Ұйымдасты-рушы
|
a) инновациялық турөнімге кіретін жекелеген жаңа немесе жетілдірілген қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен келісімшарт жасау және оны орындау жөніндегі туроператордың қызметі; ә) инновациялық туристік өнімді жарнамалау мен сатуды ұйымдастыру (арнайы көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, туристік ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру және т.б.); б) нарықтық позицияларды сақтау және күшейту; в) қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететін басқару жүйесін
|
|
жетілдіру; г) телекоммуникацияларды тереңдетіп пайдалану, деректер базасын құру және өңдеу және т.б.
|
Қатысушы
|
жаңа тұтынушыны және туристік қызметтерді өткізудің жаңа нарығын анықтау және пайдалану, т.б.
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [15, с. 24; 25, с. 237]
|
2-кестедегі мәліметтерге сәйкес, өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу және жаңа тұтынушыларды тарту, туристік өнімнің тұтынушылық қасиеттері мен бәсекелес фирмалардың қызметтеріне және ықтимал бәсекелестік ортаға қатысты ақпараттық қамтамасыз ету, инновацияларды қаржыландыру бойынша серіктестерді іздеу, инновациялық идеялар мен шешімдерді, инновациялық жобаны жүзеге асыру және сияқты бірқатар инновациялық қызмет нәтижесі ретінде әр түрлі инновациялар пайда болады. Мысалы, өнімдік, процестік/технологиялық, басқарушылық, маркетингтік, ресурстық, тұжырымдамалық, логистикалық, ұйымдастырушылық және т.б.
Бұл тұжырым туристік саланың инновациялық дамуы — инновациялық менеджменттің тиісті бағытын қолдана отырып, тиімді басқаруды қажет ететінін көрсетеді. Д.А. Рубан бойынша туристік саладағы инновациялық менеджменттің типологиясын қарастырайық, ол туристік ұйымдардың қызметінде инновациялық тәсілдерді табысты қолдану бойынша ықтимал басқару әрекеттерін қамтиды (3-кесте).
Кесте 3 − Туризмдегі инновациялық менеджменттің типологиясы (ұйымдастырушылық деңгей)
Инновациялық менеджменттің бағыты
|
Нысан/басқару саласы
|
Басқарушылық әрекеттер (шешімдер)
|
1
|
2
|
3
|
Тактикалық
|
Инновациялық туристік өнімдер / қызметтер
|
Инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу, талқылау және практикалық жүзеге асыру үшін арнайы топтар құру, инновациялық маркетинг құралдарын пайдалану, стандартты емес шешімдер қабылдау үшін ұйымішілік ортаны қалыптастыру
|
Стратегиялық
|
Туристік-рекреация лық қызметтің инно вациялық нысандары
|
Туристік-рекреациялық қызметтің жаңа нысандарын жүзеге асыру тәжірибесін зерделеу және пайдалану, осындай нысандарды өз бетінше әзірлеу және ілгерілету
|
Жүйелік
|
Өңірлік, ұлттық/жаһандық инновациялық процестермен байланыс
|
Ұйымдастырушылық инновациялық ортаны жүйелі талдау (сыртқы ортаны талдау шеңберінде, басқа инновациялық-бағдарланған туристік ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету, инновациялық дамуды қолдау жөніндегі өңірлік, ұлттық немесе халықаралық бағдарламаларға қатысу)
|
Спецификалық-функционалдық
|
Нақты туристік ұйым деңгейінде әзірленетін басқару дағы инновациялар
|
Ұйымның құрылымын және персоналдың функцияларын түзету, туристік-рекреациялық қызметтің нақты бағыты бойынша мамандармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету
|
Әмбебап функционалдық
|
Басқарудың жаңа әмбебап идеяларын қолдану
|
Көлденең байланыстарды дамыта отырып, ұйымдық басқару жүйесін жаңғырту, қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, ұйымішілік өзара әрекеттестік модераторлары ретінде әрекет ететін қызметкерлерді басшылық лауазымдарға көтеру.
|
Ескерту – Әдебиет негізінде құрастырылған [68, с. 119]
|
Басқару объектісіне немесе саласына байланысты автор туристік ұйымдар деңгейінде инновациялық менеджменттің 5 бағытын бөлуді ұсынды: инновациялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді басқару – тактикалық бағыттың пәнін құрайды. Туристік саладағы инновациялық менеджменттің стратегиялық бағыты – туристік-рекреациялық қызметтің инновациялық түрлерін дамытуды қамтиды.
Жүйелік бағыт – ұйымның инновациялық процеске қатысуын және оның инновациялық әлеуетін күшейтуді, инвестиция тартуды (оның ішінде венчурлық капитал) көздейді және ол аймақтық, ұлттық, халықаралық деңгейде жүзеге асырылады. Бұл инновациялық даму жолындағы әкімшілік және өзге де кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Туристік ұйымның қызметі мен ұйымнан тыс деңгейде жүретін инновациялық процестер арасындағы байланысты қамтамасыз ету – туристік сала аймақтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болған кезде ерекше маңызға ие болады, тіпті бір елдің ішінде облыстар инновациялық белсенділік тұрғысынан айтарлықтай әр түрлі деңгейде болуы мүмкін. Осыған байланысты инновацияларды пайдалану үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін жүйеге (ортаға) қол жеткізуде туристік ұйымдар арасындағы бәсекелестік мәселесі өзекті болып табылады.
Спецификалық-функционалдық бағыт – нақты мақсаттарға қол жеткізу немесе ұйымның қызметін оңтайландыру, басқару тиімділігін немесе бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында стандартты емес басқару шешімдерін қабылдауды, басқарудың инновациялық механизмдерін құруды көздейді. Әмбебап-функционалдық бағыт – басқаруда ұйымның түріне және оның нақты міндеттеріне қарамастан әмбебап сипаттағы жаңа әзірлемелерді пайдалануды қарастырады [68, с. 115-117].
Қорытындылай келе, туристік саланың инновациялық дамуы мен оның басқаруына қатысты берілген әр түрлі ғалымдардың анықтамаларын зерттей келе, біз келесідей тұжырымға келдік: Туристік саланың инновациялық дамуы – бұл туристік нарық қатысушыларын инновациялық процеске тарта отырып, туристік инновациялық өнім, жаңа әзірлемелер мен технологиялар сипатындағы инновациялық қызмет нәтижелерін енгізудің үздіксіз процесі. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару – бұл саланың инновациялық белсенділігін арттыруды көздейтін инновациялық ортаны қалыптастыруға бағытталған туристік сала субъектілерінің инновациялық қызметін басқарудың жүйесін құру болып табылады. бұл зерттеу тақырыбы әлемдік ғылыми қоғамдастықта өзекті болып табылады, осыған байланысты авторлық зерттеу туристік саланың инновациялық дамуын басқару мәселелерін одан әрі зерделеуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |