Тақырып 3 Бюджеттің лимиттері мен шығыстарының есептері Дәріс 5-6
1.Бюджеттен қаржыландырудың есебінің маңызы және мақсаттары.
2.Бюджеттік лимиттер, лимиттерді бөлушілер, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері.
3.Республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша қаржыландырудың есебі. Бюджеттің шығыстарының есебі. Шығыстар бойынша құжаттар. Лимиттерді бөлушілердің жасалуындағы шығыстардың есебі.
4.Қаржы органдарының жасалуындағы бюджеттің кассалық шығыстарын есептеу.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды.
Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған лимиттер ағымдағы қаржы жылының 1 мамырына дейін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарына жеткізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Лимиттерді таратушылар бойынша
сомаларды тарата отырып республикалық бюджеттен
алынған қаражаттар туралы ведомость
4.31. Қаржыларды ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге тарататын республикалық бюджет бойынша лимиттерді таратушы оларға ұсынылған ведомостардың (044 - нысан) негізінде осы ведомосқа өздерінің бюджеттік шотынан олар тікелей алған сомаларды қоса алғанда, бюджеттік сыныптама кодының (Бюджеттiк сыныптама анықтамалығы шифрларының) бөлігінде (мекеме, бағдарлама, ішкі бағдарлама, шығыстар ерекшелігі) төмен тұрған лимиттерді таратушыдан есепті қаржылық жыл үшін кассалық шығыстарының сомалары толтырылатын Бюджеттен алынған лимиттер туралы ведомость (коды 0503061) жасайды.
Есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ведомость лимиттерді төмен тұрған таратушының және тиісті қазынашылық органының қолымен және мөрімен расталады және 044-А - нысанының барлығының қосымшасымен бірге, лимиттерді бас таратушыға ұсынылады.
Әр түрлі облыстарда ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері бар лимит иеленушілері бюджеттен алынған лимиттер туралы екі тізімдеме ресімдейді. Бір тізімдеме лимит иеленушісімен бір облыстағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер бойынша жасалады, Қазынашылықтың тиісті аумақтық органы растайды және жоғары тұрған лимит иеленушісіне береді. Екінші тізімдеме ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерден алынған 032-А, 4-20-нысандардың негізінде басқа облыстардағы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме бойынша жасалады. Тізімдеме барлық 032-А, 4-20-нысандарының қосымшаларымен жоғары тұрған лимит иеленушілеріне жіберіледі.
Лимиттерді бас таратушы - министрліктер, мемлекеттік комитеттер (мемлекеттік органдар) - төмен тұрған лимиттерді таратушыдан алған ведомостардың негізінде республикалық бюджеттен алынған қаражаттар туралы жиынтық ведомость (коды 0503063) жасайды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне ұсынады. Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелері жоқ және бюджеттік қаражаттары жоқ республикалық бюджет бойынша лимиттерді бас таратушы бюджеттен алынған лимиттер туралы ведомость (1 - нысан) және бюджеттен алынған қаражаттар туралы жиынтық ведомость (2-нысан) жасайды, ал жылдық бухгалтерлік есепке 044-А - нысанын ұсынады.
4.33. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ай сайын жергiлiктi бюджеттерден алынған бюджеттiк қаражаттар мен кассалық шығыстар туралы деректердi БАСК-М жүйесінде жұмыс істейтін қазынашылық органдары ұсынған 132-А-нысан ведомосының деректерiмен салыстырылады.
132-А-нысанында: бюджеттiк сыныптама коды; жылға арналып жоспарланғанрұқсат; қабылданған мiндеттемелер; бөлiнген лимиттер; мiндеттемелер бойынша және мiндеттемелерсiз қалпына келтiру; пайдаланылмаған лимиттердiң қалдығы; лимитпен қамтамасыз етiлмеген мiндеттемелер көрсетiледi.
Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшісi мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ұсынылған жылдық есептiң негiзiнде жиынтық есеп жасайды және 132-А нысанының ведомосы бойынша қазынашылық органдарының деректерiмен салыстырады. Есептi жылдан кейiнгi 1 қаңтардағы жағдай бойынша ведомость тиiстi қазынашылық органның жергiлiктi бюджетi бойынша бағдарламалар әкiмшiсiнiң қолымен және мөрiмен расталады және тиiстi қаржы органына ұсынылады.
ҚБАЖ жүйесінде жұмыс істейтін қазынашылық органдары қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп»нысанын алады.
3.3. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың пайдаланылмаған ашық лимиттердің қалдығы 31 желтоқсанда жабылады.
Республикалық бюджеттен бөлiнген лимиттердің толығымен бөлiнуiне бақылау жасау ведомосы" N 047-нысанын БАСК-М жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органынан мемлекеттiк мекеме алады және өздерiнiң есеп деректерiмен салыстырады. Егер Қазынашылық комитетi N 1 Қазынашылық рұқсатты айдың аяғында берген және бұл рұқсатпен бөлiнген лимиттердi Қазынашылықтың аумақтық органы келесi айда есептеген жағдайда "жолдағы сома" деп аталатын ашық лимиттер бойынша сомалардың алшақтығы "бөлiнген лимиттер", "ауытқу" бағанында көрсетiледi. Қазынашылықтың аумақтық органы N 047-нысанның "бөлiнген лимиттер", "ауытқу" бағанын және "Республикалық бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" N 032А-нысанының "бөлiнген лимиттер" бағанын жинақтау жолымен "Мемлекеттiк мекемелер ның орындалуы туралы есеп" N 2 нысанның "жыл басынан рұқсат етiлгенi" 5-бағанның деректерi тексерiледi.
4.37. Жергiлiктi бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi есептi кезең үшiн бөлiнген лимиттердi БАСК-М жүйесінде жұмыс істейтін Қазынашылықтың аумақтық органы ұсынған N 146-нысанның деректерiмен салыстырады. Жергiлiктi бюджет бағдарламаларының әкiмшілерi айдың аяғында бағынысты мемлекеттік мекемелер бойынша бөлiнген, бiрақ келесi айға есептелген қаржыландыруды бөлiнбеген қалдық - 6-бағанында көрсетедi. Бұл орайда, "Республикалық бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып бөлiнген лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы" N 032-А-нысанының "бөлiнген лимиттер" бағаны бойынша сома мен N 146-нысанның "бөлiнбеген қалдық" - 6-бағаны бойынша сома "Жыл басынан рұқсат етiлгенi" бағанның қорытынды сомасына сәйкес келуi тиiс.