Туребаева Ж. К. «Қоғамдық сектордағы қаржылық есеп» пәнінен дәріс жинағы


Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі



бет20/32
Дата14.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#57293
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

3.Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі.

Концессия (латын. сoncessіo – рұқсат, кеңшілік жасау, көну), 1) құқықта – табиғат байлықтарын, кәсіпорындарды және мемлекетке тиесілі басқа да шаруашылық нысандарды шет мемлекетке, шет ел фирмасынакомпаниясына, т.б. тұлғаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт. 

Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Концессия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес концедент Қазақстан Республикасы болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның атынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың концессия шарттарын жасауға олармен уәкілетті.
Концессиялық келісім шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын концессия шартын жасайтын заңды тұлға және/немесе жеке тұлға концессионер болып табылады.
Бухгалтерлік есепте концессиялық активтің дұрыс құжаттық ресімделуі және түсімі мен есепке шығарылуының тіркелімдерінде уақтылы көрсетілуі, сондай-ақ олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз еткен жөн.
Концессиялық келісім шеңберінде концессионер, концессионердің қолданыстағы не концессионер құратын, әзірлейтін, сатып алатын активі болып табылатын немесе концеденттің қолданыстағы немесе қолданыстағыны жетілдірген активі болып табылатын концессиялық активті береді.
Концедент концессионер берген және концеденттің қолданыстағыны жетілдірген активін, егер:
концедент активтің көмегімен концессионер қандай көрсетілетін қызметтерді беруге тиіс екенін, оларды ол кімге және қандай бағамен беруге тиіс екенін бақылайтын немесе реттейтін; және
концедент – меншік иесі құқығында, пайда алу мақсатында немесе өзге де негізде пайдалану құқығында – келісімнің қолданылу мерзімінің аяғында активтегі кез келген елеулі қалдық үлесін бақылайтын болса концессиялық актив ретінде тануы тиіс.
Концессиялық активті есепке алу үшін мемлекеттік мекемелерде қосалқы шоттардың белгіленген төрт мәнінен кейін нүктемен, нөмірлеуін 20-дан бастап, қосымша талдамалы ақпарат үшін екі мәнді қосымша нөмірлеуді пайдалана отырып, 2300 «Негізгі құралдар», 2400 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар», 2700 «Материалдық емес активтер» деген кіші бөлімдердің қосалқы шоттары қолданылады. Мысалы, концессия шарты бойынша берілген құрылысты 2330.20 «Құрылыстар» шотында көрсеткен жөн.
Концедент концессиялық активті бастапқы бағалауды, концеденттің қолданыстағы активі концессиялық актив ретінде қайта сыныпталған жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша жүргізуі тиіс.
Концеденттің қолданыстағы активі концессияға берілген жағдайда, концедент қолданыстағы активті концессиялық актив ретінде қайта сыныптауы тиіс.
Бастапқы тану мен қайта сыныптаудан кейін концессиялық активтер осы Ереженің 9 «Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі» деген және/немесе 12 «Материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі» деген бөлімге сәйкес негізгі құралдар және/немесе материалдық емес активтерге ұқсас есепке алынуы тиіс.
Концедент концессиялық активті таныған кезде міндеттемені таныған жөн. Конценденттің қолданыстағы активі концессиялық актив ретінде қайта сыныптаған жағдайда концедент міндеттемені танымайды.
Міндеттемені бастапқы бағалау концессиялық актив бағаланған, концедент концессионерге немесе концессионер концедентке беретін кез келген өзге сыйақының (мысалы, ақшалай қаражат) сомасына түзетілген сомаға жүргізіледі.
Танылатын міндеттеменің сипаттамасы концедент пен концессионер алмасатын сыйақының сипаттамасына байланысты болады. Концедент концессионерге беретін сыйақының сипаттамасы келісімді міндеттейтін шарттарды және тиісті жағдайларда шарттық құқықты ескере отырып, анықталады.
Концессиялық активтің орнына концедент концессионерге концессиялық актив үшін мынадай:
концессионерге төлемдерді жүзеге асыру («қаржылық міндеттеме» моделі);
өтемді концессионерге басқа тәсілдермен («концессионерге құқық беру» моделі), атап айтқанда:
концессионерге концессиялық активті сырттай пайдаланушылардан пайданы алу құқығын беру; немесе
концессионерге, оны концессионердің пайдалануы үшін кірісті генерирлейтін басқа активке рұқсат беру тәсілдерімен, олардың кез келген тіркесінде өтем төлеуі мүмкін.
Концессия шарттары бойынша міндеттемелер үшін екі модель қолданылады:
қаржылық міндеттеме моделі;
құқық беру моделі.
Қаржылық міндеттеме моделі бойынша: концеденттің құрылыс, концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жетілдіргені үшін төлемді концессионерге ақшалай қаражатпен немесе өзге қаржы активімен жүзеге асыру туралы сөзсіз міндеттемесі болған жағдайда, концедент міндеттемені қаржылық міндеттеме ретінде есепке алады.
Концедент концессионерге жүргізілетін төлемдерді бөледі және оларды экономикалық мазмұнына сәйкес міндеттеменің азаюы, концессионер берген қарыздар бойынша шығындар және көрсеткен қызметтерге ақы төлеу ретінде есепке алады.
Концессиялық келісімдер шеңберінде концессионер берген қарыздар бойынша шығындар және көрсеткен қызметтерге ақы төлеу шығыстар ретінде есепке алынуға тиіс.
Негізгі құралдарға амортизацияны есептеу 7110 «Ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
Концессия шарттары бойынша қаржылық міндеттеме моделі бойынша, амортизацияны есептеумен бір уақытта күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан түскен кірістерге осы актив жатқызылатын топтың амортизациясының нормасы бойынша есептелген сомада ұзақ мерзімді активтер сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүзеге асырылады. Бұл ретте мынадай жазба: 5011 «Бюджет қаражаты есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» кредиті жүзеге асырылады.
Құқық беру моделі бойынша: концеденттің құрылыс, концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жетілдіргені үшін төлемді концессионерге ақшалай қаражатпен немесе өзге қаржы активімен жүзеге асыру туралы сөзсіз міндеттемесі болмаған және концессионерге концессиялық активті сырттай пайдаланушылардан пайданы немесе оны концессионердің пайдалануы үшін кірісті генерирлейтін өзге активке құқығын берген жағдайда концедент міндеттемені концедент пен концессионер арасындағы актив алмасу нәтижесінде туындаған кірістің алынбаған бөлігі ретінде есепке алады.
Концедент қызмет көрсетуге арналған концессиялық келісімнің экономикалық мәніне сәйкес танылған кірісті және міндеттемені тануы тиіс. Бұл ретте мынадай жазба: 4310 «Болашақ кезеңдердің кірістері» және 6220 «Активтерді басқарудан түскен өзге кірістер» шотының кредиті жүргізіледі.
Егер концедент концессиялық активті әзірлегені, сатып алғаны немесе жақсартқаны үшін ақы төлеуді концессионерге қаржылық міндеттеме алу жолымен және ішінара концессионерге құқық беру жолымен жүзеге асырған болса, мұндай жағдайларда жиынтық міндеттеменің әрбір бөлігін жекелеп есепке алу қажет.
Концессия шарттары бойынша негізгі құралдардың амортизациясын есептеу құқық беру моделі бойынша 7110 «Ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
Концедент қызмет көрсетуге арналған концессиялық келісімге байланысты туындайтын басқа міндеттемелерді, шартты міндеттемелер мен шартты активтерді осы Ереженің 5 «Қаржылық инвестициялар мен қаржылық міндеттемелерді есепке алу тәртібі» және 18 «Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелер мен шартты активтерді анықтау» бөлімдеріне сәйкес есепке алуға тиіс.
28 «Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі» бөлімінің талаптарына ұшырамайтын шарттар жөніндегі операцияларды есепке алу осы Ереженің басқа да бөлімдеріне сәйкес шартты қатынастар талабына сүйене отырып жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет