әр түрлі хабтармен және акселерациялық алаңдармен ынтымақтасу, инновацияларды жүзеге асыруға арнайы қор бөлу және ұзақ мерзімге жақсы кадрларды тарту, өз инновациялық инфрақұрылымын құру маңызды. Қазақстан Республикасындағы 2017-2021 жж. аралығындағы инновациялық өнімдер көлемін қарастырайық [128] (12-сурет).



Сурет 12 − Қазақстан Республикасындағы 2017-2021 жж. аралығындағы инновациялық өнімдер көлемі, млн. теңге


Бұл диаграммадағы мәліметтер Қазақстан Республикасында соңғы 5 жылда, яғни, 2017-2021 жылдар аралығында инновациялық өнімдер көлемі 70,3%-ға өсім көрсеткен, бірақ, соңғы 2 жылдағы (2020-2021) көрсеткіш бойынша 16,1%-ға төмендеген. Қазақстанның облыстары мен республикалық маңызы бар қалалардағы инновациялық өнімдер көлемінің 2021 жылғы үлесін салыстыратын болсақ, жоғары көрсеткіштер Қостанай (26,3%), Қарағанды (17,1%), орташа көрсеткіш Ақмола (7,8%), Павлодар (6,8%), Шымкент қ., (6,6%), Ақтөбе (6%), Жамбыл (5,4%), Алматы облысы (4,6%), мен Алматы қаласына (4,4%), төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (1,8%), Батыс Қазақстан (1,4%), Түркістан (1%), Маңғыстау (0.3%) облыстарына тиесілі.


Сондай-ақ, 2021 жылы инновацияның барлық түрлері бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі жоғары облыстар мен қалаларға Астана қаласы (13,5%), Қарағанды (13 %) және Ақтөбе облыстары (12,5%) кірсе, инновациялық белсенділік деңгейі төмен облыстар қатарында − Павлодар (5,2%), Ақмола облысы (5,8%), Батыс Қазақстан (6,9%), Шымкент қаласы (7%) бар. Ендігі кезекте меншік нысандары бойынша өнімдік және процестік инновацияларға жұмсалған шығындар статистикасын қарастырайық [128] (13-сурет).



Сурет 13 – Меншік нысандары бойынша өнімдік және процестік инновацияларға жұмсалған шығындар, млн. теңге


2021 жылы меншік нысандары бойынша өнімдік және процестік инновацияларға жұмсалған шығындар 2017 жылға қарағанда 12,7%-ға азайған, соның ішінде, мемлекеттік меншік тарапынан 7,6%-ға, жеке меншік тарапынан 11,5%-ға азайған. Бүгінде инновациялық қызмет саласында серіктестермен байланыс орната отырып, бірлескен жобалармен жұмыс істеу өзекті мәселе болып табылады (15-кесте).


Кесте 15. Инновациялық қызмет саласында серіктестермен жұмыс істеген кәсіпорындар саны





Көрсеткіштер, бірлік

Өз облысын
дағы

ҚР облыс тарындағы

ТМД елдерін дегі

Одан

Басқа елдер дегі

ЕАЭО елдерін
дегі

Жабдықтар, материалдар, жинақ- таушылар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер

149

573

252

172

206

Жеке сектордағы тұтынушылар

147

303

50

34

22

Мемлекеттік сектордағы тұтынушылар

115

241

20

8

4

Бәсекелестер, басқа да ұйымдар

88

256

68

40

34

Кеңесшілер, коммерциялық зерт- ханалар, жеке ғылыми институттар

54

266

64

33

44

Университеттер

40

175

43

21

26

Мемлекеттік, жеке ғылыми-зерттеу институттары

35

212

52

23

25

Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]

15-кестедегі мәліметтерге сәйкес бірқатар кәсіпорындар инновациялық қызмет саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер, жеке тұтынушылар, бәсекелестер, кеңесшілер, коммерциялық зертханалар, университеттер, мемлекеттік және жеке ғылыми-зерттеу институттары сияқты серіктестермен жұмыс жасаған. Олар тек өз облысының немесе Қазақстанның деңгейімен шектеліп қана қоймай, ТМД, оның ішінде, ЕАЭО елдерімен, сонымен қатар өзге шет елдермен бірлесіп, қызмет атқарды. 2021 жылы Қазақстанда инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындар 28 203 бірлікті құрады, олардың 23,1%-ы Астана қаласына, 13%-ы Алматы қаласына, 7,8%-ы Қарағанды облысына, 6,6%-ы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындардың ең төмен үлесі 2,3%-ы Қызылорда, 2,6%-ы Жамбыл, 2,8%-ы Батыс Қазақстан, 2,9%-ы Түркістан облысында тіркелген. Инновациялары бар 2960 кәсіпорынның басым бөлігі 25,2%-ы Алматы қаласында, 16,7%-ы Астана қаласында, 9,6%-ы Қарағанды облысында, 7 %-ы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Ең аз инновациялары бар кәсіпорындар келесі қалалар мен облыстарда орналасқан: 1,9% - Батыс Қазақстан мен Павлодар, 2,3%-ы Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында. 2021 жылдың Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес кәсіпорындарда инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау себептерінің пайызға шаққандағы үлесі 14-суреттегі диаграммада көрсетілген [133].





Сурет 14 – 2021 жылы кәсіпорындарда инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау себептері


Жоғарыдағы диаграммаға сәйкес инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау себептері ретінде инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындардың 27,4%-ы – сұраныстың болмауынан инновацияға қажеттіліктің жоқтығын, 20,7%-ы қаржы қаражатының жетіспеушілігін, 8,7%-ы – бұрынғы инновациялар салдарынан қажеттіліктің туындамауын, 5,9%-ы инновациялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың белгісіздігін, 5,3%-ы - инновациялық шығындардың өте жоғары болуын, 1,6%-ы – білікті маманның жетіспеушілігін және нарық туралы ақпараттың жоқтығын, 1,3%-ы сыртқы қаржыландырудың жетіспеушілігін, 1,1%-ы – технологиялар жөнінде ақпараттың жоқтығын, 0,9%-ы – инновация үшін серіктестік табудың күрделілігін, 0,7%-ы нарықтағы бар кәсіпорынның үстемдігін атап өткен болатын.


Бүгінгі таңда туристік саланың инновациялық дамуы үшін оның басқару тиімділігін арттыру қажет. Қазақстан Республикасының туристік саласын басқару құрылымын қарастырайық [130] (15-сурет).


Сурет 15 – ҚР туристік саласын басқару құрылымы


Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [130]


Аталған жүйенің негізгі элементі әрі туристік саланың ұлттық операторы ретінде «Kazakh Tourism» ҰК АҚ таңдалып, оған келесідей уәкілеттіліктер берілді:
1) инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына қатысуға тарту мақсатында әлеуетті инвесторларды іздеуді жүзеге асыру және олармен келіссөздер жүргізу;
2) жаңадан құрылатын жобалау компанияларының капиталына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бақылаусыз қатысу арқылы инвестициялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру;
3) туристік саланы дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасау;
4) халықаралық және отандық туристік нарықтарда елдік туристік бренд пен туристік өнімдерді пайдалану және ілгерілету;
5) туристік қызмет саласындағы мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру;
6) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысу;
7) басым туристік аумақтарды басқаруға қатысу.
Бұдан басқа, республикалық деңгейдегі үздік-10 БТА-ның дамуын басқару «KazakhTourism» ҰК АҚ-ны, жергілікті атқарушы органдарды, «KazakhInvest» ҰК-ны және халықаралық консультанттарды тарта отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған арнайы басқарушы компаниялаға жүктелген. Басқарушы компанияларға жер учаскелерін резервтеу және үлестіру құқығы беріледі. Сондай-ақ ЕҚТА туристік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асыру шеңберінде туризм бөлігіндегі басқарушы компанияға (үздік-10 БТА шеңберінде) беруді көздейтін ұлттық парктерді басқарудың жаңа моделі пилоттық режимде енгізілді.
Өңірлік туристік әлеуетті және туристік объектілерді ілгерілетуді дамыту үшін бизнес өкілдерін Destination management organization және Destination Management Company тетігін енгізу арқылы саланы басқару процесіне интеграциялау маңызды. DMO – бұл маркетингке, ілгерілетуге, кейде инфрақұрылымды дамытуға және дестинацияны басқаруға жауапты компания. Оның басқарушы органдарының құрамына мемлекеттік органның өкілдері ғана емес, бизнесмендер де, яғни, отельерлер, тасымалдаушылар, рестораторлар, тиісті нарықта жұмыс істейтін туроператорлар да кіреді. Бизнестің дестинацияны дамыту бойынша, оның ішінде бюджет қаражатына иелік етуде дауыс беру құқығына ие бола отырып, шешімдер қабылдау процесіне тікелей қатысуы негізгі болып табылады. DMO қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты, нарық қатысушыларының мақсатты жарналары, маркетингтік қызметтерді көрсету есебінен жүзеге асырылады [130].
Дегенмен, бұл басқару жүйесі туристік саланың инновациялық дамуын басқару мәселелерін қамтымайды. Біріншіден, туристік саланың инновациялық дамуын басқару – бұл осы саладағы кең ауқымды инновацияларды құруды, игеруді және таратуды ынталандыру бойынша туристік саланың уәкілетті органдары пайдаланатын әдістер мен құралдар жүйесі болып табылады. Екіншіден, туристік саладағы инновациялық процестерді тиімді жоспарлау және болжау негізінде олардың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі мен ресурстық-технологиялық базасын құру және туристік саланың инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру. Үшіншіден, таңдап алынған басқару процестері мен әдістері инновациялық қызметтің өзгеру серпінін, инновациялық әлеуетті қолдану дәрежесін және инновациялық инфрақұрылымның дамуын оңтайландыруға, сондай-ақ саланың инновациялық тартымдылығы мен инновациялық тұрақтылығын арттыруға бағытталуы тиіс.
2021 жылы Саяхат және туризмді дамыту индексінде Қазақстан 117 елдің ішінде туристік саланың дамуы бойынша 66-шы орынды иеленді. 2019 жылы Саяхат және туризмнің бәсекеге қабілеттілігі индексінде 140 елдің ішінен 80-шы орынды иеленді (16-сурет).



Сурет 16 − Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның әлемдік туризм рейтингіндегі позициясы


Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [98, 99]


Біз диссертациялық жұмыста негізгі 5 индекс пен 17 субиндекстер көрсеткіштерін 2019 және 2021 жыл бойынша қарастыратын боламыз (16-кесте) [93-94].


Кесте 16 – TTCI-2019 және TTDI-2021 индекстері бойынша Қазақстандағы туристік саланың дамуына салыстырмалы талдау





Индикаторлар

TTCI-2019 жыл

TTDI-2021 жыл

2019 жыл / 2021 жыл ауытқу %-ы

1

2

3

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет