Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквиваленттерінің есебі



бет15/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

6.Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквиваленттерінің есебі.


Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты бойынша бюджет ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі.
1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда жүргізіледі.
1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты жөнінде ақша қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны және оған қосымша берілген құжаттар бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Демеушілік, қайырымдылық көмектің жекелеген түрлері бойынша 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 «Ақылы қызметтердің ҚБШ қалдықтар туралы есеп», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандарының және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі.
1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу «Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме» 5-20, 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандары және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысаны бойынша карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысаны бойынша кітапта) жүргізіледі.
1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақшалай қаражат қозғалы бойынша операцияларды есепке алу 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомы (3 мемориалдық ордер) 381 нысаны бойынша жинақтаушы ведомостінде жүргізіледі. 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу үшін Нысандар альбомының 434-м/с нысаны пайдаланылады.
Ескерту. Ереже 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1050 «Шетелдiк валютадағы шот» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөнiндегi операцияны есепке алу теңгеде, Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосiнде, ал операциялардың талдама есебi Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292 нысанды кiтабында жүргiзiледi.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты байланысты гранттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (3-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шотының сыртқы қарыздар қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (2-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жазбалар екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша үзінді көшірменің және оған қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шоты бойынша талдама есеп шығыстардың бюджеттік сыныптамасы кодтары бойынша Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) әрбір ашылған аккредитив бойынша жүргізіледі.
Ақша құжаттарының талдама есебі олардың түрлері бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (292 нысанды кітапта), жүргізіледі.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 12.10.2013 № 481 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу жинақтау ведомосінің Нысандар альбомының 381 нысаны бойынша (2-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 4-20 нысанды есептер және 5-15 «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі» нысаны мен оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылының төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін 2-38 нысаны бойынша төлем тапсырмасы мен аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 5-17 «Қалпына келтіру мен тасымалдар тізілімі» нысанының есебі негіз болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал жергілікті бюджеттің кірісіне бұрынғы жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлемдік тапсырмасы негіз болып табылады.
Орталықтандырылған бухгалтерияларда жоспарлы тағайындаулардың және төленген міндеттемелердің талдамалы есебі Нысандар альбомының 294-а нысанды талдама есеп карточкаларында, бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бөлінісінде жүргізіледі. Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларындағы қорытындылар бір айға және жылдың басынан есептеледі.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының орындалуын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жалпы жеке жоспарын жасау кезінде міндеттемелерді қабылдауға, кассалық және нақты шығыстардың талдамалы есебі бағдарламалар, кіші бағдарламалар және бюджеттік сыныптама ерекшеліктері бойынша Нысандар альбомының 294 нысанды жоспарлы тағайындауларда және шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күнде түскен әр құжат бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет