Мықты тұстары (S)
|
Әлсіз тұстары (W)
|
облыста туристік саладағы қызметтердің 6%-дан астамы көрсетіледі;
республика бойынша барлық орналастыру орындарының 10% - ы шоғырланған;
қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар;
бай тарихи-мәдени қор (мәдениет ескерткіштері, археология және табиғат ескерткіштері);
емдік-рекреациялық ресурстар, санаторий-ку рорттық туризмді дамытуға барлық алғышарттар бар;
әдемі құмды жағажайлар;
«Бурабай», «Көкшетау», «Қорғалжын қорығы» МҰТП жұмыс істейді.
|
туристік дестинациялар мен туристік объектілердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету;
туристік инфрақұрылым төмен деңгейде;
орналастыру орындарының бағалары жоғары;
маусымдылық мәселесі;
турөнім сапасы.
|
Мүмкіндіктері (O)
|
Тәуекелдер (T)
|
инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды ұлғайту;
перспективалы туристік дестинацияларда және ауылдық елді-мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту;
жұмыс орындарын құру;
ұлттық туристік өнімді құру;
келу және ішкі туризм бойынша туристік ағындардың ұлғаюы;
бір күндік маршруттар санын көбейту;
мәдени туризм, ойын-сауық туризмі, балалар-жасөспірімдер туризмі, этнотуризм, агротуризм, экотуризм, аңшылық туризм, экстремалды туризм, тау шаңғысы туризмі, спа туризм, балық аулау, гастрономиялық турлар, оқиғалар туризмі, спа туризм, таулар мен көлдердегі демалыс күнгі турлар, кемпингтік туризм, автотуризм, оқиғалық туризм,
|
туристік ағындар көлемінің төмендеуі;
туристік аудандарға рекреация лық жүктеме;
туристік ағынның біркелкі бөлінбеуі.
|
Ескерту − Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [148-149]
|
SWOT-талдаудан көрініп тұрғандай, облыс өңір экономикасын дамытуға инвестициялар тарту үшін зор әлеуетке ие. Қазіргі уақытта ШБКА-ға түсетін үлкен антропогендік жүктемені ескере отырып, жоғары туристік-рекреациялық әлеуеті бар басқа аудандарды игеру қажеттілігі туындады. Сондықтан, облыста туристік-рекреациялық ресурстардың тартымдылық дәрежесі бойынша аумақты аудандастыру жүргізіліп, стратегиялық бағыттарды шоғырландыратын 4 базалық аймақ айқындалды [150-151] (22-сурет).
Сурет 22 – Туристік-рекреациялық ресурстардың тартымдылық дәрежесі бойынша аумақты аудандастыру
Ескерту – Әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған [150-151]
Статистика көрсеткендей, Астана қаласына келген шетелік туристердің 70%-ы міндетті түрде Бурабайға жол тартады. «ТурСтат» агенттігінің нұсқасы бойынша Бурабай ТМД-ның жетекші курорты болып танылады [152]. Елорда маңындағы демалыс аймағы табиғи-ландшафтық және тарихи-мәдени ресурстарды сәтті үйлестіреді және жыл бойы пайдалануға арналған, сондықтан да, отбасылық демалысты ұйымдастыру және дамыту, инсентив турларын, тимбилдингтерді ұйымдастыру үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазіргі урбанизация жағдайында туристер көркем ландшафттарға, соның ішінде қызықты тарихи және сакралды объектілерге, қорықтарға баруға қызығушылық танытады. Ақмола облысы қорықтар зонасы мен сакралды объектілерге өте жақын орналасқандығына қарамастан, туристік әлеуетін толық пайдалана алмай жүр. Әсіресе, Ақмола облысы табиғи зонасының әлеуеті жоғары және ол жағажай туризмінен бастап туризмнің экстремалды түрлеріне дейінгі белсенді әрі енжар демалыс түрлерін ұйымдастыру үшін барлық мүмкіндіктерге ие.
Сонымен қатар, Ақмола облысында балалар және жасөспірімдер туризмін, санаторлық-сауықтыру, агротуризм сияқты бағыттарды дамытуға басымдық беру қажет. Алайда, балалар және жасөспірімдер туризмін дамытуға кедергі келтіретін бірқатар күрделі мәселелер өз шешімін таппай отыр, мысалы, лагерьлердің материалдық-техникалық базасының төмендігі, балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша ресми статистиканың жоқтығы, балаларды қарсы алып, шығарып салуға және оларға экскурсия өткізуге арналған мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, сондай-ақ, қауіпсіздік белдіктерімен, кондиционерлермен жабдықталған балаларды тасымалдауға арналған ыңғайлы автобустардың болмауы, жол полициясы қызметкерлерінің сүйемелдеуінің болмауы [130]. Санаторлық-сауықтыру туризмі де әлсіз материалдық-техникалық базамен, маркетингтік стратегияның, қосымша қызметтердің және ойын-сауық іс-шараларының болмауымен, бағаның қымбат болуымен, сондай-ақ менеджмент пен қызмет көрсетудің төмен деңгейімен сипатталады.
Қазіргі уақытта Ақмола облысында агро және ауылдық туризм дамудың бастапқы деңгейімен ерекшеленеді, өйткені тұрақты туристік өнімдер мен аумақтық туристік бренд қалыптаспаған, туристерді қабылдау және іс-шараларды өткізу бойынша ауыл тұрғындарының жұмысын дербес үйлестіру дамымаған, байланыс және жарнама арналары белсенді қолданылмайды. Жалпы, агротуризм – бұл өңірдің барлық әлеуетін пайдаланып, ауылда демалу, соның ішінде елді-мекеннің мәдениетімен, тұрмысымен және дәстүрімен сусындай отырып, фермерлік шаруашылықтарды аралау болып табылады. Өңірлерде агро және ауылдық туризмді дамыту есебінен құрылатын жалпы жылдық жалпы ішкі өнім 2025 жылға қарай шамамен 10 миллиард теңгеге жетуі мүмкін (оның ішінде 1 млрд. теңгеге дейін шетелдік туристер есебінен). Сондықтан бұл бағыттың болашағы зор және дұрыс басқара білген жағдайда, күйзеліске ұшыраған ауылдық елді-мекендер мен аймақтарды гүлденген жерлерге айналдыруға болады, бұл өз кезегінде ауылдың деградациясын, тұрғындардың үлкен қалаларға кетуін тоқтатады. Бұл цифрландырудың заманауи тәжірибесін енгізу және цифрлық арналар арқылы елді-мекендерді алға жылжыту бойынша жүйелі жұмыстар атқаруды талап етеді [153].
2022 жылы туристік іс-шараларды онлайн/офлайн-ілгерілетуге және ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 29 миллион теңге бөлінді (2021 жылы 27 миллион 600 мың теңге бөлінді). Оның ішінде 18 миллион 600 мың теңге игерілді. Сонымен қатар, 10 400 000 теңге келесі шараларды өткізуге бөлінді: Ақкөл ауданындағы «NOMAD Camp» скауттарының халықаралық слеті, Бурабайда өткен «PIKE MAN-2022» халықаралық жарысы, Ақмола облысы бойынша Қазақстанның туристік ақпараттық орталықтарына арналған ақпараттық турлар, Бурабайда «Open Air» маусымының жабылуы, Ақмола облысы бойынша экстрим-квест-туры, Қорғалжын ауданында «Фламинго» этнофестивалі, Бурабайдағы «Race Nation» кедергілерімен жаппай жүгіру, Дүниежүзілік туризм күні мерекесі аясындағы туристік форум, Бурабайдағы «Altyn Fest» күзгі фестивалі, Бурабай ауданындағы «Qansonar» атты аңшы құстармен аң аулау шеберлерінің сайысы, Көкшетаудағы «Aqmola Tourism Awards» сыйлығы [154].
Бүгінде облыста жалпы сомасы 18 млрд теңгеге туристік саладағы 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 4,7 млрд теңгені құрады, ол 2021 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 18% - ға төмендеген. Шортанды-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңіне сәйкес көлік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған 21 млрд теңгеге 16 іс-шара жүзеге асырылуда. 61,4 млрд. теңгеге орындалуы тиіс 34 іс-шараның 27-сі облыс әкімдігіне жүктелген болатын және ол 46,8 млрд, теңгені құраған, іс жүзінде оларды жүзеге асыруға нақты 25,6 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде. республикалық бюджеттен – 22 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 3,6 млрд. теңге. Ақмола облысының туристік саласын дамытуға қатысты 2022 жылы 3331,9 млн теңге бөлінді (РБ – 2685,4 млн. теңге, ОБ – 646,5 млн. теңге), оның 334,6 млн. теңгесі игерілді (РБ – 233,1 млн. теңге, ОБ – 101,5 млн. теңге). Оның ішінде, өңірлік, облыстық және республикалық іс-шараларда ШБКА туристік әлеуетін ілгерілетуге 15 млн. теңге, қазақстандық және ресейлік туроператорлар үшін ШБКА бойынша ауқымды инфотурлар өткізу - 4,9 млн. теңге.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2019-2021 жылдар кезеңінде мемлекеттік және жеке инвестициялардың жалпы сомасы 28531,6 млн теңгеге (РБ – 10191,7 млн теңгеден, ЖБ – 903,85 млн теңгеден, ЖИ – 17436,0 млн теңгеден) іс-шаралар жүзеге асырылды. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы сомасы 6058,5 млн. теңгеге іс-шаралар жүзеге асырылды (оның ішінде РБ – 244,5 млн теңге, ЖБ – 267,5 млн теңге, ЖИ-5546,3 млн теңге). «Бизнестің жол картасы – 2025» аясында 52,9 млн. теңге кредит сомасына туристік саланың 7 жобасы субсидияланды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша – 2,1 млрд теңгеге 2 жоба («Wyndham Garden» қонақ үйінің құрылысы, «Ақ желкен» пансионатын қайта құру) жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2021 жылы туризм нысандарында 800 жұмыс орны, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында басым инвестициялық жобаларды орындау нәтижесінде 110 жұмыс орны құрылды [131; 155].
Байқап тұрғанымыздай, талдау нәтижелері Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік әлеуеті бай, бірақ оны толық көлемде пайдаланбайтындығы анықталды, яғни, Астана қаласы мен Ақмола облысы туризмді дамыту үшін перспективалы бағыттар болып табылатынына қарамастан, бүгінгі күні туристік саланы дамыту әлі де ұйымдастырылмағандығымен және басқаруға қатысты жүйелі тәсілдер мен үйлестірудің болмауымен, кері байланыс жоқтығымен сипатталады. Бұдан туристік саланың инновациялық дамуын басқаруды бағалау қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан осы бөлімшеде біз бағалаудың радарлық әдісін пайдалана отырып, Астана қаласы мен Ақмола облысы туристік саласының инновациялық дамуын басқаруға қатысты кешенді бағалау жүргізетін боламыз, яғни, бағалаудың мақсаты − Астана қаласы мен Ақмола облысының инновациялық дамуының сапа жағдайын анықтау. Радар әдісі облыстар мен қалалардың дамуы мен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін бағалау үшін шетелдік ғылыми еңбектерде сәтті қолданылып келеді. ТСИДБ радарын құруда келесі қағидаларды ұстану маңызды:
– көрсеткіштер блоктарының болуы;
– критерийлерді бағалау шкаласының орталықтан таралуы (-1-ден 1-ге дейін);
– радиалды түзу сызықтардағы шкалалар критерийлерінің барлық мәндерін бағалау шеңберінің ішінде орналасатындай етіп градациялау [85].
Бірінші кезеңде бағалау көрсеткіштері анықталып, екінші кезеңде таңдалған индикаторларды қалыпқа келтіру жүргізілді. 29-кестеде көрсеткіштердің бастапқы деректері және қалыпқа келтіру қорытындылары берілген.
Кесте 29 − Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша көрсеткіштер деректері және олардың нормаланған мәндері
Код
|
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
Астана қаласы үшін көрсеткіштер
|
Ақмола облысы бойынша көрсеткіштер
|
|
бастапқы көр сеткіш
|
нормалан ған көрсеткіш
|
бастапқы көрсет кіш
|
нормаланған көрсеткіш
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
Ғылыми-білім беру ресурстары
|
|
1.1
|
Туристік сала үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО
|
бірлік
|
5
|
0,833333
|
2
|
1
|
|
1.2
|
Туристік саладағы инновациялық жобалар жүзеге асырылатын инно- вациялық орталықтар, тех- нопарктер (иә=1, жоқ = 0))
|
бірлік
|
1
|
0,166667
|
0
|
0
|
|
Кадрлық ресурстар
|
|
2.1
|
Туристік салада жұмыс
|
адам
|
12 600
|
0,056244
|
8 100
|
0,069628
|
|
|
істейтін қызметкерлер саны
|
саны
|
|
|
|
|
2.2
|
Инновацияларды енгізу мен жұмыс істеген қызмет керлердің жалпы саны
|
адам саны
|
211423
|
0,943756
|
108232
|
0,930372
|
Материалдық ресурстар
|
3.1
|
Орналастыру орындарының саны
|
бірлік
|
212
|
0,036264
|
341
|
0,465211
|
3.2
|
Турагенттер тізілімі
|
бірлік
|
699
|
0,119569
|
43
|
0,058663
|
3.3
|
Көрнекті орындар
|
бірлік
|
500
|
0,130005
|
145
|
0,197817
|
3.4
|
Тамақтану объектілері
|
бірлік
|
2435
|
0,416524
|
142
|
0,193724
|
3.5
|
Іс-шаралар
|
бірлік
|
2000
|
0,369617
|
62
|
0,084584
|
Қаржы-инвестициялық ресурстар
|
4.1
|
Орналастыру орындары көр сеткен қызметтер көлемі
|
млн. тенге
|
8328 385.3
|
0,999399
|
4509 357.6
|
0,9994
|
4.2
|
Жалпы өңірлік өнім
|
млн. тенге
|
104,6
|
1,26
|
108,9
|
2,41
|
4.3
|
Туристік салаға инвестициялар
|
млн теңге
|
4,9
|
0,000588
|
2,6
|
0,000576
|
Қызмет көрсетілген келушілер саны
|
5.1
|
Қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер саны
|
адам
|
421 050
|
0,359205
|
795 283
|
0,708154
|
5.2
|
Орналастыру орындарындағы сапар мақсаттары бойынша резидент емес келушілер
|
адам
|
78023
|
0,066563
|
2935
|
0,002613
|
29-кестенің жалғасы
5.3
|
Орналастыру орындарын дағы сапар мақсаттары бойынша резидент-келушілер
|
адам
|
673100
|
0,574233
|
324819
|
0,289233
|
Ақпараттық ресурстар
|
6.1
|
Туристік ақпараттық орталықтар
|
бірлік
|
1
|
0,083333
|
2
|
0,026667
|
6.2
|
Турмашртуттар саны
|
бірлік
|
11
|
0,916667
|
73
|
0,973333
|
Институционалдық әлеует
|
7.1
|
Инновациялық қызметті реттейтін өңірлік норма- тивтік-құқықтық актілер- дің болуы (иә = 1, жоқ = 0)
|
бірлік
|
0
|
0
|
0
|
0
|
7.2
|
Туристік саладағы қол- даныстағы өңірлік норма- тивтік-құқықтық актілер дің саны (иә = 1, жоқ = 0)
|
бірлік
|
1
|
1
|
1
|
1
|
ҚР облыстары мен қалаларының инновациялық белсенділігі
|
8.1
|
Инновациялық қызмет
|
бірлік
|
103
|
0,631514
|
42
|
0,544747
|
|
саласында басқа ұйым- дармен ынтымақтасатын кәсіпорындар саны
|
|
|
|
|
|
8.2
|
Инновация саласындағы белсенділік деңгейі
|
%
|
13,5
|
0,06528
|
5,8
|
0,064159
|
8.3
|
Инновациялар саласында-ғы шағын кәсіпорындар- дың белсенділік деңгейі
|
%
|
10,9
|
0,052708
|
3,4
|
0,037611
|
8.4
|
Инновациялар саласында- ғы орта кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
|
%
|
29,3
|
0,141683
|
13,3
|
0,147124
|
8.5
|
Инновациялар саласын дағы ірі кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
|
%
|
43,7
|
0,211315
|
21
|
0,232301
|
8.6
|
Өнімдік және процестік инновациялар бойынша кәсіпорындардың иннова- циялық белсенділігінің көрсеткіштері
|
%
|
6,4
|
0,030948
|
4,9
|
0,054204
|
R&D&I шығындары
|
9.1
|
Республикалық бюджеттен бөлінген инновациялық шығындар
|
млн. теңге
|
2 202,6
|
0,009228
|
821,6
|
0,011283
|
9.2
|
Меншікті қаражат есебінен бөлінген инновациялық шығындар
|
млн. теңге
|
111265,0
|
0,466147
|
15 204,5
|
0,208795
|
9.3
|
Облыстар бойынша өнімдік инновацияларға кеткен шығындар
|
млн. теңге
|
36 564,9
|
0,15319
|
53 474,8
|
0,734338
|
29-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
9.4
|
Процестік инновацияларға кеткен шығындар
|
млн. теңге
|
79 796,1
|
0,334308
|
2 820,1
|
0,038727
|
9.5
|
Ұйымдастырушылық инновацияларға кеткен шығындар
|
млн. теңге
|
204,1
|
0,000855
|
0,3
|
4,12
|
9.7
|
Білімді сыртқы көздерден сатып алу
|
млн. теңге
|
307,8
|
0,00129
|
5,6
|
7,69
|
9.8
|
Инновацияға жұмсалатын басқа да шығындар
|
млн. теңге
|
8350,1
|
0,034983
|
493,5
|
0,006777
|
Инновация түрлері бойынша кәсіпорындар саны
|
10.1
|
Өнімдік инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
бірлік
|
82
|
0,1312
|
25
|
0,3125
|
10.2
|
Процесстік инновацияла- ры бар кәсіпорындар саны
|
бірлік
|
197
|
0,3152
|
38
|
0,475
|
10.3
|
Маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
бірлік
|
269
|
0,4304
|
4
|
0,05
|
10.4
|
Ұйымдастырушылық инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
бірлік
|
77
|
0,1232
|
13
|
0,1625
|
Цифрландыру, маркетинг
|
11.1
|
Сандық платформалар саны
|
бірлік
|
5
|
6,46
|
5
|
4,28
|
11.2
|
Web-site
|
бірлік
|
1
|
1,29
|
1
|
8,57
|
11.3
|
Instagram, жазылушылар саны
|
бірлік
|
41 000
|
0,005296
|
7812
|
0,066913
|
11.4
|
Youtube, қаралымдар
|
бірлік
|
7682960
|
0,992379
|
107 373
|
0,919699
|
11.5
|
Facebook, жазылушылар саны
|
бірлік
|
17 994
|
0,002324
|
1 557
|
0,013336
|
Ескерту – Автормен құрастырылған
|
Үшінші кезеңде көрсеткіштер радар әдісі бойынша есептелді:
(3-6)
мұнда Ui – блоктағы Xi көрсеткішінің минималды мәні;
Li – Xi-дің максималды мәні;
Ti – блоктағы көрсеткіштердің орташа мәні.
Ti мәнін есептеу нәтижелері мен Si нәтижелері 30-кестеде келтірілген.
Кесте 30 − Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша Ti және Si мәндері
Код
|
Көрсеткіштер
|
Астана қаласы
|
Ақмола облысы
|
T
|
Si
|
T
|
Si
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
S1
|
Туристік сала үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО
|
0,5
|
4
|
0,5
|
1
|
S2
|
Туристік саладағы инновациялық жобалар жүзеге асырылатын иннова- циялық орталықтар, технопарктер (иә=1, жоқ = 0))
|
|
-4
|
|
-1
|
S3
|
Туристік салада жұмыс істейтін қызметкерлер саны
|
0,5
|
-1,1666
|
0,5
|
-1,23147
|
S4
|
Инновацияларды енгізумен жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны
|
0,5
|
1,166603
|
0,5
|
1,231468
|
S5
|
Орналастыру орындарының саны
|
0,214396
|
-1,29796
|
0,2
|
1,278169
|
S6
|
Турагенттер тізілімі
|
-0,66547
|
-1,69025
|
S7
|
Көрнекті орындар
|
-0,58951
|
-0,01732
|
S8
|
Тамақтану объектілері
|
|
1,253619
|
|
-0,0503
|
S9
|
Іс-шаралар
|
|
0,980703
|
|
-1,26115
|
S10
|
Орналастыру орындары көрсеткен қызметтер көлемі
|
0,333333
|
0,000576
|
0,333333
|
0,000553
|
S11
|
Жалпы өңірлік өнім
|
-0,95813
|
-0,91947
|
S12
|
Туристік салаға инвестициялар
|
-0,32817
|
-0,32352
|
S13
|
Қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер саны
|
0,333333
|
0,157322
|
0,333333
|
1,006632
|
S14
|
Орналастыру орындарындағы сапар мақсаттары бойынша резидент емес келушілер
|
-1,48734
|
1,338343
|
S15
|
Орналастыру орындарындағы сапар мақсаттары бойынша резидент-келушілер
|
1,56948
|
-0,1274
|
S16
|
Туристік ақпараттық орталықтар
|
0,5
|
-1,31579
|
0,5
|
-1,06328
|
S17
|
Турмашртуттар саны
|
1,315789
|
1,063278
|
S18
|
Инновациялық қызметті реттейтін өңірлік нормативтік-құқықтық актілер дің болуы (иә = 1, жоқ = 0)
|
0,5
|
0
|
0,5
|
0
|
S19
|
Туристік саладағы қолданыстағы өңірлік нормативтік-құқықтық актілер дің саны (иә = 1, жоқ = 0)
|
1
|
1
|
S20
|
Инновациялық қызмет саласында басқа ұйымдармен ынтымақтасатын кәсіпорындар саны
|
0,188908
|
1,046012
|
0,180024
|
1,078996
|
S21
|
Инновация саласындағы белсенділік деңгейі
|
-0,79882
|
-0,90982
|
S22
|
Инновациялар саласындағы шағын кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
|
-0,9153
|
-1,23077
|
S23
|
Инновациялар саласындағы орта кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
|
-0,24728
|
-0,20096
|
S24
|
Инновациялар саласындағы ірі кәсіпорындардың белсенділік деңгейі
|
0,100042
|
0,26001
|
30-кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
S25
|
Өнімдік және процестік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі көрсеткіштері
|
|
-1,14058
|
|
-1,02306
|
S26
|
Республикалық бюджеттен бөлінген инновациялық шығындар
|
0,142857
|
-0,92324
|
0,142857
|
1,839482
|
S27
|
Меншікті қаражат есебінен бөлінген инновациялық шығындар
|
1,001627
|
0,007465
|
S28
|
Облыстар бойынша өнімдік иннова цияларға кеткен шығындар
|
0,051448
|
0,019262
|
S29
|
Процестік инновацияларға кеткен шығындар
|
0,705425
|
-0,05934
|
S30
|
Ұйымдастырушылық инновацияларға кеткен шығындар
|
|
-1,00371
|
|
-0,99769
|
S31
|
Бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу (R&D&I шығындарын қоспағанда)
|
|
-0,99944
|
|
-0,97652
|
S32
|
Білімді сыртқы көздерден сатып алу
|
-0,69698
|
-0,32013
|
S33
|
Инновацияға жұмсалатын басқа да шығындар
|
0,25
|
1,642586
|
0,25
|
0,399061
|
S34
|
Өнімдік инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
-1,62105
|
1,353982
|
S35
|
Процесстік инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
-8,96583
|
-1,04167
|
S36
|
Маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
1,720002
|
-0,59204
|
S37
|
Ұйымдастырушылық инновациялары бар кәсіпорындар саны
|
|
-0,99944
|
0,2
|
-0,99353
|
S38
|
Сандық платформалар саны
|
0,2
|
-0,99988
|
|
-0,99863
|
S39
|
Web-site
|
|
-0,17598
|
|
-0,06215
|
S40
|
Instagram, жазылушылар саны
|
|
0,00466
|
|
0,026773
|
S41
|
Youtube, қаралымдар
|
|
-0,33068
|
|
-0,31804
|
S42
|
Facebook, жазылушылар саны
|
|
4
|
|
1
|
Ескерту – Автормен құрастырылған
|
Төртінші кезеңде кешенді бағалау келесі (2) формула бойынша есептелді:
(2)
Бұл кезеңде төрт деңгейлі жіктеу қолданылды, әр ішкі жүйе үшін ТСИДБ деңгейі анықталды. ТСИДБ деңгейі өте жоғары, жоғары, орташа немесе төмен деп бағаланады (31-кесте).
Кесте 31– ТСИДБ деғгейінің жіктелімі
Деңгей
|
Мәні
|
ТСИДБ сапасы
|
Ⅰ
|
>0.75
|
Өте жоғары
|
Ⅱ
|
0.5~0.75
|
Жоғары
|
Ⅲ
|
0.25~0.5
|
Орташа
|
Ⅳ
|
<0.25
|
Төмен
|
Төмендегі 32-кестеде ТСИДБ бойынша кешенді бағалау мен оның деңгейі көрсетілген.
Кесте 32 − Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша ТСИДБ кешенді бағалау мен деңгейі
Көрсеткіштер
|
Мәні
|
Деңгей
|
Мәні
|
Деңгей
|
Астана қаласы
|
Ақмола облысы
|
Ғылыми-білім беру ресурстары
|
0
|
Ⅳ
|
0
|
Ⅳ
|
Кадрлық ресурстар
|
0
|
Ⅳ
|
0
|
Ⅳ
|
Материалдық ресурстар
|
-0,00797
|
Ⅳ
|
-0,04352
|
Ⅳ
|
Қаржы-инвестициялық ресурстар
|
-0,10714
|
Ⅳ
|
-0,10354
|
Ⅳ
|
Қызмет көрсетілген келушілер саны
|
0,019955
|
Ⅳ
|
0,184798
|
Ⅳ
|
Ақпараттық ресурстар
|
0
|
Ⅳ
|
0
|
Ⅳ
|
Институционалдық әлеует
|
0,25
|
Ⅲ
|
0,25
|
Ⅲ
|
ҚР облыстары мен қалаларының инновациялық белсенділігі
|
-0,0326
|
Ⅳ
|
-0,03376
|
Ⅳ
|
R&D&I-ға арналған шығындар
|
-0,0222
|
Ⅳ
|
-0,0058
|
Ⅳ
|
Инновация түрлері бойынша кәсіпорындар саны
|
-0,30101
|
Ⅳ
|
0,004972
|
Ⅳ
|
Цифрландыру, маркетинг
|
-0,06253
|
Ⅳ
|
-0,05864
|
Ⅳ
|
Ескерту – Автормен құрастырылған
|
32-кестедегі талдау нәтижелері Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша ТСИДБ деңгейі төмен деп анықталды (<0.25). Астана қаласы мен Ақмола облысында тек «институционалдық әлеует» көрсеткіші ғана орташа (0.25~0.5) деңгейді көрсетті. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару бойынша басқа көрсеткіштер төмен деңгейді көрсетті (<0.25). Оларға ғылыми-білім беру, кадрлық, материалдық, каржы-инвестициялық, ақпараттық ресурстар, қызмет көрсетілген келушілер саны, ҚР облыстары мен қалаларының инновациялық белсенділігі, R&D&I-ға арналған шығындар, инновация түрлері бойынша кәсіпорындар саны, цифрландыру, маркетинг жатады, 23 және 24-суреттерде Астана қаласы мен Ақмола облысына арналған радар сызбалары көрсетілген.
Сурет 23 − Астана қаласы бойынша радар сызбасы
Сурет 24– Ақмола облысы бойынша радар сызбасы
Жоғарыдағы көрсеткіштердің нәтижесі Астана қаласы бойынша келесідей мәселелердің шешімін қажет етеді:
туристік саладағы инновациялық жобалардың саны мен сапасын арттыру және инновацияларды енгізу бойынша жұмысқа туристік сала қызметкерлерін белсенді тарту;
туристік салаға капитал салымын ұлғайту;
қызмет көрсетілген кіру және ішкі келушілер санын ұлғайту;
туристік маршруттардың санын көбейту, оларды цифрландыру және туристер арасында танымал ету;
туристік саладағы инновациялық қызметті реттейтін өңірлік нормативтік-құқықтық актілерді құру;
туристік сала субъектілерінің басқа ұйымдармен инновациялық қызмет саласындағы ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау;
туристік саладағы инновациялар мен инновациялық жобалардың белсенділік деңгейін көтеру;
инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін шағын туристік кәсіпорындарды тарту;
R&D&I-ға жұмсалатын шығындар бөлігінде өз қаражатынан шығындар басым болып отыр, сондықтан туристік саланың инновациялық дамуын қолдау үшін республикалық бюджеттен инновацияларға жұмсалатын шығындарды ұлғайту қажет;
Астана қаласында өнімдік және технологиялық инновациялар басым, дегенмен ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялардағы позицияларды жақсарту қажет;
бағдарламалық қамтамасыз ету мен білімді сыртқы көздерден сатып алуға деген тәуелділікті тоқтату қажет.
Астана қаласының цифрлық ортадағы туристік өнім саясатына қатысты өзінің ресми веб-сайты бар және Facebook, Youtube, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде аккаунтары жұмыс істейді, алайда «Nur-Sultan Pass» бірыңғай туристік картасын санамағанда, онлайн режимінде өз бетімен тур құрастыру, қызметтерді броньдау мен сатып алу мүмкіндігі бар мобильді қосымша немесе сандық платформа, E-marketplace іске қосылмаған, оның орнына орналастыру орындарын брондау немесе көлік билеттерін сатып алу үшін үшінші тарап платформаларына сілтемелер көрсетіледі. Сондай-ақ, дәстүрлі офлайн маркетингінде қолданылатын direct sales (тікелей сату) қарастырылмаған. Туристік саланы дамытудағы олқылықтардың бірі – қызмет көрсетушілер, реттеуші органдар, жергілікті халық, сондай-ақ туристер арасында ішкі өзара байланыс пен кері байланыстың болмауы.
Процестік инновациялар бөлігінде автоматтандырылған бизнес-аналитика, электрондық CRM қолданылмайды, тек кол-орталықтар, мессенджерлер арқылы ғана байланыс орнатылған. Астана қаласының туристік салада электрондық коммерция алаңдары мен мүдделі тараптардың ішкі өзара әрекеттесу алаңдары жоқ. Маркетингтік қызмет процестері автоматтандырылмаған, саладағы бар әзірлемелерді дестинациялар қолданбайды, бұл қаржылық шектеулермен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғарыдағы зерттеу нәтижелері Ақмола облысы туристік саласының инновациялық даму жағдайының келесі күрделі мәселелермен сипатталатынын көрсетеді:
туристік салада технопарктермен, инновациялық орталықтармен бірлесіп жасалған инновациялық жобалардың болмауы;
туристік салада инновацияларды енгізу бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер санының өсуіне ықпал ететін және туристік саладағы инновациялық қызметті реттейтін өңірлік нормативтік-құқықтық актілердің жоқтығы;
инновациялық қызмет саласында басқа ұйымдармен ынтымақтасатын кәсіпорындар санының төмен көрсеткіші, яғни әлсіз коллаборация және нетворкинг байқалады;
инновация саласындағы шағын кәсіпорындар белсенділігінің төмен деңгейі, бұл ретте, туристік кәсіпорындардың басым бөлігі шағын кәсіпорындар екенін ескеру қажет;
өнімдік инновациялар басым, маркетингтік, процестік және ұйымдастырушылық инновациялар бойынша көрсеткіштер төмен. Басқа облыстармен салыстырғанда кәсіпорындардың өнімдік және процестік инновациялар бойынша инновациялық белсенділігі төмен, процестік инновациялар бойынша шығындар көп, маркетингтік инновациялар шығындары бойынша ақпарат жоқ, өнімдік және ұйымдастырушылық инновациялар үшін қаражат аз бөлінеді;
Ақмола облысы бойынша турларды, турмаршруттарды броньдау үшін жеке платформа, Е-marketplace пен мобильді қосымшалардың болмауы туристік саланың даму процесін және туристердің нақты санын анықтауды әрі ашық деректерге қол жеткізуді қиындатады;
кіру және ішкі келушілердің, әсіресе резидент емес келушілердің саны өте төмен;
Ақмола облысында туристік маршруттардың саны жеткілікті, алайда олардың ішінде нақты қандай турмаршруттар сұранысқа ие және танымал екендігі және облысқа қанша табыс әкелетіні туралы, сондай-ақ, бұл туристік маршруттарды жүзеге асыруда қандай проблемалар кездесетіндігі туралы нақты ақпарат жоқ. Мемлекеттік тізілімде тіркелген 73 турмаршруттың тек 43-і «Visitaqmola.kz» веб-сайтында және мобильді қосымшасында көрсетілген, бірақ, онлайн режимінде экскурсияларды бірден брондау мүмкіндігі қарастылырмаған;
басқа облыстармен салыстырғанда, туристік салаға бөлінген қаржы төмен;
ашық қолжетімділікте туристермен кері байланыстың болмауы байқалады.
Астана қаласы мен Ақмола облысының туристік саладағы инновациялық қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындары инновацияның жоспарлау мерзімі мен күрделілігін анықтау үшін McKinsey компаниясы ұсынған инновацияның 3 көкжиегі моделін қолдануына болады [156] (25-сурет).
Сурет 25 − Инновацияның 3 көкжиек моделі
Ескерту – Әдебиет негізінде автормен құрастырылған [156]
25-суретке сәйкес инновациялық қызметпен айналысатын туристік кәсіпорындар нарықтық позицияны қорғау мен ағымдағы бизнестің кірістілігін арттыруды мақсат етсе, инкременталды инновацияларды дамытуы қажет, ол бойынша, жаңа шешімдер ағымдағы шешімдерді жақсартады немесе толықтырады және компанияның қолданыстағы бизнес моделі мен оның негізгі құзыреттерін қысқа мерзімде үздіксіз жаңартуды қамтамасыз етеді. Егер, туристік нарық қатысушылары ағымдағы нарыққа бағдарлана отырып, бизнестің жаңа бағыттарын іске қосу үшін бастамаларды дамытуды көздеген жағдайда серпінді инновацияларды жүзеге асырған жөн болады, өйткені, ол қабылданған жаңа шешімдер жаңа тұтынушылар мен нарықтарға тарала отырып, компанияның қолданыстағы бизнес моделін және оның негізгі құзыреттерін кеңейтеді. Одан өзгеше, жаңа нарыққа бағдарланған, болашақта жаңа мүмкіндіктер беретін және «жемісті» болатын опцияларды таңдауда бұзушы (disruptive) инновациялар тұжырымдамасын қолданған жөн, оған сәйкес туристің кәсіпорындардың жаңа мүмкіндіктерді өз пайдасына пайдалану немесе бұзушы инновациялар толқынына қарсы тұру үшін түбегейлі жаңа құзыреттер мен бизнес түрлері құрылады [156]. Бұл ретте инновациялармен жұмыс істеу құралдарын таңдау стратегиялық мақсаттарға, инновациялық жетілу деңгейіне, ресурстардың болуына, мотивация жүйесіне және корпоративтік мәдениетке байланысты.
Сонымен қатар, туристік саланың инновациялық дамуын басқару тек смарт туризм мен технологияларды қамтымайды, ол, ең алдымен бизнестің туристермен қаншалықты және қалай байланыс орнататындығын білдіреді, яғни, туристік сала субъектілері бар платформа жеткіліксіз, сол платформаларда әлеуетті тұтынушыларға жеткізілетін контент пен оның сапасы, әлеуетті тұтынушыларға мақсатты бағытталғандығы, ақпараттың уақытында түсіп отыруы, ғаламтор арқылы әлеуетті тұтынушылардың байланысқа оңай шыға алатындығы сияқты мәселелер өте маңызды болып табылады. Бизнес пен туристік саланы дамыту органдарына Google аналитика мен Яндекс метрика сияқты веб-аналитика жүйесінде белсенді және үздіксіз жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе, инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша оқыту мен ақпараттандыруға басты назар аудару маңызды.
Жаһандану және цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында туристік бағытты халықаралық нарықта ілгерілету және саяхатты таңдау, жоспарлау кезінде веб-сайттар мен мобильді қосымшалардағы ақпараттың қолжетімділігі, пайдалылығы, құндылығы өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта Ақмола облысында туристік саланы цифрландыруға байланысты жұмыстардың негізгі бөлігін «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы, «Smart Aqmola» ММ және «Туризм басқармасы» сияқты ұйымдар жүзеге асыруда. Ақмола облысының туристік веб-сайты танымал әлеуметтік желілерде ұсынылған, бірақ көрші мемлекеттерді қоса алғанда, халықаралық нарыққа шыға алмай отыр. Веб-сайттың басты кемшілігі – броньдау мүмкіндігінің болмауы, яғни электрондық сауда опциясы жоқ, келушілер сапарды алдын-ала жоспарлай алмайды және онлайн-транзакциялар жасай алмайды. Мәселен, өзге елдерде электрондық жүйелер бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға тәулігіне 24 сағат қызмет көрсетуге дайын.
Қорытындылай келе, Астана қаласы мен Ақмола облысының инновациялық дамуы әлсіз және толық қалыптаспаған және осы саладағы инновациялық белсенділіктің төмен деңгейімен сипатталады. Сондықтан, туристік саланың инновациялық дамуын дұрыс бағытта басқару үшін оның тежеуші факторларын анықтау қажеттілігі туындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |