Тукибаева куралай базарбековна



бет29/49
Дата04.10.2024
өлшемі2,07 Mb.
#146834
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
tukibaevoj-k-b-phd-povtor-s-sp

ішкі туризм

257 919

294 266

170 885

248 384

333 077

29,1%




жеке

186 600

218 540

120 139

199 709

283 503

51,9 %

іскерлік, кәсіби

71 319

75 726

50 746

48 675

49 574

30,5 %

келу туризмі

12 083

15 782

1994

2 162

12 647

4,7 %




жеке

10 000

13 126

1 439

1 677

11 152

11,5 %

іскерлік, кәсіби

2 083

2 656

555

485

1 495

-28,2 %

Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [128]



27-кестедегі ресми статистикалық деректер бойынша 2022 жылы Ақмола облысында қызмет көрсетілген келушілердің 96,3 %-ы ішкі туризмді, 3,7%-ы келу туризмін құрайды. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 2018 жылмен салыстырғанда 29,1 %-ға, келу туризмі бойынша 4,7 %-ға артқан, пандемиядан кейінгі кезеңде ішкі туризм бойынша 1,9 есе және келу туризмі бойынша 6,3 есе өсім байқалады. Сапар мақсаттарына қарай, ішкі туризм бойынша жеке мақсатпен келушілер саны 2018-2022 жылдардың қаңтар-қыркүйек аралығында 51,9 %-ға, іскерлік, кәсіби мақсатпен ішкі келушілер 30,5 %-ға артқан. Пандемиядан кейін жеке мақсатпен келушілердің саны 2,3 есеге көбейген, іскерлік, кәсіби мақсатпен ішкі келушілердің саны бұл кезеңде керісінше 2,3 %-ға азайған.
Сонымен қатар, сапар мақсаттарына қарай келу туризмі бойынша пандемиядан кейінгі кезеңде жеке мақсатпен резидент емес келушілер 7,7 есеге және іскерлік, кәсіби мақсатпен резидент емес келушілер 2,6 есеге көбейсе де, соңғы 5 жылмен салыстырғанда іскерлік, кәсіби мақсатпен келушілер саны 28,2 %-ға азайған, жеке мақсаттағы адамдар саны 11,5 %-ға ғана өсім көрсеткен. 27-кестеден Ақмола облысында ішкі және келу туризмі бойынша жеке мақсатпен келушілер іскерлік және кәсіби мақсатпен саяхаттаушыларға қарағанда басым.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Қазақстанға келген 5,4 млн. резидент және резидент емес келушілер бойынша Ақмола облысының үлесі − 6,3 %-ды құрайды, оның ішінде, 3,2 млн. жеке мақсатпен келуші резиденттердің 10,2 %-ы, 262 891 резидент еместердің 4,2 %-ы, 1,6 млн. іскерлік және кәсіби мақсатпен келуші резиденттердің – 3,1 %-ы, 346 912 резидент еместердің - 0,4 %-ы Ақмола облысына тиесілі.
Ақмола облысындағы туристік саланың дамуы бойынша SWOT талдауды қарастырайық (28-кесте).

Кесте 28 – Ақмола облысындағы туристік саланың дамуы бойынша SWOT талдау





SWOT талдау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет