Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


-тарау. Шығыстарды есепке алу тәртібі



бет17/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32

16-тарау. Шығыстарды есепке алу тәртібі


411. Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі немесе сервистік әлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Мемлекеттік мекеме шығындарды есептеу әдісі бойынша таниды.
412. Мемлекеттік мекеме бюджет қаражатынбекітілген қаржыландыру жоспарларында көзделген нысаналы мақсатына қатаң сәйкестікте жұмсауға міндетті.
Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 412-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 № 695 бұйрығымен.

413. Мемлекеттік мекеменің шығыстарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:


7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар";
7020 "Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар";
7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар";
7040 "Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар";
7050 "Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар";
7060 "Қорлар бойынша шығыстар";
7070 "Іссапарларға арналған шығыстар";
7080 "Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар";
7090 "Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар";
7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар";
7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар";
7130 "Жал бойынша шығыстар";
7140 "Өзге операциялық шығыстар";
7150 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар",
7210 "Трансферттер бойынша шығыстар";
7220 "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар";
7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар";
7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар";
7250 "Жергілікті өзін-өзі басқару трансферттері бойынша шығыстар";
7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар";
7270 "Өзге де трансферттер бойынша шығыстар";
7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар";
7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар";
7330 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығыстар";
7410 "Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар";
7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар";
7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар";
7440 "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар";
7450 "Резервтерді құру бойынша шығыстар";
7460 "Өзге шығыстар";
7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстар";
7480 "Бағалы қағаздарды орналастырудан шығыстар".
Ескерту. 413-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.07.2020 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 26.02.2021 № 158 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

414. Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 "Операциялық шығыстар" бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады және еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік салыққа, міндетті сақтандыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге және ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді. Бюджетпен есеп айырысу бойынша, жалдау бойынша және өзге операциялық шығыстар.


415. Мемлекеттік мекеме шығыстардың есептелуін мынадай корреспонденциялармен көрсетеді:
еңбекақы төлеу бойынша: 7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар" шотының дебеті және 3241 "Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
мемлекеттік оқу орнында стипендия төлеу бойынша: 7020 "Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3230 "Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша: 7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар" шотының дебеті және 3142 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына төленетін зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
әлеуметтік салық бойынша: 7040 "Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар" шотының дебеті және 3122 "Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті әлеуметтік сақтандыруға міндетті төлемдер бойынша: 7050 "Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 3143 "Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
қорларды есептен шығару бойынша: 7060 "Қорлар бойынша шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті;
іссапарларға есеп беретін сома бойынша: 7070 "Іссапарларға арналған шығыстар" шотының дебеті және 1261 "Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі", 1263 "Өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" қосалқы шотының кредиті;
коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша: 7080 "Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
ағымдағы жөндеуге: 7090 "Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар" шотының дебеті және 3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша: 7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар" шотының дебеті және ұзақ мерзімді активтердің жиналған амортизациясы бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті;
бюджетпен есеп айырысу бойынша: 7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті;
жалдау бойынша: 7130 "Жал бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті.
Ескерту. 415-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.07.2020 № 684 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

416. 7200 "Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар" кіші бөлімінің шоттарында бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерінің азаюы бойынша мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.


Ескерту. 416-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 03.05.2017 № 289 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

417. Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 7210 "Трансферттер бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1210 "Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.


418. Зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу бойынша іс жүзінде жүргізілген шығыстар 7220 "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1216 "Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша ескеріледі.
419. Жеке және заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 3114 "Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3115 "Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті.
Ескерту. 419-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

420. Мемлекеттік мекеме мыналар бойынша сыйақы есептеуді көрсетеді:


алынған қарыздар бойынша: 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының кредиті;
қаржылық жалдау бойынша: 7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар" шотының кредиті.
Ескерту. 420-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

421. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестицияларды есепке алу бойынша үлестік қатысу әдісі қолданылған кезде инвестиция объектісі шығындарының үлесінде мемлекеттік мекеменің қатысуын көрсету акционерлердің/қатысушылардың (жалғыз акционердің/қатысушының) немесе мемлекеттік басқару органының жалпы жиналысының шешімі бойынша 7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар" шотының дебеті және 2120 "Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары" шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.


Ескерту. 421-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

422. Шоттар Жоспарының "Өзге шығыстар" бөлімінің шоттарында ұзақ мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен, ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан, бағамдық айырмадан, резервтер құру бойынша және өзге шығыстар ескеріледі.


423. Ұзақ мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен шығысты тану мынадай жазбамен көрсетіледі: 7410 "Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар" шотының дебеті және ұзақ мерзімді активтің тиісті шотының кредиті.
424. Мемлекеттік мекеме бағамдық айырмадан шығыстарды мынадай жазбамен көрсетеді:
бағам төмендегенде: 7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар" шотының дебеті, Шоттар жоспары активінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті;
бағам артқанда: 7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспары міндеттемелерінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті.
425. Активтердің құнсыздануынан шығыстар 7440 "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар" шотының дебеті және активтердің құнсыздануына резервтерді есепке алу бойынша тиісті шоттың кредиті.
426. Мемлекеттік мекеме резервтер құру бойынша шығыстарды мынадай корреспонденциямен көрсетеді: 7450 "Резервтерді құру бойынша шығыстар" шотының дебеті және 1290 "Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв" шотының кредиті.
427. Өзге шығыстар мемлекеттік мекеменің есебінде мынадай тізбектермен көрсетіледі: 7460 "Өзге шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының (бұзылудан қорларды жоғалтқанда), 2610 "Жануарлар" шотының, 2620 "Көпжылдық екпелер" шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме есебіндегі республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстары тiзбектермен: 7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстары" шотының дебеті және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетедi.
Ескерту. 427-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 03.05.2017 № 289 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 428. Мемлекеттік мекеме жыл аяқталғаннан кейін есепті жылдың қаржылық нәтижесіне шығыстар шоттарын жабуды жүргізеді, бұл ретте 5210 "Есепті жылдың қаржылық нәтижесі", 5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" дебеттеледі және шығыстардың тиісті шоттары кредиттеледі.
Ескерту. 428-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 03.05.2017 № 289 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 429. Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы мен инвестициялық жылжымайтын мүлік бойынша есепке алу негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікті, жануарларды (жұмысшы мал), ауылшаруашылық қызметіне байланысты емес өсімдіктерді Нысандар альбомының ОС-6, ОС-8 нысанды түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, тозу есептелетін ай және жыл жазылады. Ай сайынғы амортизацияны есептеу Нысандар альбомының 459 нысанды Ұзақ мерзімді активтердің амортизация сомасын есептеудің әзірлеу кестесінде өсу қорытындысымен көрсетіледі.
430. Материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша есепке алу Нысандар альбомының НОС-6 нысанды активтерді есепке алудың түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның соңғы рет тозу есептелетін бір жылда және айда жинақталған сомасы жазылады.
431. Іссапар шығыстарын есепке алу Нысандар альбомының 386-нысанына есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомста жүргізіледі (8 мемориалдық ордер).
Есеп беретін әрбір тұлғаның саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында есептілікке жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
431-1. Бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек бойынша жинақтаушы ведомосі Нысандар альбомының № 458-д нысанында 27 мемориалдық ордерде жүргізіледі.
432. Шығыстарды есепке алу 19-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жиынтық ведомосінде жүргізіледі;
20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару жөніндегі шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
27 мемориалдық ордерде – Нысандар альбомының № 458-д нысанында бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек бойынша жинақтаушы ведомосі.
433. Шығыстардың қалған түрлерді есепке алу Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкасында жүргізіледі.
434. Резервтер бойынша шығындарды есепке алу Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкасымен ресімделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет